Главная / Главные Новости / Әуедобымызда асқақтаған «Алтай» арулары chempionat-rk

Әуедобымызда асқақтаған «Алтай» арулары

28/01/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

3-тур (22-27 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен)

Өскеменде әйелдер арасындағы Ұлттық лига додасының екінші кезеңдегі үшінші туры аяқталды. Алаң иелері, былтырғы маусымдағы ел чемпионы, яғни «Алтай» арулары бұл турда бірде-бір партияда да ұтылмай, үздіктер арасындағы топта жүз пайыздық көрсеткішпен бірінші орынға ие болды. Ал екінші топта екі команда 10 ұпайдан еншілеп, «иық» тіресті – «Айқаракөз» және «Тұран». Бірақ Талдықорған командасының жеңістері көп, сондықтан жоғары тұр.

Үшінші турдағы соңғы, яғни бесінші күнгі ойындардың екеуінде үшінші және жетінші орындар сарапқа салынды. Осы тартысты ойындардың бірінде «Алматы» арулары «Ертісті» ұтып, ел чемпионатының бірініш кезеңінде өздері меншіктеген үшінші орынға қайта оралды.

Лигада жеке-дара көш бастаған «Алтай» арулары «Қарағанды» қыздарының бірінші партияда 20 ұпай еншілеулеріне мүмкіндік беріп алды. Бұл турда оларға ешбір команда осынша қарсылық көрсете алмап еді. Алайда, үшінші партияда алаң иелері құйындай орап соқты да, қарағандылықтар осы турдағы тағы бір рекордтың қаймағын бұзып, небәрі 6 ұпаймен шектелді.

Екінші топта «Айқаракөз» төртінші жеңісіне қол жеткізіп, ұпай саны бойынша «Тұранмен» теңесті. Әрі, жеңістерінің саны артық болып, Түркістан клубынан жоғары орналасты. Тура осындай жағдай «Қуаныш СК» және «Алтай-2» ұжымдары арасында да қайталанып, Қызылжар қыздары бір жеңісі артық болып, Өскемен бойжеткендерінен бір саты жоғары тұр.

Ел чемпионатының негізгі додасын қорытындылап, плей-офф сатысындағы ширек финалда кездесетін жұптарды жіктеп беретін төртінші тур 24 ақпаннан бастап, 3 наурызға дейін Түркістан қаласында өтетін болады.

Әдеттегідей, тур соңында ұйымдастырушылар әр команда сапындағы үздік ойыншыларды анықтады: Сана Анарқұлова (№2, «Алтай»), Екатерина Михайлова (№4, «Қуаныш»), Яна Петренко (№3, «Алматы»), Анастасия Ростовщикова (№11, «Қарағанды»), Мария Сырыгина (№11, «Жетісу»), Елена Малахова (№23, «Ертіс»), Ботагөз Уатаева (№9, «Айкқракөз»), Мария Данчева (№7, «Тұран»), Даяна Жүсіпова (№14, «Қуаныш СК»), Валерия Голованова (№16, «Алтай-2»), Салтанат Сапарғалиева (№17, «Ару-Астана»).

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

* 25 қаңтар демалыс күні болды

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: В.Медведев. Төрешілер: И.Қабылбекова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, М.Шамахунов, Е.Шимин.

28 ҰЛ 5к т.png

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

27 қаңтар («Тұран» дем алды)

«Ару-Астана» – «Алтай-2» – 0:3 (22-25, 16-25, 19-25)

Төрешілер: Ғұбашева, Шамахунов. Доп айырмасы: 57-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Қуаныш СК» – «Айқаракөз» – 1:3 (14-25, 25-22, 14-25, 6-25)

Төрешілер: Шимин, Саттарова, Қабылбекова. Доп айырмасы: 59-97. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Алматы» ВК – «Ертіс» – 3:0 (25-22, 25-18, 25-15)

Төрешілер: Саттарова, Қабылбекова, Шимин. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

«Жетісу» – «Қуаныш» – 0:3 (23-25, 17-25, 24-26)

Төрешілер: Шамахунов, Акулова, Шимин. Доп айырмасы: 64-76. Матч уақыты: 78 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).

«Қарағанды» ВК – «Алтай» – 0:3 (20-25, 12-25, 6-25)

Төрешілер: Акулова, Ғұбашева, Саттарова. Доп айырмасы: 38-75. Матч уақыты: 55 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

26 қаңтар («Ару-Астана» дем алды)

«Алтай-2» – «Қуаныш СК» – 2:3 (25-27, 24-26, 25-17, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Қабылбекова, Саттарова. Доп айырмасы: 112-108. Матч уақыты: 116 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

«Айқаракөз» – «Тұран» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-10, 23-25, 15-12)

Төрешілер: Саттарова, Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 112-95. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 21-25)

Төрешілер: Шамахунов, Ғұбашева, Шимин. Доп айырмасы: 61-75. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Талдықорған).

«Қуаныш» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-20, 25-20, 25-12)

Төрешілер: Ғұбашева, Акулова, Шимин. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Алтай» – «Жетісу» – 3:0 (25-9, 25-15, 25-18)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

24 қаңтар («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Ару-Астана» – 3:1 (25-16, 25-16, 22-25, 25-15)

Төрешілер: Шимин, Акулова. Доп айырмасы: 97-72. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

«Тұран» – «Алтай-2» – 3:1 (25-22, 25-19, 27-29, 25-10)

Төрешілер: Акулова, Ғұбашева, Шимин. Доп айырмасы: 102-80. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Петропавл).

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (25-16, 25-14, 25-10)

Төрешілер: Ғұбашева, Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-40. Матч уақыты: 53 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу– 3:0 (Талдықорған).

«Жетісу» – «Қарағанды» ВК – 1:3 (19-25, 29-31, 25-21, 24-26)

Төрешілер: Қабылбекова, Шамахунов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 97-103. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған).

«Алматы» ВК – «Алтай» – 0:3 (11-25, 18-25, 14-25)

Төрешілер: Саттарова, Қабылбекова, Шамахунов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

23 қаңтар («Қуаныш СК» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (20-25, 17-25, 16-25)

Төрешілер: Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Алтай-2» – «Айқаракөз» – 2:3 (25-22, 22-25, 22-25, 25-15, 7-15)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов, Шимин. Доп айырмасы: 101-102. Матч уақыты: 120 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Ертіс» – «Жетісу» – 2:3 (25-18, 16-25, 14-25, 28-26, 13-15)

Төрешілер: Саттарова, Ғұбашева, Қабылбекова. Доп айырмасы: 96-109. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Қарағанды» ВК – «Алматы» ВК – 0:3 (18-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 55-75 Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:0 (25-18, 25-15, 25-18)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова, Саттарова. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 68 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).

22 қаңтар («Алтай-2» дем алды)

«Айқаракөз» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-19)

Төрешілер: Шимин, Саттарова. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-17, 25-13, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Шимин, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған).

«Қуаныш» – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-12, 25-14, 25-19)

Төрешілер: Қабылбекова, Шамахунов, Акулова. Доп айырмасы: 75-45. Матч уақыты: 60 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Петропавл).

«Алматы» ВК – «Жетісу» – 2:3 (27-25, 25-14, 22-25, 17-25, 12-15)

Төрешілер: Акулова, Ғұбашева, Қабылбекова. Доп айырмасы: 103-104. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-16, 25-14)

Төрешілер: Ғұбашева, Қабылбекова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-44. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған).

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика