Главная / Главные Новости / «Қуаныш» клубтық Әлем чемпионынан ұтылды mezhdunarodnye-sorevnovaniya

«Қуаныш» клубтық Әлем чемпионынан ұтылды

15/12/2022

Әйелдер арасындағы клубтық XV Әлем чемпионаты

(2022 FIVB Women's Club World Championship)

(14-18 желтоқсан. Анталья, Түркия)

2022_WomensClubWorldChamps.png

14 желтоқсан. Топтық кезеӊ «ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан) – «Vakifbank Spor Kulubu» (Түркия) – 0:3 (15:25, 15:25, 17:25)

Сәрсенбі күні Түркияныӊ Анталия қаласында әйелдер арасындағы клубтық Әлем чемпионаты басталады. Аталмыш дода қарсаӊында түрік қаласында қалыӊ нөсер жауды.

Былтырғы клубтық Әлем чемпионы, яғни түріктіӊ «VakifBank» клубы биыл өз атағын қорғау мүмкіндігін клубтық Азия чемпионы, Петропавлдыӊ «Қуаныш» клубын ұтып бастады. Екінші топта Түркияныӊ халықаралық аренадағы екінші азулы клубы, яғни Стамбулдыӊ «Eczacıbaşı» командасы Бразилияныӊ «Praia Clube» ұжымын үш партияда тізе бүктірді.

Бейсенбі күні «Қуаныш» дем алады. Бұл топта додаға Еуропа Чемпиондары лигасыныӊ жеӊімпазы мен Оӊтүстік Американ чемпионы, яғни Бразилияныӊ «Minas» клубы түсетін болады. Азияныӊ клубтық чемпионы Анталиядағы өзініӊ келесі ойынын жұма күні өткізеді.

1-00.jpg

1-01.jpg

КӘЧ-2022 додасына қатысатын командалар:

«VakifBank Spor Kulubu» (Түркия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 жеӊімпазы, былтырғы (яғни қазіргі) клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионы

«Gerdau Minas» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) чемпионы

«ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Азия (AVC) чемпионы

«Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 додасыныӊ күміс жүлдегері

«Dentil Praia Clube» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) додасыныӊ күміс жүлдегері

«Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия): Ұйымдастырушы мемлекет атынан

1-02.jpg

1-04.jpg

Топтық кезеӊ (14-16 желтоқсан)

14 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «VAKIFBANK SPOR KULUBU» (Түркия)– 0:3 (15:25, 15:25, 17:25)

Төрешілер: Simic (Сербия), Fernandez Fuentes (Испания). Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 62 минут.

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия) – 3:0 (25:14, 25:15, 25:18)

15 желтоқсан

(«В») «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) – «Gerdau Minas» (Бразилия)

(«А») «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)

16 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «GERDAU MINAS» (Бразилия)

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия)

17 желтоқсан. 1/2 ФИНАЛЫ (1А – 2В, 1В – 2А)

18 желтоқсан. ФИНАЛ, Матч 3-ші орынға

1-05.jpg

1-06.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика