Главная / Главные Новости / «Қуаныш» – клубтық Әлем чемпионатында mezhdunarodnye-sorevnovaniya

«Қуаныш» – клубтық Әлем чемпионатында

13/12/2022

Әйелдер арасындағы клубтық XV Әлем чемпионаты

(2022 FIVB Women's Club World Championship)

(14-18 желтоқсан. Анталья, Түркия)

2022_WomensClubWorldChamps.png

Сәрсенбі күні Түркияныӊ Анталия қаласында клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионаты басталады. Жылдағы дәстүр бойынша бұл дода FIVB халықаралық маусымын қорытындылайды.

Қазақ волейболы тарихында үшінші рет біздіӊ командамыз бүкіләлемдік клубтық «аламан бәйгеге» қатысады. Әрі Петропавлдыӊ «Қуаныш» клубы өз тарихында алғаш рет клубтық Азия-2022 чемпионы ретінде бақ сынайды. Бұған дейін Өскеменніӊ «Алтай» командасы екі рет осындай мәртебеге қол жеткізіп, біздіӊ елдіӊ атынан сынға түскен. 2018 жылы алтайлықтарға әлемніӊ еӊ үздік клубтары бас қосатын бәйгеге қатысу үшін Уайлд-кард (Wild card) берілген болатын. Ал былтыр Өскемен қыздары да жеӊімпаз ретінде, яғни клубтық Азия-2021 чемпионы мәртебесінде әлемдік дода көрігін қыздырған.

Алты команда бес күнніӊ ішінде клубтық Әлем чемпионын анықтайды. Азия чемпионы мәртебесіндегі «Қуаныш» клубынан бөлек, Анталияда Еуропа және Оӊтүстік Америка чемпиондары «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) және «Gerdau Minas» (Бразилия) клубтары, сондай-ақ осы біріншіліктердіӊ күміс жүлдегерлері «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) және «Dentil Praia Clube» (Бразилия) ұжымдары додаға түседі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан түріктіӊ «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» командасы қосылып отыр. Бұл клубтыӊ сапында соӊғы екі Әлем чемпионатыныӊ еӊ үздік ойыншысы, серб қызы Тияна Бошкович ойнайды.

«Қуаныш» сапында ел чемпионатыныӊ бірінші турында тіркелген 13 ойыншы бар. ҚР кубогы додасы аяқталған соӊ клуб Болгариядан келген легионері Моника Крастевамен екеуара келісімді ұзартқан жоқ. Ал француз қызы Орле Маева мен екі елдіӊ (Ресей және Болгария) азаматтығы бар Лора Китипова команда сапында биыл да қалды.

Қызылжар клубы топтық кезеӊде екі құрлықтыӊ чемпиондарымен бір үштікке түсті – Оӊтүстік Америка және Еуропа лига чемпиондары жеӊімпаздарымен. Бұл ретте, «VakifBank» клубыныӊ былтырғы клубтық Әлем чемпионы ғана емес, осы додадағы еӊ әйгілі ұжым екендігін де ескерте кеткіміз келеді. Олар клубтық Әлем біріншілігінде төрт рет бас бәйгені жеӊіп алды. Жалпы, биылғы додаға қатысатын үш команда (түріктіӊ екі клубы мен италияндық «Imoko Conegliano») соӊғы жеті жылда, яғни 2015 жылдан бері (2020 жылы бұл чемпионат пандемия кесірінен өткізілмей қалған) алма-кезек топ жарып жүр. Мәселен, былтыр «VakifBank» финалда «Imoko Conegliano» қыздарын тай-брейкте ұтқан болатын. Айтпақшы, «Алтай» сонда биылғы «Қуаныш» секілді тура осы командалармен бір топқа түскен болатын. Тек қазір бұл ұжымдардыӊ атауларына клуб демеушілері де қосылған.

Барлық клубтық Әлем чемпиондары:

*4 – «Vakifbank Istanbul» Түркия (2013, 2017, 2018, 2021)

*2 – «Eczacibaşi VitrA» Түркия (2015, 2016)

*1 – «Imoko Volley Conegliano» Италия (2019), «Динамо» Қазан, Ресей (2014), «Sollys Nestlé Osasco» Бразилия (2012), «Rabita Baku» Әзербайжан (2011), «Fenerbahçe Acibadem» Түркия (2010), «Leite Moca Sao Paulo» Бразилия (1994), «Il Messagero Ravenna» Италия (1992), «Sadia Esporte Club Sao Paulo» Бразилия (1991).

*2020 - COVID-19 пандемиясына байланысты өткізілген жоқ.

КӘЧ-2022 додасына қатысатын командалар:

«VakifBank Spor Kulubu» (Түркия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 жеӊімпазы, былтырғы (яғни қазіргі) клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионы

«Gerdau Minas» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) чемпионы

«ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Азия (AVC) чемпионы

«Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 додасыныӊ күміс жүлдегері

«Dentil Praia Clube» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) додасыныӊ күміс жүлдегері

«Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия): Ұйымдастырушы мемлекет атынан

«ҚУАНЫШ» (Петропавл) клубыныӊ құрамы, КӘЧ-2022: №1. Лора Китипова (Ресей/Болгария, 19.05.1991), №2(л). Сабира Бекішева (21.02.1998), №3. Алена Колотыгина (20.03.1996), №4. Екатерина Михайлова (04.05.1998), №5. Ботагөз Есімхан (16.05.1997), №7(к). Татьяна Алдошина (23.04.1998), №9. Олеся Фелдбуш (17.01.2003), №10. Юлия Боровкова (12.03.2003), №12. Орле Маева (Франция, 08.05.1991), №17. Маргарита Бельченко (21.03.1999), №18. Анастасия Коломоец (18.04.1991), №20(л). Кристина Швидкая (03.01.2002), №27. Наталья Смирнова (29.12.1999).

Бас жаттықтырушы – Дарко ДОБРЕСКОВ (Сербия).

Куаныш.jpg

Топтық кезеӊ (14-16 желтоқсан)

14 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «VAKIFBANK SPOR KULUBU» (Түркия)

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)

15 желтоқсан

(«В») «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) – «Gerdau Minas» (Бразилия)

(«А») «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)

16 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «GERDAU MINAS» (Бразилия)

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия)

17 желтоқсан. 1/2 ФИНАЛЫ (1А – 2В, 1В – 2А)

18 желтоқсан. ФИНАЛ, Матч 3-ші орынға

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика