Главная / Главные Новости / «Қуаныш» еліміздіӊ үздік командасы атанды chempionat-rk

«Қуаныш» еліміздіӊ үздік командасы атанды

23/12/2022

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022 жыл, Талдықорған)

Бейсенбі күні Талдықорғанда, «1XBET» 2022/23 ҚР чемпионатының әйелдер арасындағы Ұлттық лигасында бірінші айналымның екінші туры одан әрі жалғасты.

Екінші ойы күні, биыл Ұлттық лига додасына алғаш қосылған Петропавлдың «Қуаныш СК» командасы осы дивизиондағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бір күн бұрын тағы бір дебютант, атап айтқанда, Түркістанның «Тұраны» да Ұлттық лигадағы алғашқы жеңісін «тойлаған». Әрі екеуі де, кезекпен «Ару-Астана» қыздарынан басым түсті. Ал елорда командасы бірінші айналымда, енді жеңіске жете алмайтын шығар. Алдағы қарсыластарының деңгейлері – жоғарылау.

Былтырғы маусымдағы ел чемпионы, яғни «Алтай» арулары жетінші рет қатарынан жеңіске жетіп, Өскемен дербиінде өздерінің екінші құрамдағы командаластарынан басым түсті. Осы турдағы қалған ойындарда «Алтай» көш соңындағы ұжымдармен кездеседі. Бұл дегеніміз, Юрий Панченконың шәкірттері биылғы жылды жеңіліссіз аяқтай алады. Бұған таң қалудың қажеті жоқ, команда ҚР чемпионаты-2021/22 додасында да бірде-бір ұтылған жоқ болатын.

Жақында ғана клубтық Әлем чемпионатына қатысып келген «Қуаныш» бүгін «Ертістен» басым түсіп, екінші орынды бір өзі иемденіп тұр. Кешқұрым Қазақ елі астанасында спорт саласында бірінші рет «Жеңімпаз рухы-2022» ұлттық спорт сыйлығын табыстау кеші өтті. Осы кеште «Спорттық ойындар түріндегі үздік команда» номинациясында дәл осы «Қуаныш» теңдессіз болып танылды. Ал Петропавл клубының директоры Қайырбек Хамзин «Үздік меценат» номинациясында жеңімпаз атанды. Команданы да, басшысын да құттықтаймыз!

«Алматы» ВК арулары бесінші рет жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілді. Бұл ұжым осы қарқынынан таймаса, бірінші айналымда үздік үштікті түйіндей алады. Олай дейтін себебіміз, «Ертіс» пен «Жетісу» ойын өрнектерін қармалаумен... әлі «асығар» емес. Жеті ойыннан кейін Павлодар және Талдықорған командаларының көрсеткіштері – бірдей. Екеуінің арасын тек коэффициент айырмасы жағынан бір доп қана бөліп тұр («Ертісте» +39, ал «Жетісуда» +38). Жұма күні екеуі өзара кездесіп, қайсысы қарымды екенін анықтайды.

Әр күнде өтетін бес ойынның төртеуі «Қазспорт» телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Ал бұл турдағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де (екінші ойын залында), 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-айналым, 3-тур (21-28 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым, 2-тур (20-27 желтоқсан 2022. Талдықорған)

1-айналым, 1-тур (16-22 қараша 2022. Петропавл). Лидер – «Алтай» (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналым, 2-тур (21-26 желтоқсан 2022 г., Талдықорған)

Талдықорған. «Жастар» СК

* Астана уақытымен

  • * 24 желтоқсан – демалыс күні

  • * TV – Ойындар «QAZSPORT» арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

  • * Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Төрешілер: Ю.Акулова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Е.Зарецкая

23 желтоқсан (жұма)

(13:00) «Тұран» – «Қуаныш СК»

(10:00, TV) «Ару-Астана» – «Алтай»

(12:30, TV) «Алтай-2» – «Қуаныш»

(15:00, TV) «Айқаракөз» – «Алматы» ВК

(17:30, TV) «Ертіс» – «Жетісу»

«Қарағанды» ВК – дем алады

23 ҰЛ Ә т.png

22 желтоқсан («Тұран» – дем алады)

«Қуаныш СК» – «Ару-Астана» – 3:0 (26:24, 25:12, 25:17)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 76-53. Матч уақыты: 70 минут.

«Алтай» – «Алтай-2» – 3:0 (25:11, 25:12, 25:16)

Төрешілер: Берденов, Қалиев. Доп айырмасы: 75-39. Матч уақыты: 65 минут.

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (28:26, 25:18, 25:9)

Төрешілер: Саттарова, Берденов. Доп айырмасы: 78-63. Матч уақыты: 72 минут.

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК– 3:0 (25:16, 25:18, 25:20)

Төрешілер: Өмірзақ, Ғұбашева. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 73 минут.

«Жетісу» – «Айқаракөз» – 3:2 (16:25, 25:22, 23:25, 25:22, 15:6)

Төрешілер: Акулова, Саттарова. Доп айырмасы: 104-100. Матч уақыты: 116 минут.

21 желтоқсан («Алматы» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (21:25, 20:25, 19:25)

Төрешілер: Саттарова, Қалиев. Доп айырмасы: 60-75. Матч уақыты: 65 минут.

«Айқаракөз» – «Қуаныш» – 1:3 (21:25, 19:25, 25:19, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 83-94. Матч уақыты: 91 минут.

«Ертіс» – «Алтай» – 0:3 (10:25, 15:25, 16:25)

Төрешілер: Берденов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 41-75. Матч уақыты: 61 минут.

«Алтай-2» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25:14, 25:21, 25:16)

Төрешілер: Ғұбашева, Берденов. Доп айырмасы: 75-51. Матч уақыты: 70 минут.

«Қарағанды» ВК – «Жетісу» – 1:3 (15:25, 15:25, 25:18, 23:25)

Төрешілер: Акулова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 78-93. Матч уақыты: 91 минут.

25 желтоқсан (жексенбі)

(13:00) «Қуаныш» – «Ару-Астана»

(10:00, TV) «Қарағанды» ВК – «Айқаракөз»

(12:30, TV) «Алматы» ВК – «Ертіс»

(15:00, TV) «Алтай» – «Тұран»

(17:30, TV) «Жетісу» – «Алтай-2»

«Қуаныш СК» – дем алады

26 желтоқсан (дүйсенбі)

(13:00) «Тұран» – «Қуаныш»

(10:00, TV) «Қуаныш СК» – «Алтай»

(12:30, TV) «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

(15:00, TV) «Алтай-2» – «Алматы» ВК

(17:30, TV) «Ару-Астана» – «Жетісу»

«Айқаракөз» – дем алады

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика