Главная / Высшая лига U-23 / Тур үздігі көшбасшыны тықсырды chempionat-rk

Тур үздігі көшбасшыны тықсырды

20/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Петропавлда өтіп жатқан бозбалалар арасындағы Жастар лигасының екінші турында – ертең бір күндік демалыс. Бүгін, яғни төртінші ойын күні алғашқы төрттіктегі командалар өзара кездесіп, турнир кестесіндегі орындарын бірер күнге нақтылап алды.

Әуелі, алаңға биылғы маусым көшбасшысы мен тур үздігі шықты. Нақтырақ айтқанда, «Тараз-2» және «Атырау-2» командалары арасындағы матчтың бірінші партиясында тараздықтар жеңіске жеткенімен, матч соңында олар ұтылып қалды. Әрі осы маусымда екінші рет есе жіберіп отыр. Алайда мұнайшылардан басым түскен әлгі партияның арқасында турнир кестесінің бірінші сатысында қалды. Өйткені, атыраулықтар оларды қуып жетіп, теңескенімен, сет айырмасында бір жеңісі артық. Бірақ мұны командалар тек екі сағаттан кейін ғана білді...

Бұлардан кейін алаңға шыққан «Буревестник-2» және «Алтай-2» командалары турнир кестесіндегі шиеленісті жағдайды білді. Егер алматылықтар жеңіске жетсе, жеке-дара көш бастар еді. Ал былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы басым түссе, дода көрігін одан әрі шиеленістіре түсірер еді. Әрі өскемендіктер көсіле сілтеп, Алатау бөктерінен келген ұжымды үш партияда тізе бүктірді. Енді, бірінші-екінші және төртінші орындағы командалар арасын тек екі ұпай бөліп тұр.

Ертеңгі демалыстан кейін, сәрсенбі күні тур көшбасшысы «Атырау-2» Алматы жастарымен кездеседі. «Буревестник-2» бірінші турдағы бір ойында ғана ұтылған болатын. Әрі осы атыраулықтарға азуы батпаған. Енді олар есе қайтара ала ма, әлде мұнайшылар Қызылжарда бәрін «қоғадай» жапыра ма? Жауабын сәрсенбі күні білетін боламыз.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

Петропавл. «Виктория» СК

* Астана уақытымен

  • * 20 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

  • * Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: И.Қабылбекова; төрешілер: Е.Целых, С.Досболов, Б.Сүйіндіков, АКөпешев; бас хатшы: К.Сергань

21 желтоқсан (сәрсенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Буревестник-2»

(15:00) «Жайық-2» – «Ұшқын-2»

(17:30) «Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК

20 Табл.png

19 ДубМ р.png

19 желтоқсан

«Тараз-2» ВК – «Атырау-2» ВК – 1:3 (25:22, 22:25, 17:25, 20:25)

Төрешілер: Целых, Досболов. Доп айырмасы: 84-97. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Атырау)

«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (21:25, 23:25, 16:25)

Төрешілер: Көпешев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 60-75. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау)

«Буревестник-2» – «Алтай-2» – 0:3 (18:25, 25:27, 22:25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Целых. Доп айырмасы: 65-77. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Атырау)

«Ұшқын-2» – «Есіл СК-2» – 0:3 (18:25, 14:25, 22:25)

Төрешілер: Досболов, Көпешев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 68 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау)

18 желтоқсан

«Алтай-2» – «Тараз-2» ВК – 1:3 (22:25, 25:19, 14:25, 19:25)

Төрешілер: Целых, Досболов. Доп айырмасы: 80-94. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау)

«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:19, 25:10, 25:9)

Төрешілер: Көпешев, Целых. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 44 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25:22, 25:16, 25:18)

Төрешілер: Сүйіндіков, Көпешев. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 3:1 (25:10, 17:25, 25:14, 25:17)

Төрешілер: Досболов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 92-66. Матч уақыты: 76 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

17 желтоқсан

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (6:25, 18:25, 12:25)

Төрешілер: Көпешев, Целых. Доп айырмасы: 36-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау)

«Жайық-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (10:25, 18:25, 17:25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Көпешев. Доп айырмасы: 45-75. Матч уақыты: 60 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау)

«Тараз-2» ВК – «Буревестник-2» – 3:2 (25:21, 20:25, 18:25, 25:23, 16:14)

Төрешілер: Целых, Досболов. Доп айырмасы: 104-108. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау)

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 0:3 (20:25, 11:25, 19:25)

Төрешілер: Досболов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 50-75. Матч уақыты: 51 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау)

16 желтоқсан

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25:7, 25:14, 25:15)

Төрешілер: Көпешев, Целых. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 51 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:0 (25:14, 25:20, 25:14)

Төрешілер: Целых, Көпешев. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25:18, 25:13, 29:27)

Төрешілер: Досболов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 79-58. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау)

«Атырау-2» ВК – «Есіл СК-2» – 3:1 (25:23, 25:22, 18:25, 25:19)

Төрешілер: Сүйіндіков, Досболов. Доп айырмасы: 93-89. Матч уақыты: 94 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Атырау)

22 желтоқсан (бейсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Тараз-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

23 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Жайық-2» – «Буревестник-2»

(15:00) «Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК

(17:30) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика