Главная / Главные Новости / Төртінші турда төртеу түгенделеді chempionat-rk

Төртінші турда төртеу түгенделеді

11/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары Жаңа жылда бірінші болып алаңға шығып, күнтізбеде бекітілген үшінші тур ойындарын өткізген. Ал енді тағы да біріншгі болып, төртінші турмен 2022/2023 жылдар маусымының негізгі бөлігін тәмамдайды. Аталған Лига клубтары Алматы мен Павлодардан кейін Атырау жанкүйерлерін қызыққа бөлеп, 13 ақпаннан бастап үздік сегіздікке ілігу үшін жан алып, жан береді.

Бір қызығы. 2022/2023 жылдар маусымындағы ойындарды өз алаңдарында өткізген клубтар биыл жүлделі орындарды сарапқа салып, плей-офф көрігін қыздыратын болады. Бұл ретте, олардың екеуі плей-офф сатысының жартылай финалында бақ сынау құқығына мерзімінен бұрын қол жеткізіп те қойған. Олар – соңғы турды өз алаңында өткізетін былтырғы ел чемпионы, яғни «Атырау» ВК және оның басты бәсекелесі Алматының «Буревестник» командасы. Үшінші орында тұрған «Павлодар» ВК клубына олардың қатарына қосылу үшін ресми түрде бір-екі жеңіске жету ғана қалды. Ал жүлделі орындарды сарапқа салатын төртінші ұжым әлі белгісіз, әрі оған таласатын командалар арасындағы бәсеке көрігі енді қыза түседі.

Павлодарда өткен ойындар нәтижесі жартылай финалда бақ сынауға құқық беретін төртінші жолдамадан үміткер командалар сапын айқындап берді. Үш команда, атап айтқанда, «Ұшқын», «Тараз» және «Есіл СК» бір-бірімен «үзеңгі» қағыстырып келеді. Мүмкіндіктері бірдей, араларын бір ұпай ғана бөліп тұр. Қай ұжым чемпионатты төртінші орынмен түйіндейді, ол тек Атырауда анықталады. Бұл ретте, ойындар күнтізбесінің құрастырылуына сәйкес, бұл мәселенің түйіні төртінші турдың басында-ақ, әрі кетсе, бірінші демалыс күніне дейін шешілуі керек. Көкше клубы дүйсенбіде «Тараз» тарландарымен, ал сейсенбіде «Есіл СК» ерлерімен додаға түседі. Ал сәрсенбі күні тараздықтар қызылжарлықтармен кездеседі. Міне, осы үш ойын олардың одан арғы жаңа жоспарларын анықтап береді.

Сондай-ақ, сейсенбі күні алаң иелерінің «Буревестник» баһадүрлерімен кездесетінін ұмытпайық. Бәлкім, бұл ойын плей-офф финалы алдындакғы соңғы репетиция шығар? Қысқасы, бұл тур өте қызықты және тартысты ойындарға толы болуы керек.

4-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

09 ҰЛЕ К тк.png

Үш турдыӊ нәтижелері

09 ҰЛЕ он К.png

13 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Жайық»

(12:30) «Павлодар» ВК – «Есіл СК»

(15:00) «Ұшқын» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

14 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Есіл СК» – «Ұшқын»

(12:30) «Алтай» – «Тараз» ВК

(15:00) «Жайық» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Буревестник»

15 ақпан (сәрсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Жайық»

(12:30) «Буревестник» – «Алтай»

(15:00) «Тараз» ВК – «Есіл СК»

(17:30) «Павлодар» ВК – «Атырау» ВК

17 ақпан (жұма)

(10:00) «Алтай» – «Есіл СК»

(12:30) «Жайық» – «Тараз» ВК

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

18 ақпан (сенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Алтай»

(12:30) «Ұшқын» – «Буревестник»

(15:00) «Есіл СК» – «Жайық»

(17:30) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

20 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(12:30) «Алтай» – «Жайық»

(15:00) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

(17:30) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика