Главная / Главные Новости / Төртінші тур бір күн бұрын түйінделді chempionat-rk

Төртінші тур бір күн бұрын түйінделді

21/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Ерлер арасындағы Ұлттық лига додасының Атырауда өтіп жатқан, төртінші турының аяқталуына бір күн қалғанда, барлық мәселе түгедей дерлік шешіліп, тек біреуі ғана соңғы ойын күнінің еншісіне қалды.

Дүйсенбі күні, таңертең өткен бірінші матча «Буревестник» пен «Тараз» ВК кездесіп, тур көшбасшысы Атырауда алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті. Осы ойынның нәтижесінен кейін, кіл мықтылар лигасында бақ сынап жатқан алты команданың ел чемпионатының негізгі додасында қай орындарға ие болатындары белгілі болды.

Былтыр клубтық Азия чемпионатына қатысқан және 2021/2022 жылдар маусымының негізгі додасында топ жарған ұжым, биыл, соңғы 12 ойында 11 рет жеңіске жетіп, алдағы плей-офф сатысы қарсаңындағы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты. Сөйтіп, 31 наурыз күні, бірінші жартылай финалдық жұпта соңғы екі маусымдағы ел чемпионатының негізгі додасында үздік шыққан жеңімпаздар кездесетін болды – «Атырау» ВК мен «Тараз» ВК.

Еліміздің өткен маусымдағы чемпионы, осы турдағы алаң иесі алматылықтар ұтылып қалған соң де-факто жүзінде 2022/23 жылдар маусымындағы негізгі доданың жеңімпазы атанды. Ал тараздықтар ел чемпионатының төртінші турында, бір күн бұрын жеңімпаз болып, қорытынды кестеде төрттікті түйіндеді.

1-4 орындар сарапқа салынатын доданың екінші жартылай финалдық жұбында «Буревестник» пен «Павлодар» ВК додаға түседі. Плей-офф додасын өз алаңында өткізетін керекуліктер бүгін «Ұшқын» жігіттерінен ұтылып қалды. Бірақ Көкше клубына бұл жеңіс те «Таразды» қуып жетуге жетпеді.

Аутсайдерлер арасындағы матч болғанымен, «Жайық» пен «Алтай» арасындағы, дүйсенбі күнгі екінші матчтың да маңызы зор болды. Бұған дейін екеуі де алты рет жеңіске жеткен болатын. Сондықтан екеуара матчтан соң біреуінің жеңісі артық болып, алға озар еді. Тартысты өткен бұл ойында оралдықтар тай-брейкте жеңіске жетіп, басты бәсекелесінен бір ұпай айырмасымен жоғары орналастиы. Ал ертең олар ел чемпионымен кездеседі.

Егер, сейсенбі күні Өскемен клубы «Ұшқынды» ұта алмаса, онда 5-8 орындар сарапқа салынатын доданың алғашқы кезеңінде тур осы екеуі өзара кездеседі. Онда «Есіл СК» ерлері «Жайықпен» додаға түсетін болады. Ал егер, «Алтай» «Ұшқыннан» басым түссе, онда бұл төрттіктегі жұптар «Атырау» ВК – «Жайық» арасындағы матчтың не байланысты түзіледі.

Сейсенбі күнгі, яғни 4-турдағы соңғы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 06 сәуір 2023 ж., Павлодар)

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

Бас хатшы: Б.Нұрсұлтанов

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

21 02 ҰЛЕ тк.png

21 02 ҰЛЕ 4тк.png

20 ақпан

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-16, 11-25, 16-25, 27-29)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 79-95. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Жайық» – 2:3 (18-25, 25-22, 25-21, 17-25, 11-15)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 96-108. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (21-25, 25-27, 25-20, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 91-97. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 0:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:0 (25-22, 25-20, 25-17)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 84 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

18 ақпан

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 1:3 (17-25, 25-23, 22-25, 19-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 83-98. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21-25, 27-29, 16-25)

Төрешілер: Акулова, Қалиев. Доп айырмасы: 64-79. Матч уақыты: 78 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Жайық» – 1:3 (19-25, 20-25, 25-19, 21-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Ахметов. Доп айырмасы: 85-94. Матч уақыты: 110 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:1 (25-20, 25-19, 25-27, 25-22)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 100-88. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 1:3 (Павлодар).

17 ақпан

«Алтай» – «Есіл СК» – 2:3 (25-20, 21-25, 17-25, 25-22, 11-15)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 0:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Жайық» – «Тараз» ВК – 1:3 (19-25, 25-19, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Қалиев, Акулова. Доп айырмасы: 81-94. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 0:3 (28-30, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-80. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 1:3 (25-21, 17-25, 21-25, 19-25)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 82-96. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

15 ақпан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Алтай» – 3:1 (23-25, 26-24, 25-18, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (25-22, 25-14, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 0:3 (21-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 89-97. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

Төрешілер: Ахметов, Қалиев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-103. Матч уақыты: 133 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

Төрешілер: Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 113-108. Матч уақыты: 140 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика