Главная / Главные Новости / Төрт ұжымның тағдыры – екі «Алтайдың» қолында chempionat-rk

Төрт ұжымның тағдыры – екі «Алтайдың» қолында

02/03/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Әйелдер арасындағы Ұлттық лига арулары көктемнің бірінші күнін өзгеше қызбалықпен қарсы алды. Түркістанда өтіп жатқан төртінші турдың бір күнгі демалысынан кейінгі, төртінші күнгі ойындары, плей-офф доджасының ширек финалында бақ сынайтын төрттікті анықтап берді. Ал осы командалар жұбы ертең, соңғы күнгі ойындарда анықталады.

Таңертеңгі бірінші ойын де-факто жүзіндегі ел чемпионатының биылғы маусымдағы жеңімпазын анықтап берді. Негізі, бұл ұжымның биыл топ жарарына ешкім де күмән келтірмеген еді. Былтырғы маусымдағы ел чемпионы, яғни «Алтай» арулары 19 рет қатарынан жеңіске жетіп, биылғы ел чемпионатының негізгі бөлігінде де үздік шықты. Енді тек чемпиондық атағын плей-офф додасында қорғап ғана қалды.

Өскемен клубын бірінші болып, Қарағанды қыздары «құттықтады». Сый-сияпат тарту етпесе де, ойын барысында таңдандырып отырды. Екінші сетте Нұрлан Садықовтың шәкірттері ел чемпионы есіне осының алдында, Өскеменде өткен турдағы екеуара матчтың үшінші партиясын түсірді. Сол сеттегі әупіріммен еншілеген алты ұпайларының есесін еселеп қайтаруға тырысып, отыз ұпаймен тоқталды. Өкінішке қарай, бір партиядағы жеңіске ұпай берілмейді, әрине. Бірақ өздерінің көңіл-күйлерін бір көтеріп тастады.

Бұдан кейінгі матчта «Жетісу» клубы «Ертіс» қыздарын ұтып, «Алматы» ВК аруларының жағдайлыраны тым қиындатып жіберді. Енді алматылықтарға қалай да, клубтық Азия чемпионынан ұпай алу қажет еді. Әрі олар бұл мақсаттарына жетті де. Юлия Толкушинаның шәкірттері матч басында «Қуанышты» біраз «әлдилеп», ақыры өздеріне ауадай қажет ұпайлардың екеуін қанағат тұтты.

Әрине, бұл жерде қайсыбір командалардың өздеріне жартылай финалдық қарсылас таңдап, «тазы» болып шалуға тырысуы әбден мүмкін. Әлбетте, мұндай «таңдаудың» арты жақсылыққа апармай, бумеранг іспетті, өзіне айналып тиетіні бар. Сол секілді, Дарко Добресков пен К артынан бармақтарын шайнап жүрмесе болғаны. Ал біз кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс болғанын тек осы айдың аяғында ғана білеміз.

Енді, «А» тобында шешілмеген бір ғана мәселе қалды. Қай команда үшінші орынға ие болады – «Жетісу» ма, әлде «Алматы» ВК? Сол секілді, екінші «Б» тобында да бір орыннан екі ұжым үміттерін әлі үзбей келеді. «Тұран» жетінші орынды сақтап қала ма, әлде «Айқаракөз» оны ығыстыра ма? Ал ең қызығы, осы төрт команданың тағдыры – екі «Алтайдың» қолында.

«Алматы» арулары «Қуаныш» қыздарын ұтқанда, «Жетісу» клубына неге «Алтайды» жеңіп кетпеске? Әрі бұл ойынның ел чемпионына ешқандай әсері де, маңызы да жоқ. Ал «Алтай-2» сәрсенбі күні «Айқаракөзден» ұтылып, ел чемпионатын 9-орынмен аяқтады. Енді оларға да соңғы ойынның нәтижесі титтей де әсер етпейді. Сондықтан, олар да «қолды бір сілтеп», алаң иелерінен ұтылса салса, несі бар? Сөйтіп,7-8 орындар үшін жанталасып жатқан командалар бәсекесінде «аралық сот» ретінде әрекет етсе ше?

Сонымен, барлық мәселенің түйіні бейсенбі күнгі матчтарда шешіледі. Бәрі де өз орындарын табады. Ал әзірше төрт клуб, атап айтқанда, «Алтай», Қуаныш», «Қарағанды» ВК және «Ертіс» қыздары ширек финалдағы қарсыластары қай команда боларын білмей, күтіп отыр. Ал үш ұжым, яғни «Алтай-2», «Қуаныш СК» және «Ару-Астана» қыздары үшін соңғы күнгі ойындардың нәтижелері олардың турнир кестесіндегі жағдайларына енді ешқандай өзгеріс енгізбейді.

Төртінші турдың және ел чемпионатының негізгі бөлігінің соңғы күнгі ойындары сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де («Балуан Шолақ» с/к), 15:00-де және 17:30-да басталады.

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==================================================

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

4-тур, 2-кезең (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістан, «Olympic centr» және «Балуан Шолақ» с/к

* Астана уақытымен

* 28 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында көрсетіледі (сағат 13:00-де басталып, «Балуан Шолақ» с/к өтетін матчтардан басқасы).

Төрешілер: А.Ғұбашева, Н.Өмірзақ, О.Саттарова, Қ.Айдарбеков, С.Берденов, Д.Шүшбаев.

Бас қазы: А.Кувшинов.

Бас хатшы: Д.Баетов

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

02 наурыз (бейсенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Айқаракөз»

(10:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Қуаныш»

(12:30, «А») «Жетісу» – «Алтай»

(15:00, «Б») «Алтай-2» – «Тұран»

(17:30, «А») «Алматы» ВК– «Ертіс»

«Қуаныш СК» – дем алады

2 3 ҰЛӘ тк.png

01 наурыз («Ару-Астана» дем алды)

«Айқаракөз» – «Алтай-2» – 3:1 (21-25, 25-15, 25-13, 25-21)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 96-74. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Қарағанды» ВК – 3:1 (25-14, 28-30, 25-18, 25-16)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 103-78. Матч уақыты: 91 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Ертіс» – «Жетісу» – 0:3 (14-25, 17-25, 22-25)

Төрешілер: Саттарова, Ғұбашева. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 2:3 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Алматы» ВК – 2:3 (25-19, 17-25, 19-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Өмірзақ, Шүшбаев. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 104 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-18, 25-17, 25-12)

Төрешілер: Ғұбашева, Саттарова. Доп айырмасы: 75-47. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

27 ақпан («Тұран» дем алды)

«Алтай-2» – «Ару-Астана» – 3:0 (28-26, 25-20, 25-11)

Төрешілер: Айдарбеков, Саттарова. Доп айырмасы: 78-57. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш СК» – «Айқаракөз» – 0:3 (16-25, 20-25, 20-25)

Төрешілер: Саттарова, Айдарбеков. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (25-12, 25-9, 25-18)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-39. Матч уақыты: 52 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қарағанды» ВК – «Жетісу» – 1:3 (19-25, 25-18, 17-25, 14-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Ғұбашева. Доп айырмасы: 75-93. Матч уақыты: 90 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 3:1 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Алтай» – 0:3 (17-25, 20-25, 11-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Берденов. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

26 ақпан («Алтай-2» дем алды)

«Ару-Астана» – «Қуаныш СК» – 3:2 (25-17, 21-25, 18-25, 25-16, 16-14)

Төрешілер: Шүшбаев, Айдарбеков. Доп айырмасы: 105-97. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 1:3 (Өскемен).

«Жетісу» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-22, 25-20, 25-22)

Төрешілер: Саттарова, Берденов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 83 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:1 (23-25, 25-18, 25-16, 25-10)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 98-69. Матч уақыты: 98 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Айқаракөз» – «Тұран» – 0:3 (17-25, 19-25, 12-25)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:2 (Өскемен).

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 2:3 (22-25, 15-25, 25-21, 25-20, 11-15)

Төрешілер: Берденов, Ғұбашева. Доп айырмасы: 98-106. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 0:3 (Өскемен).

25 ақпан («Айқаракөз» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Алтай-2» – 1:3 (16-25, 25-20, 18-25, 17-25)

Төрешілер: Берденов, Айдарбеков. Доп айырмасы: 76-95. Матч уақыты: 88 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:2 (Өскемен).

«Алтай» – «Ертіс» – 3:0 (25-14, 25-12, 25-12)

Төрешілер: Айдарбеков, Берденов. Доп айырмасы: 75-38. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-19, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Ғұбашева, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 75 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

«Қуаныш» – «Жетісу» – 3:0 (25-20, 25-20, 25-19)

Төрешілер: Өмірзақ, Саттарова. Доп айырмасы: 75-59. Матч уақыты: 72 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Тұран» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-13, 25-7, 25-16)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-36. Матч уақыты: 57 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Өскемен).

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика