Главная / Главные Новости / Түркістанда ширек финалдық жұптар түзіледі chempionat-rk

Түркістанда ширек финалдық жұптар түзіледі

23/02/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Жексенбі күні, 25 ақпанда, Түркістанда әйелдер арасындағы Ұлттық лига клубтары ҚР чемпионатының негізгі додасындағы төртінші турды бастайды. Бұл – негізі, 2022/23 маусымындағы екінші кезең. Жыл басында Лигадағы командаларды екі топқа жіктеп, олар доп додасын тыңнан (нөльден) бастап, 2-кезеңдегі ойындарды қаңтар айында Өскеменде бастаған.

Енді Түркістан қаласында төртінші тур қорытындыланып, плей-офф сатысында 1-8 орындарды сарапқа салатын ширек финалдық жұптар мен 9-11 орындар үшін додаға түсетін ұжымдар анықталады. Бұл ретте, «А» тобындағы командалардың бәрі де плей-офф додасында бақ сынайтынды да, екінші топтан тек екі команда ғана ширек финалға шыға алады.

Әзірше, мұндай мүмкіндікке қызығушылық танытып отырған «Айқаракөз» бен «Тұран» ғана секілді. Әрі аталған екі ұжым қызу бәсекеге түсіп, плей-оффтың алғашқы сатысында азулы командаға тап болмауға тырысып жүр. Әйтеуір, осы екеуінің бірі ширек финал додасын былтырғы ел чемпионы және биылғы көшбасшы «Алтай» аруларымен, ал екіншісі клубтық Азия чемпионы «Қуаныш» қыздарымен бастайтын секілді. Ықтималдығы басым.

Соңғы турда көш басындағы Өскемен және Петропавл клубтары турнир кестесіндегі дәл қазіргі орындарынан айырылып қалады деп, болжаудың өзі де артық секілді. Олар өзге ұжымдардан қара үзіп, ұзап кеткен. Айтпақшы, аталған қос ұжым осы турда кездесіп, биылғы маусымда екеуара төртінші матчтарын өткізеді. Ойындар күнтізбесі бойынша бұл кездесу жексенбі күні өтеді.

Есесіне, 3-5 орындардан дәмелі командалар арасындағы бәсеке көрігі әлі басылған жоқ. Алматы, Қарағанды және «Жетісу» қыздары плей-офф додасын әрқайсы өзіне ұтымды жолмен жалғастыру үшін, ішкі есептеріне жүгініп, бәрін де өзара кездесулерде нақтылап алуға тырысатын болады.

Жалпы, Түркістан – 2022/23 маусымындағы ел чемпионаты матчтарын өз төрінде өткізетін 10-ыншы қала. Бұл тур 2 наурызға дейін созылады. Ал күндегі матчтар сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де («Балуан Шолақ» с/к), 15:00-де және 17:30-да басталады. Осы ойындарды «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирде таратуды жоспарлап отыр.

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

==================================================

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

==================================================

4-тур, 2-кезең (25 ақпан – 02 наурыз 2023 жыл, Түркістан)

Түркістан, «Olympic centr» және «Балуан Шолақ» с/к

* Астана уақытымен

* 28 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында көрсетіледі (сағат 13:00-де басталып, «Балуан Шолақ» с/к өтетін матчтардан басқасы).

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

22 02 ҰЛӘ тк.png

22 02 ҰЛӘ он.png

25 ақпан (сенбі)

(13:00, «Б») «Қуаныш СК» – «Алтай-2»

(10:00, «А») «Алтай» – «Ертіс»

(12:30, «А») ВК «Алматы» – «Қарағанды» ВК

(15:00, «А») «Қуаныш» – «Жетісу»

(17:30, «Б») «Тұран» – «Ару-Астана»

«Айқаракөз» – дем алады

26 ақпан (жексенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Қуаныш СК»

(10:00, «А») «Жетісу» – «Алматы» ВК

(12:30, «А») «Алтай» – «Қуаныш»

(15:00, «Б») «Айқаракөз» – «Тұран»

(17:30, «А») «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

«Алтай-2» – дем алады

27 ақпан (дүйсенбі)

(13:00, «Б») «Алтай-2» – «Ару-Астана»

(10:00, «Б») «Қуаныш СК» – «Айқаракөз»

(12:30, «А») «Қуаныш» – «Ертіс»

(15:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Жетісу»

(17:30, «А») «Алматы» ВК – «Алтай»

«Тұран» – дем алады

01 наурыз (сәрсенбі)

(13:00, «Б») «Айқаракөз» – «Алтай-2»

(10:00, «А») «Алтай» – «Қарағанды» ВК

(12:30, «А») «Ертіс» – «Жетісу»

(15:00, «А») «Қуаныш» – «Алматы» ВК

(17:30, «Б») «Тұран» – «Қуаныш СК»

«Ару-Астана» – дем алады

02 наурыз (бейсенбі)

(13:00, «Б») «Ару-Астана» – «Айқаракөз»

(10:00, «А») «Қарағанды» ВК – «Қуаныш»

(12:30, «А») «Жетісу» – «Алтай»

(15:00, «Б») «Алтай-2» – «Тұран»

(17:30, «А») «Алматы» ВК– «Ертіс»

«Қуаныш СК» – дем алады

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика