Главная / Высшая лига / «Тұран» – Жоғарғы лига жеңімпазы chempionat-rk

«Тұран» – Жоғарғы лига жеңімпазы

27/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

5-тур (21 – 26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «ТҰРАН» (Түркістан), 2. «Жетісу-Жастар» (Талдықорған), 3. «Шымкент-Динамо» ВК, 4. «Қайсар» (Қызылорда), 5.«Әлихан-Ақтөбе» ВК, 6. «Маңғыстау» (Ақтау).

Сәрсенбі күні, 26-сәуірде, киелі Түркістан шаһарында 2022/23 жылдар маусымындағы ҚР чемпионаты көмбесіне жетті. Ел біріншілігіндегі алты дивизионның ішінде ең соңғы болып, ерлер арасындағы Жоғарғы лига додасы аяқталды. Өз алаңында өткен соңғы турда Түркістанның «Тұран» клубы топ жарып, биылғы маусымның жеңімпазы атанды.

Жоғарғы лигадағы бәсеке көрігі соңғы ойын күніне дейін «жетпей», бір күндік демалыстан кейін, яғни дүйсенбідегі матчтардан соң шешілді. Осы турдағы төртінші ойын күні өткен ойындар нәтижесі биылғы ел біріншілігін толықтай қорытындылап берді.

Осы лиганың 2021/22 жылдар маусымындағы жеңімпазы, яғни «Шымкент-Динамо» ВК жігіттері жексенбі күнгі, екеуара матчта «Тұран» тарландарына есе жіберіп алып, көршілеріне «жол беріп» қойған болатын. Түркістан командасының Лига жеңімпазы атану үшін бір ұпай ғана қажет болған. Соны да, өздері емес, шымкенттік көршілері жүзеге асырып «берді».

Таратып айтқанда, дүйсенбі күні «Жетісу-Жастар» командасымен өткен матчтың бастапқы екі партиясында Шымкент жігіттері басым түті. «Тұранға» чемпион болу үшін осы да жеткілікті еді. Өйткені, Талдықорған командасына енді бірінші орынға шығу үшін қалған екі матчта да таза жеңіске жету керек болатын. Әрі, «Тұран» соңғы екі матчында ұтылуы қажет еді.

Алайда, жетісулықтар «Шымкент-Динамо» ВК жігіттерімен өткен матчың басында ұтылып қалды. Бұдан кейін таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алғанымен, тек күміс жүлдені қанағат тұтты. Егер «Жетісу-Жастар» командасы осы ойында еңсе тіктей алмай, ұтылып қалса, онда күмістен де айырылып қалулары ғажап емес еді. Бірақ оған олар жол берген жоқ. Ал шымкенттіктер қола жүлдені көңілдеріне медеу тұтты. Осылай, бір матч бәрін шешіп берді.

Ал алаң иелері болса, бұдан кейінгі матчта, алаңға маусым жеңімпазы мәртебесінде шығып, «қуаныш құшағында» Қызылорда қырандарынан ұтылып қалды. Сөйтіп, «Қайсар» өкшесін басқан «Әлихан-Ақтөбе» ВК жігіттері енді қуып жете алмастай болып, алға озды да, өз мақсатына тура осы дүйсенбі күні жетті.

Соңғы ойын күні бұл дивизионда да, бойжеткендер және бозбалалаер арасындағы Жастар лигаларында болған жағдай жүзеге асуы мүмкін болды. Яғни чемпионатты екі команда бірдей ұпай қорымен аяқтаулары мүмкін еді. Алайда Нариман Сүлейменов жаттықтыратын түркістандықтар жағдайды бұлай ушықтырмай, Ақтөбе жігіттерін ұтып, ел біріншілігін жеке-дара көшбасшы мәртебесінде тәмамдады.

Біз тек Түркістан командасын ел біріншілігіндегі жеңістерімен құттықтаймыз. Негізі, бұл – жай ғана жеңімпаздық жетістік емес, келесі маусымда Ұлттық лигада бақ сынауға құқық беретін жолдама да. Ал 2023/24 жылдар маусымында «Тұран» Ұлттық лигада ойнай ма, жоқ па, оны тек уақыт көрсетеді.

================================================

Ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың барлық жеңімпаздары:

1* = «ТҰРАН» Түркістан (2022/23);

3* = «Шымкент-Динамо» ВК / «Динамо-Қазығұрт» Шымкент (2017/18, 2018/19, 2021/22);

1* = «Ақтөбе» ВК (2020/21).

1* = «Ұшқын» (Көкшетау) (2019/20);

*2016/17 жылдар маусымына дейін Жоғарғы «А» және «В» Лигалары бөлып бөлінген

================================================

«Тұран» (Түркістан) – 2022/23 жылдардағы ҚР чемпионаты жеңімпазы: №1(к). Бибархан Шарапов (08.03.1995), №2. Ақберген Жүнісбек (01.10.1993), №5. Денис Кучеров (03.01.1996), №7(л). Бердияр Данияров (13.11.1994), №10. Асқар Ибрагимов (09.07.1992), №11. Дәурен Шақарманов (07.03.1998), №12. Болат Ділдәхан (03.04.1996), №13. Асқар Құлымбетов (01.01.1994), №14. Самат Сүлейменов (01.04.1995), №15. Әділет Әлімбек (18.06.1997), №16. Олег Веригин (06.11.1992), №17. Рахмет Әмір (03.08.1996), №18. Виктор Фельгер (03.12.1991), №33. Қуаныш Қойтаев (15.08.1990). Ұлан Бөлекбай (27.03.1997), Ербол Анарбай (28.04.2003).

Бас бапкер – Нариман СҮЛЕЙМЕНОВ (3-турдан бастап), Владимир ДЕРЕВЯНКО (1-2 турларда).

Туран.png

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан). Жеңімпаз және чемпион – «Тұран»

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау). Жеңімпаздар – «Тұран» және «Жетісу-Жастар»

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Түркістан. «Olimpic Centre» СК

* 24 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Кувшинов; Төрешілер: О.Саттарова, М.Шамахунов, Д.Шүшбаев

27 04 ЖЛЕ Бітті.png

26 сәуір

«Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау» – 3:0 (26-24, 25-23, 25-10)

Төрешілер: Шүшбаев, Шамахунов. Доп айырмасы: 76-57. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 3:0 (Астана), 3:0 (Ақтау).

«Қайсар» – «Жетісу-Жастар» – 1:3 (27-25, 18-25, 22-25, 16-25)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 83-100. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 0:3 (Астана), 1:3 (Ақтау).

«Әлихан-Ақтөбе» – «Тұран» – 0:3 (19-25, 23-25, 13-25)

Төрешілер: Шамахунов, Саттарова. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 0:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

25 сәуір

«Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» – 1:3 (23-25, 20-25, 25-20, 19-25)

Төрешілер: Шамахунов, Саттарова. Доп айырмасы: 87-95. Матч уақыты: 100 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 2:3 (Қызылорда), 0:3 (Астана), 3:2 (Ақтау).

«Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 3:2 (19-25, 25-27, 25-19, 25-21, 17-15)

Төрешілер: Шүшбаев, Шамахунов. Доп айырмасы: 111-107. Матч уақыты: 142 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 2:3 (Астана), 2:3 (Ақтау).

«Тұран» – «Қайсар» – 1:3 (18-25, 25-21, 16-25, 24-26)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 83-97. Матч уақыты: 96 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 1:3 (Ақтау).

23 сәуір

«Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 2:3 (25-27, 25-21, 20-25, 27-25, 14-16)

Төрешілер: Шамахунов, Саттарова. Доп айырмасы: 111-114. Матч уақыты: 131 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 1:3 (Ақтау).

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25-22, 25-21, 25-22)

Төрешілер: Шүшбаев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-65. Матч уақыты: 78 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 3:0 (Ақтау).

«Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран» – 1:3 (37-35, 19-25, 19-25, 21-25)

Төрешілер: Саттарова, Шүшбаев. Доп айырмасы: 96-110. Матч уақыты: 122 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 0:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

22 сәуір

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 2:3 (19-25, 25-27, 25-20, 25-20, 9-15)

Төрешілер: Шамахунов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 103-107. Матч уақыты: 124 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 1:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (25-22, 19-25, 25-21, 18-25, 4-15)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 91-108. Матч уақыты: 118 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда), 2:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

«Тұран» – «Жетісу-Жастар» – 3:1 (23-25, 25-17, 25-22, 29-27)

Төрешілер: Шүшбаев, Саттарова. Доп айырмасы: 102-91. Матч уақыты: 119 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 3:2 (Ақтау).

21 сәуір

«Шымкент-Динамо» ВК – «Қайсар» – 3:0 (25-19, 25-16, 25-18)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 2:3 (Ақтау).

«Жетісу-Жастар» – «Әлихан-Ақтөбе» – 0:3 (23-25, 23-25, 16-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Саттарова. Доп айырмасы: 62-75. Матч уақыты: 75 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 3:0 (Ақтау).

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:1 (22-25, 25-15, 25-17, 25-20)

Төрешілер: Шамахунов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 96 минут. ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:2 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 3:0 (Ақтау).

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика