Главная / Высшая лига U-23 / «Тұран» мен «Айқаракөз» қыздарының қызу бәсекесі chempionat-rk

«Тұран» мен «Айқаракөз» қыздарының қызу бәсекесі

17/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

3-тур (12-17 ақпан 2022, Өскемен)

Ел чемпионатының Жастар арасындағы Жоғарғы дивизионда бақ сынайтын, Ұлттық лигадағы командалардыӊ қосалқы құрамдары үшінші турды тәмамдауға айналды. Бейсенбі күні, Өскеменде өтіп жатқан, бойжеткендер арасындағы осы турдың төртінші күнгі ойындары жанкүйерлерді қызыққа бөледі.

«Алтай-4» арулары он үшінші жеңісіне қол жеткізіп, қайтадан бірінші орынға жайғасты. Бұған дейін, бірнеше күн бойы көш басында олардың, өздерінің клубтық жүйесіндегі әріптес-құрбылары, яғни осы турдың шартты қожайыны «Алтай-3» арулары ойқастаған болатын.

Көшбасшының өз орнына қайта оралуы әу бастан белгілі болса, «Тұран» мен «Айқаракөздің» фарм-клубтары арасындағы қызу бәсекеде қайсының бағы жанары мүлде белгісіз еді. Дөп басып, кесіп айту мүмкін болмады. Бұл екі ұжым алтыншы орынға таласып, соңғы ойын күніне дейін «иық тіресіп» келді. Өскеменде өткен турдың үшінші ойын күні екеуінің ұпайлары теңесіп, бірдей болған еді.

Реті келгенде айта кетейік, Жаңа жылдан бері «Айқаракөз» бен «Тұран» арулары арасындағы бәсеке маусым «трендіне» айналды. Ұлттық лигада осы екі клубтың негізгі құрамдары плей-офф сатысының ширек финалында «осалдау» қарсыласпен кездесу үшін 7-орынға таласып жүр. Ұпайлары бірдей болғанымен, араларын тек жеңістерінің саны ғана бөліп тұр.

Ал фарм-клубтар арасындағы додада екеуі алтыншы орынға таласып, бірін-бірі алма-кезек ығыстырып келеді. Үздік алтылыққа енген команда бесінші турда, яғни плей-офф сатысында бақ сынау құқығына ие болады. Сондықтан «Айқаракөз-2» және «Тұран-2» қыздары арасындағы бәсеке көрігі өте жоғары болды.

Сонымен, бейсенбіде ысқырығы безілдеген, «Айқаракөз-2» және «Тұран-2» арулары арасындағы матч өте тартысты болды. Әрі дәл осы күнгі матчтардың ішінде ең ұзаққа созылғаны болып шықты. Түркістан қыздары бірінші айналымда Петропавлда жіберген еселерін қайтарып, Өскеменде жеңіске жетті. Әрі басты бәсекелесінен үш ұпай алға озды.

Жұма күні «Тұран-2» қыздары өзінен бір ұпайы артық «Ертіс-2» командасымен ойнайды. Ал «Айқаракөз-2» арулары «Қуаныш СК-2» ұжымымен кездеседі. Қызылжарлықтар бүгін «Қарағанды» клубының қосалқы құрамын ұтып, 8-9 орындар үшін таласуға әзір екендіктерін көрсетті. Қысқасы, ертеңгі ойындар да тартысты болуы керек.

Үшінші турдың соңғы күнгі ойындары сағат 9:30-да, 11:30-да, 13:30-да, 15:30-да және 17:30-да басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

2-тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен). Көшбасшы – «Алтай-4»

1-тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Көшбасшы – «Алтай-4»

=================================================

3-тур, 2-айналым (12-17 ақпан 2023, Өскемен)

Өскемен. ДШСК

* Астана уақытымен

* 15 ақпан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

Бас қазы: Н.Өмірзақ; Төрешілер: Н.Шәменов, А.Сейдехан, Б.Ахадьянов, Н.Мұқажанов, А.Кирьянов; Бас хатшы: Д.Измайлов.

17 ақпан (жұма)

(09:30) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2»

(11:30) «Қарағанды-2» ВК – «Алтай-4»

(13:30) «Ертіс-2» – «Тұран-2»

(15:30) «Алматы-2» ВК – «Қуаныш-2»

(17:30) «Алтай-3» – «Ару-Астана-2»

«Жетісу-2» – дем алады

02 17 БЛҚ 4ктк.png

02 17 ЖЛӘ ІІІттк.png

16 ақпан («Алтай-3» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-20, 25-14)

Төрешілер: Мұқажанов, Шәменов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 62 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Ару-Астана-2» – «Ертіс-2» – 1:3 (9-25, 21-25, 25-15, 23-25)

Төрешілер: Кирьянов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 78-90. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Тұран-2» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (25-22, 25-18, 23-25, 28-26)

Төрешілер: Шәменов, Кирьянов. Доп айырмасы: 101-91. Матч уақыты: 96 минут

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Қуаныш-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (18-25, 10-25, 30-28, 13-25)

Төрешілер: Ахадьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 71-103. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Алтай-4» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-11, 25-19, 25-10)

Төрешілер: Сейдехан, Ахадьянов. Доп айырмасы: 75-40. Матч уақыты: 55 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

14 ақпан («Қуаныш-2» дем алды)

«Алматы-2» ВК – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-12, 25-16, 25-14)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадьянов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 56 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Қарағанды-2» ВК – «Тұран-2» – 0:3 (18-25, 9-25, 21-25)

Төрешілер: Ахадьянов, Шәменов. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 60 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).

«Айқаракөз-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-11, 23-25, 25-23, 22-25, 15-12)

Төрешілер: Шәменов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 110-96. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Жетісу-2» – «Алтай-4» – 1:3 (9-25, 25-22, 15-25, 21-25)

Төрешілер: Сейдехан, Кирьянов. Доп айырмасы: 70-97. Матч уақыты: 92 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Петропавл).

«Ертіс-2» – «Алтай-3» – 0:3 (18-25, 21-25, 16-25)

Төрешілер: Кирьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 62 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).

13 ақпан («Алтай-4» дем алды)

«Алматы-2» ВК – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-15, 25-16, 25-23)

Төрешілер: Кирьянов, Ахадьянов. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 62 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Жетісу-2» – «Тұран-2» – 3:1 (25-23, 25-18, 20-25, 25-22)

Төрешілер: Ахадьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 95-88. Матч уақыты: 95 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).

«Айқаракөз-2» – «Ертіс-2» – 3:0 (25-22, 26-24, 25-18)

Төрешілер: Сейдехан, Кирьянов. Доп айырмасы: 76-64. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Петропавл).

«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (22-25, 20-25, 23-25)

Төрешілер: Шәменов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 65-75. Матч уақыты: 79 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Қарағанды-2» ВК – «Алтай-3» – 0:3 (24-26, 24-26, 16-25)

Төрешілер: Мұқажанов, Шәменов. Доп айырмасы: 64-77. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

12 ақпан («Ертіс-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (17-25, 16-25, 20-25)

Төрешілер: Ахадьянов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 53-75.Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Тұран-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-20, 19-25, 27-25, 25-17)

Төрешілер: Шәменов, Ахадьянов. Доп айырмасы: 96-87. Матч уақыты: 94 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Петропавл).

«Ару-Астана-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (19-25, 22-25, 14-25)

Төрешілер: Сейдехан, Шәменов. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 63 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Петропавл).

«Алтай-4» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-9, 25-6, 25-7)

Төрешілер: Мұқажанов, Кирьянов. Доп айырмасы: 75-22. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

«Алтай-3» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (25-12, 25-15, 19-25, 25-8)

Төрешілер: Кирьянов, Сейдехан. Доп айырмасы: 94-60. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Петропавл).

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика