Главная / Высшая лига / «Тұран» Арқада «Жетісу-Жастарын» тықсырды chempionat-rk

«Тұран» Арқада «Жетісу-Жастарын» тықсырды

04/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Жұма күні Астанада, ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың үшінші туры тәмамдалды. 2023 жылғы бірінші дода қыс пен көктем түйісінде, осы лигадағы клубтар үшін бейтарап алаңда өтті. Әрі «non-stop» режімінде, ойындар арасында демалыс күні болмай, бес күнде мәресіне жетті.

Үшінші күнгі ойындардан соң «Тұран» тарландары бұған дейінгі екі турда топ жарған «Жетісу-Жастар» командасын қуып жеткен болатын. Тур басында талдықорғандықтардан бес ұпай айырмасымен қалып келе жатқан Түркістан түлектеріне олармен теңесу үшін үш ойын ғана қажет болды. Әрі жеңісінің саны артық болып шықты.

«Тұран» бейсенбі күні тағы бір басты бәсекелесі, осы Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы, яғни «Шымкент-Динамо» ВК жігіттерін ұтып, көшбасшыны тықсыра түсті. Сөйтіп, түркістандықтар осы турда топ жарып қана қоймай үш турдың қорытындысы бойынша көш бастауға да ұмтылғандай еді... Алайда, жұма күні болашақ жүлдегерлер бәсекесіне «Қайсар» да қосыла алатындығын паш етіп, жанкештілік танытты. Қызылорда ұжымы «Тұранды» бастапқы екі партияда ұтқанымен, одан әріге шама-шарқы жетпей, тай-брейкте жеңісті уысынан шығарып алды. Сөйтіп, Түркістан командасы бесінші ойында да жеңіске жетті. Әрі осы турдың жеңімпазы атанды. Бірақ өте маңызды бір ұпайдан айырылып, қорытынды кестеде екінші орынға оралды. Талдықорған «жастарынан» – бір ұпайы кем.

Жетісулықтар Астанада басты бәсекелесінің екеуінен де ұтылып қалды. Енді үшінші турдың алдындағыдай өздерін емін-еркін сезіне алмайды. Жалпы, бұл тур өте нәтижелі және тартысты болып, көпшілікті елітті. Орайы келгенде айта кетейік, 15 ойынның алтауы тай-брейкке дейін ұласты. Тек үштен бір бөлігі ғана үш сетте аяқталды.

Өкінішке қарай, «Маңғыстау» жігіттері жеңіске жетуге шақ қалып, үшеуінде де бір ұпайды ғана қанағат тұтты. Үш матчта да қарсыластары ойынды әупіріммен тай-брекке созып, айлаларын асырып кетті. Үшеуінде де Ақтау жігіттерінің бақтары жанбады. Әрине, үш ұпай – бір жеңіске пара-пар. Бірақ жеңістер бағанындағы «нөл» әлі сол күйі тұр.

Әдеттегідей, тур соңында ұйымдастырушылар әр команда сапындағы үздік ойыншыларды анықтады (суреттер төменде): Елнұр Шәмке (№4, «Жетісу-Жастар»), Ақберген Жүнісбек (№2, «Тұран»), Сордор Абдукаримов (№3, «Динамо-Шымкент» ВК), Ерболат Орынханов (№7, «Қайсар»), Жан Мақсұтхан (№18, «Әлихан-Ақтөбе»), Әлнұр Әбдірешев (№8, «Маңғыстау»).

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Астана. «ASPAN» с/к

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Исабаева; Төрешілер: А.Ахметов, Е.Искаков, Т.Жүсіпбеков; Бас хатшы: А.Нұрмағамбетова.

03 04 ЖЛЕ тк2.png

03 наурыз

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар» – 1:3 (15-25, 25-21, 21-25, 24-26)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 85-97. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

«Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау» – 3:0 (27-25, 25-21, 25-23)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 77-69. Матч уақыты: 76 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

«Қайсар» – «Тұран» – 2:3 (25-22, 25-19, 20-25, 16-25, 12-15)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 98-106. Матч уақыты: 115 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

02 наурыз

«Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 0:3 (19-25, 19-25, 16-25)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 2:3 (Қызылорда).

«Жетісу-Жастар» – «Қайсар» – 3:0 (28-26, 25-23, 25-18)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 78-67. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

«Тұран» – «Шымкент-Динамо» ВК – 3:0 (25-21, 25-19, 25-18)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 75-58. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

1 наурыз

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:2 (20-25, 25-19, 22-25, 25-17, 15-8)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 107-94. Матч уақыты: 110 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:2 (Қызылорда).

«Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 3:2 (25-19, 26-24, 23-25, 25-27, 16-14)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 115-109. Матч уақыты: 129 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

«Шымкент-Динамо» ВК – «Жетісу-Жастар» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 28- 26, 17-15)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 115-113. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер –0:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

28 ақпан

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (16-25, 25-20, 25-18, 14-25, 11-15)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 91-103. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 1:3 (22-25, 25-21, 24-26, 26-28)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 97-100. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда).

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (16-25, 25-23, 15-25, 20-25)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

27 ақпан

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-27, 25-17, 15-13)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 114-105. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (19-25, 23-25, 25-16, 23-25)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 90-91. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» – 3:0 (25-20, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

================================================

Туран.jpg

Шымкент.jpg

Кайсар.jpg

Актобе.jpg

Мангыстау.jpg

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика