Главная / Высшая лига / Теміртау бойжеткендері ширығып келеді chempionat-rk

Теміртау бойжеткендері ширығып келеді

14/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Дүйсенбі күні Шымкентте, әйелдер арасындағы Жоғарғы лига додасында, екінші турдың ойындары жалғасып, тартысты матчтарымен елітті.

Атап айтқанда, дәл осы күнгі үшінші ойын тай-брейкке дейін ұласты. Теміртау «қарлығаштары» дүйсенбі күні «Ақтөбе» ВК аруларын дес бере қоймай, бір ұпай еншілесе, кеше «Тараз» ВК қыздарына да «иліге» қоймады.

Былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы бұдан бір күн бұрын көш басындағы «Шымкент» ВК қыздарымен тайталасып, бессеттік ойында жеңісті жұлып алған еді. Алайда аутсайдермен өтетін ойын да дәл сондай тартысты болады деп ойламаған секілді. Ал іс жүзінде шүмектетіп тер төгіп, жүйкелері біршама жұқарды. Теміртау бойжеткендері болса, жеңісті қолдан бермей, табан тіресе тайталасып, ақыры осы маусымдағы екінші ұпайларына қол жеткізді. Енді жеңіске жетіп, «Ұтылыс» бағанындағы нөл санын өзгерту ғана қалды.

Сәрсенбі күні бұл Лигада – демалыс. Бейсенбіде Теміртау бойжеткендері өздерінен бір саты ғана жоғары орналасқан (турнир кестесінде) «Атырау» ВК аруларымен кездеседі. Бәлкім, осы ойында бірінші жеңістеріне жетіп те қалар. Ал «Тараз» ВК қыздары мен көш басындағы «Шымкент» ВК ұжымынан арасы қайтадан үш ұпайға дейін ұлғайды.

Екінші турдағы ойындар сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Шымкент. «Отырар» АӘИУ СЗ

* Астана уақытымен

* 14 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: А.Кувшинов; төрешілер: А.Абдинабиев, Т.Исалиев, Ғ.Құламетов; бас хатшы: Л.Базарбаева

16 желтоқсан (жұма)

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

15 желтоқсан (бейсенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

(16:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

14 ЖЛВ.png

13 желтоқсан

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:12, 25:15)

Төрешілер: Абдинабиев, Құламетов. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:2 (25:18, 25:13, 25:27, 18:25, 15:8)

Төрешілер: Иісқалиев, Абдинабиев. Доп айырмасы: 108-91. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 1:3 (15:25, 25:22, 16:25, 13:25)

Төрешілер: Құламетов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 69-97. Матч уақыты: 79 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

12 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (19:25, 20:25, 15:25)

Төрешілер: Абдинабиев, Құламетов. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 2:3 (25:20, 21:25, 16:25, 25:21, 10:15)

Төрешілер: Иісқалиев, Абдинабиев. Доп айырмасы: 97-106. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 2:3 (23:25, 23:25, 25:18, 25:20, 12:15)

Төрешілер: Құламетов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 108-103. Матч уақыты: 115 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

11 желтоқсан

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:20, 25:23)

Төрешілер: Абдинабиев, Исалиев. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25:22, 15:25, 25:13, 25:12)

Төрешілер: Құламетов, Абдинабиев. Доп айырмасы: 90-80. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25:13, 25:17, 25:12)

Төрешілер: Исалиев, Құламетов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика