Главная / Главные Новости / «Тараз» төртінші орынға көтерілді (+ Ұлттық лига «1XBET»: Командалар құрамы) chempionat-rk

«Тараз» төртінші орынға көтерілді (+ Ұлттық лига «1XBET»: Командалар құрамы)

14/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Дүйсенбі күні, 13 ақпанда, ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары 2022/2023 жылдар маусымындағы төртінші турды бастады. Дәл осы Атырау төріндегі тартысты дода плей-офф сатысының жартылай финалында бақ сынайтын екі жұпты (алған орындарына байланысты) анықтап береді.

Бірінші күнгі матчтарда «Ұшқын» мен «Тараз» ВК арасындағы ойынның маңызы зор болды. Екі ұжым да 1-4 орындарға орналасып, жартылай финалда бақ сынауға құқық беретін соңғы, төртінші жолдамадан – үмітті. Бұл екеуінің тағы бір бәсекелесі, атап айтқанда, «Есіл СК» командасы осы матчқа дейін «Павлодар» ВК жігіттерінен ұтылып қалып, ел назары ауған ойынды сырттай бақылап отырған болатын.

Бұл ойында тараздықтар Көкше командасынан басым түсіп, биылғы маусымда бірінші рет турнир кестесіндегі 4-орынға көтерілді. Сөйтіп, «Ұшқын» ұландарынан екі, ал Қызылжар қырандарынан үш ұпай айырмасымен алға озды. Юрий Башкатовтың шәкірттері осылай өте маңызды жеңіске қол жеткізіп, стратегиялық тұрғыда біліктілік танытты.

Әрі сейсенбі күні «Ұшқын» мен «Есіл СК» додаға түседі, яғни біреуі ұтылып, ұпай жоғалтады. Ал «Тараз» екінші ойын күні «Алтай» жігіттерімен кездеседі. Өскемен командасы дүйсенбіде алаң иелерімен тайталасып, бір ұпай олжалады. Әрі ұпай саны «Жайықпен» теңесіп, тек партияларының коэффициенті бойынша ғана кейін тұр. Ал көшбасшы, әрі былтырғы маусымдағы ел чемпионы, «Атырау» клубын айтамыз, сейсенбі күні басты бәсекелесі «Буревестник» командасымен өтетін матч қарсаңында өзінің ерік-жігері мен күш-қайратын бір тексеріп алғандай.

4-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

14 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Есіл СК» – «Ұшқын»

(12:30) «Алтай» – «Тараз» ВК

(15:00) «Жайық» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Буревестник»

14 02 ҰЛЕ.png

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

15 ақпан (сәрсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Жайық»

(12:30) «Буревестник» – «Алтай»

(15:00) «Тараз» ВК – «Есіл СК»

(17:30) «Павлодар» ВК – «Атырау» ВК

17 ақпан (жұма)

(10:00) «Алтай» – «Есіл СК»

(12:30) «Жайық» – «Тараз» ВК

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

18 ақпан (сенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Алтай»

(12:30) «Ұшқын» – «Буревестник»

(15:00) «Есіл СК» – «Жайық»

(17:30) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

20 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(12:30) «Алтай» – «Жайық»

(15:00) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

(17:30) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

============================================

Командалар құрамы

Жақша ішінде осы турға тіркелген ойыншылары саны көрсетілген. Ал ойыншылардан кейін либеро (л) немесе капитан (к) екендігі жазылған. Ең соңында 1-3 турларда тіркелген ойыншылары да ескерілген.

(14) «Атырау» ВК: №1(л). Ислам Жұмабеков (02.10.1995), №2. Роман Хандролин (Украина, 10.04.1982), №3. Андрей Самойлов (Ресей, 19.04.2000), №4. Айбол Өтегенов (31.01.1988), №5. Борис Кемпа (25.05.1991), №7(к). Айбат Нетәлин (30.03.1992), №8. Парасат Шәріпов (12.01.1992), №9. Төлеби Әлімбек (10.02.2001), №10. Жақсылық Тілеулин (18.06.1985), №11(л). Ибрагим Надырхан (11.05.1995), №12. Нодирхан Кадырханов (06.09.1991), №17. Бекарыс Ғабитұлы (22.03.2001), №18. Серікболсын Рахметов (06.07.1999), №21. Нұрасыл Жамбылов (20.08.2000).

Бас бапкер – Юрий МЕЛЬНИЧУК (желтоқсаннан бастап), Виктор КОЗИК (желтоқсанға дейін).

1-3 турларда команда құрамында ойнады: Ахмет Қабылбеков (14.05.2001).

(13) «Есіл-СК» (Петропавл): №1(л, к). Роман Фартов (02.12.1992), №2. Виталий Решетняк (19.04.2001), №3. Егор Тарасов (Ресей, 13.01.1995), №4. Аслан Мақанов (30.08.1997), №5. Бақтияр Нұрлыбай (08.08.2003), №8. Олег Мулла (30.01.1999), №10. Александр Митяев (09.07.1997), №11. Александр Сүлейменов (30.04.1997), №12. Сергей Ембулаев (04.04.1986), №13. Владислав Уфимцев (13.06.1995), №14. Тимофей Соколов (Ресей, 24.03.1996), №15. Артём Кисилёв (Ресей, 02.01.1991), №21. Иван Минаков (12.09.1991).

Бас бапкер – Алексей ТЕРЕНИН.

1-3 турларда: Ербол Әшір (24.04.1998) және Жоламан Қабдоллов (29.11.2000).

(13) «Буревестник» (Алматы): №1(л). Сергей Окунев (22.11.1994), №2. Әсет Базарқұлов (01.03.1987), №5. Сергей Кузнецов (26.10.1993), №9. Владимир Прокофьев (09.02.1993), №10. Ёрдор Гуломалиев (Тәжікстан, 02.07.2001), №11. Сергей Костив (25.01.1987), №13. Дмитрий Емельянов (Ресей, 01.08.1995), №15. Иван Пеньков (14.10.1991), №16(л). Бағлан Рахманов (06.05.1996), №17. Ермек Мертаев (14.07.1993), №18(к). Виталий Вориводин (31.07.1990), №21. Кирилл Гурин (13.01.1995), №22. Нұрдос Алдаш (09.04.2000).

Бас бапкер – Рафаиль ГИЛЯЗУТДИНОВ.

1-3 турларда: Абдулмаджид Мохаммад (05.04.2000), Ернұр Омар (02.01.2002). Артем Борисенко («Тараз» ВК ауысты).

(12) «Тараз» ВК: №1(л). Ерікжан Бөкен (31.07.1996), №2. Нұрперзент Топар (20.04.2000), №3. Нұрдәулет Мейрамбек (31.12.1999), №7. Ғалымжан Үркімбаев (26.11.1993), №8. Никита Швалев (Ресей, 26.07.1990), №10. Дамир Әкімов (22.09.1991), №11(к). Жасұлан Өтегенов (05.08.1989), №15. Артем Фирсов (Ресей, 14.08.1997), №16(л). Максим Сенин (03.05.2003), №21. Нұрлыбек Нұрмахамбетов (17.07.2000), №23. Александр Фоменко (11.12.1998), №27. Артем Борисенко (Ресей, 09.11.1998, «Буревестниктен» келді).

Бас бапкер – Юрий БАШКАТОВ.

1-3 турларда: Юрий Башкатов (08.04.1987), Мақсат Кеңес (18.03.2003), Нұрдәулет Құмаров (10.06.2003), Арсен Әділбек (24.01.2004).

(13) «Алтай» (Өскемен): №1. Максим Коса (Ресей, 24.01.1998), №2. Ахмет Сахариев (27.05.2002), №3(л). Евгений Мальцев (27.07.2001), №5. Виталий Пархоменко (Украина, 29.09.1997), №7(л). Әлішер Маратов (20.07.2003), №8. Еламан Мұхтаржанов (11.03.2002), №11. Нодирбек Рузиматов (01.08.1999), №13. Роман Шилов (Қырғызстан, 01.07.1998), №14. Әди Әбіш (10.04.1997), №17. Ерзат Ерланұлы (09.11.2000), №19(к). Александр Шварцкопф (30.09.1998), №20. Кирилл Иванов (26.07.2000), №22. Дархан Мерғазин (26.07.2000).

Бас бапкер – Василий ЖИГМОНТ.

1-3 турларда: Данил Синкевич (27.06.1999), Антон Пустовойтенко (23.05.2000), Владимир Авралёв (12.09.2003).

(14) «Павлодар» ВК: №1(л). Азамат Балағазинов (31.01.1992), №3. Марк Истомин (07.02.2003), №4. Рустам Гилязутдинов (25.03.1995), №6. Никита Козлов (Ресей, 04.12.1987,), №7. Максим Мищенко (10.09.1990), №8(л). Әнуар Қалиев (27.05.2002), №9. Айзат Азмахан (21.04.2003), №11(к). Нияз Нұрғазин (13.10.1999), №14. Алмаз Қарыш (26.08.1998), №17. Эдуард Погребняк (23.09.1996), №18. Роман Егоров (Ресей, 11.02.1986), №20. Нұрғали Қожатаев (27.05.1994), №23. Асқар Серік (28.09.1997), №27. Илья Морозов (Беларусь, 12.05.2002).

Бас бапкер – Игорь НИКОЛЬЧЕНКО.

1-3 турларда: Михаил Бобков (31.08.1996).

(14) «Ұшқын» (Көкшетау): №1. Ренат Әлібеков (29.06.2004), №3. Темир Муса Уулу (Қырғызстан, 12.04.1994), №4(к). Қанат Ғабдулин (04.03.1985), №6. Нурислам Медетбек Уулу (Қырғызстан, 29.09.2000), №7(л). Нұрсұлтан Қазез (29.09.2003), №8. Әнес Жұмаділов (04.05.1998), №9. Диас Ахметов (28.07.2003), №12. Бекзат Мейрамбек (07.06.2001), №16. Мұхаммед Сағымбаев (17.07.1997), №18. Шахмардан Шерхан (24.07.2002), №20. Нұрбек Назарбек (01.07.1998). №23. Ерсұлтан Оңғарбай (03.09.1999), №24(л). Аян Айымханов (24.03.1999), №30. Нурмухаммед Токтоев (Қырғызстан, 24.11.1994).

Бас бапкер – В.РОМАШОВ (желтоқсаннан бастап), Мирлан БАДАШЕВ (желтоқсанға дейін).

1-3 турларда: Омурбек Жунусов (Қырғызстан, 01.10.1997), Дмитрий Рыбалкин (25.08.2003), Мәуліт Әубәкір (29.05.2004).

(12) «Жайық» (Орал): №1. Евгений Гоф (26.03.1994), №3. Евгений Скабин (21.08.1988), №8. Петр Чурзин (25.09.1989), №9. Қайрат Қалыңов (22.09.1987), №11(к). Виталий Мироненко (18.05.1985), №12(л). Қайрат Байбеков (28.03.1983), №13. Азамат Рахов (25.08.1997), №16. Алексей Мизинов (18.04.2000), №20. Олег Центалович (Ресей, 17.01.1991), №21(л). Әлішер Өтегенов (18.07.1999), №25. Айдын Әділбеков (18.08.1994), №82. Маратов Адлет (15.02.1999).

Бас бапкер – Данияр НҰРМҰХАНБЕТОВ (қаңтардан бастап),Александр СТОЛЬНИКОВ (қаңтарға дейін).

1-3 турларда: Антон Юдин (13.05.1982), Еркебұлан Шату (12.11.2002), Темірлан Нұрмұханбетов (07.03.2006), Даниил Сухарев (20.03.2006).

============================================ ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика