Главная / Высшая лига / Талдықорған тарландары мен Түркістан түлектерінің тайталасы chempionat-rk

Талдықорған тарландары мен Түркістан түлектерінің тайталасы

01/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Ерлер арасындағы Жоғарғы лига клубтары 2022/23 жылдар маусымындағы ҚР чемпионатының үшінші турын бастап кетті. Дүйсенбіден бері екі күнгі матчтар өтіп, Астана жанкүйерлеріне шектен тыс тартысты ойындардың куәсі болу бұйырды. Екі айға созылған каникулдан кейін командалар әуедоп додасына білек сыбана кірісті.

Әуелі дүйсенбі күнгі ойындардан бастайық. Көш басында келе жатқан «Жетісу-Жастар командасы турнир кестесінің соңындағы «Маңғыстау» жігіттерін «қалпақпен ұрып» ала алмай қара терге түсті. Ақтаулықтар биылғы ел чемпионатында үшінші рет тай-брейкке дейін тайталасып, өкінішгке қарай, бұл жолы да, яғни бұған дейінгі екеуіндегідей ұтылып қалды.

Көшбасшының бір ұпай жоғалтқанын оның өкшесін басып келе жатқан «Тұран» мен «Шымкент-Динамо» ВК жігіттері қалт жібермей, Астана төріндегі бірінші қарсыластарын «таза» ұтты. Сөйтіп, Талдықорған клубымен араларын бір ұпайға болсын, қысқарта түсті.

Сейсенбі күнгі матчтар да тартысты өтіп, дүйсенбідегі ойындардан асып түспесе, кем болған жоқ. Шектен тыс шиеленісті өткен ойындар қызықты да, тартысты болып, көпшілікті елең еткізерліктей нәтижемен аяқталған кездесу де болды.

Осы турдағы орталық матчтардың бірі, тіпті ең бастысы дәл осы сейсенбі күні өтіп, турнир кестесінде бірінші және екінші орындарды иеленіп тұрған ұжымдар кездесті. Көш басындағы «Жетісу-Жастар» жігіттері дүйсенбідегі тай-брейктен соң биылғы басты бәсекелесі «Тұран» командасынан ұтылып қалды. Үшінші және төртінші сеттерде бақтары жанбай, жеңілістің кермек дәмін татты.

Осы матчта жеңіске жеткен «Тұран» тарландары көшбасшыны қуып жетуге айналды. Қазір екеуінің арасын бір ғана ұпай бөліп тұр. Бірақ жеңістерінің саны – бірдей. Бұл көрсеткіш бойынша теңесті. Алайда екеуара матчтарда ұпай саны бойынша түркістандықтар басым – 5:4.

Былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы, «Шымкент-Динамо» клубы мұның бәрін қалт жібермей, ұпай қорын толықтырып келеді. Астана турындағы бастапқы екі күнде де жеңіске жетті. Десек те, нағыз сын сағаты енді басталады. Шымкенттіктер сәрсенбі күні «Жетісу-Жастар» командасымен, ал бейсенбіде «Тұран» тарланбоздарымен кездеседі.

Осы екі матчтың нәтижелері турнир кестесін мейілінше сапырылыстыра түсуі әбден мүмкін. Шымкент әуедопшылары Талдықорған жігіттерін биылғы ел чемпионатында әлі жеңіп көрген жоқ. Ал түркістандықтармен өткен екі ойынның біреуінде ұтіп, екіншісінде ұтылып қалған. Үшінші мүмкіндіктері қалай болар екен

Тағы да «Маңғыстау» командасын бөле-жара атап өтпеске болмайды. Ақтаулықтар екінші рет қатарынан тай-брейкке дейін тайталасып, өкінішіке қарай, бұл жолы да бақтары жанбады. Сөйтіп, төртінші рет бессеттік додада асығы алшысынан түспей, әйтсе де, төрт ұпай еншіледі. Бір қызығы, олар әзірше тек Шымкент клубымен тай-брейкте «шайқаспапты». Алайда екеуі жұма күні кездеседі. Ендеше, асықпайық...

Естеріңізге сала кетейік, үшінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да және 15:00-де басталады.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Астана. «ASPAN» с/к

* Астана уақытымен

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Исабаева; Төрешілер: А.Ахметов, Е.Искаков, Т.Жүсіпбеков; Бас хатшы: А.Нұрмағамбетова.

1 наурыз (сәрсенбі)

(10:00) «Тұран» – «Маңғыстау»

(12:30) «Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Жетісу-Жастар»

1 3 ЖЛЕ тк.png

28 ақпан

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (16-25, 25-20, 25-18, 14-25, 11-15)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 91-103. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 1:3 (22-25, 25-21, 24-26, 26-28)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 97-100. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда).

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (16-25, 25-23, 15-25, 20-25)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

27 ақпан

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-27, 25-17, 15-13)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 114-105. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (19-25, 23-25, 25-16, 23-25)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 90-91. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» – 3:0 (25-20, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

2 наурыз (бейсенбі)

(10:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(12:30) «Жетісу-Жастар» – «Қайсар»

(15:00) «Тұран» – «Шымкент-Динамо» ВК

3 наурыз (жұма)

(10:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»

(12:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау»

(15:00) «Қайсар» – «Тұран»

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика