Главная / Высшая лига / Тайсалмайды тай-брейкте «Тараз» chempionat-rk

Тайсалмайды тай-брейкте «Тараз»

16/12/2022

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Бейсенбі күні, әйелдер арасындағы Жоғарғы лига додасында, турнир кестесіндегі мәселе толық шешілді. Екінші турдың тәмамдалуына бір күн қалса да, командалар Жаңа Жылды қай орында қарсы алып, үшінші турды қалай бастайтындықтары белгілі болды.

Негізі, ертеңгі ойындардан кейін, яғни екінші турдың қорытындысы бойынша командалардың сап түзейтін орындары бірінші турдан кейін-ақ белгілі болған. Шымкент алаңында дода көрігі мейілінше қызып, матчтардың үштен бір бөлігі тай-брейкке дейін созылғандарымен, командалардың турнир кестесіндегі орындары өзгере қойған жоқ.

Былтырғы маусымдағы Лига жеңімпазы, яғни «Тараз» ВК бейсенбіде үшінші рет қатарынан бессеттік матчта жеңіске жетіп, тай-брейкте де сыр берген жоқ. Енді бұл турды жеңіліссіз аяқтауы да мүмкін. Алайда, осы үш ойында бір ұпайдан жоғалтқаны турнир кестесіндегі жағдайына әсер етті. Мәселен, бірінші турдан кейін көшбасшыдан үш ұпай айырмасымен қалып келе жатса, енді ол төрт ұпайға ұлғайды.

Ал екі тур қатарынан алаң иелері болған ұжым, нақтырақ айтқанда, «Шымкент» ВК қыздары Жаңа жыл мерекесін жеке-дара көшбасшы және осы маусымда Лига жеңімпазы болудан үміті өте зор команда ретінде қарсы алады.

Турдың соңғы ойындары сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент)

Шымкент. «Отырар» АӘИУ СЗ

* Астана уақытымен

* 14 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Бас төреші: А.Кувшинов; төрешілер: А.Абдинабиев, Т.Исалиев, Ғ.Құламетов; бас хатшы: Л.Базарбаева

16 желтоқсан (жұма)

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

15-12 ЖВЛ.png

15 желтоқсан

«Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК– 0:3 (26:28, 16:25, 15:25)

Төрешілер: Абдинабиев, Иісқалиев. Доп айырмасы: 57-78. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Шымкент)

«Тараз» ВК – «Грация-KZ» – 3:2 (23:25, 20:25, 25:20, 25:22, 15:8)

Төрешілер: Құламетов, Абдинабиев. Доп айырмасы: 108-100. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:16, 25:19, 25:17)

Төрешілер: Иісқалиев, Құламетов. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

13 желтоқсан

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:12, 25:15)

Төрешілер: Абдинабиев, Құламетов. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:2 (25:18, 25:13, 25:27, 18:25, 15:8)

Төрешілер: Иісқалиев, Абдинабиев. Доп айырмасы: 108-91. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 1:3 (15:25, 25:22, 16:25, 13:25)

Төрешілер: Құламетов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 69-97. Матч уақыты: 79 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

12 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (19:25, 20:25, 15:25)

Төрешілер: Абдинабиев, Құламетов. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 66 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 2:3 (25:20, 21:25, 16:25, 25:21, 10:15)

Төрешілер: Иісқалиев, Абдинабиев. Доп айырмасы: 97-106. Матч уақыты: 101 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 2:3 (23:25, 23:25, 25:18, 25:20, 12:15)

Төрешілер: Құламетов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 108-103. Матч уақыты: 115 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

11 желтоқсан

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25:19, 25:20, 25:23)

Төрешілер: Абдинабиев, Исалиев. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 65 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25:22, 15:25, 25:13, 25:12)

Төрешілер: Құламетов, Абдинабиев. Доп айырмасы: 90-80. Матч уақыты: 87 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Шымкент)

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25:13, 25:17, 25:12)

Төрешілер: Исалиев, Құламетов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 49 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Шымкент)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика