Главная / Высшая лига U-23 / Тай-брейкте көп ойнаған допты көп соғады chempionat-rk

Тай-брейкте көп ойнаған допты көп соғады

19/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

Қараша айында Петропавлда, желтоқсанда Өскеменде жастар арасындағы Жоғарғы дивизионда бақ сынайтын, Ұлттық лигадағы командалардыӊ қосалқы құрамдары арасында ел чемпионатының бірінші айналымдағы екі туры өтті.

Жалпы саны 55 ойын он бір күнде екі турға бөлініп өткізілді. 36 ойында командалар арасындағы дода үш партиямен шектелді. Ал 12 матч төрт сетке созылып, 7 ойын бес партияға ұласты. Бір қызығы, осының бесеуінде «Ертістің» фарм-клубы тер төкті. Павлодар клубының қосалқы құрамы тай-брейкте екі рет жеңіп, үш мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған байланысты, «Ертіс-2» ұжымының бірінші айналымда еншілеген доптары бәрінен асып түсті.

Бірінші айналымда жеңілістің кермек дәмін татпаған тек – былтырғы маусымдағы Лиганың күміс жүлдегері өскемендік «Алтай-4» қана. Ал әлі жеңіске жетіп көрмеген ұжым – қызылжарлық «Қуаныштың» фарм-клубы. Әрі бұл команда екі турды мүлде басқа құрамдарымен өткізді.

Турнир кестесіндегі жағдайға қарап отырып, биылғы біріншіліктің жүлделі орындарын алғашқы бестіктегі командалар сарапқа салады деп, айта беруге де болатын секілді. Ал алтыншы орынға орыннан үмітті командалар арасындағы дода көрігі әлде де қыза түсу керек. Өздеріңіз білесіздер, плей-офф сатысына 1-6 орын алған командалар шығады.

Сондықтан 6-9 орындарды бөлісіп тұрған командалар арасындағы бәсекелестік енді қыза түсуі мүмкін. Өйткені алтыншы және тоғызыншы орындардағы командалар арасын 4 ұпай ғана бөліп тұр. Бұл орайда, «Айқаракөз-2» командасының қарағандылықтардан, ал «Қарағанды-2» ұжымының астаналықтардан ұтылып қалуы ғажап емес.

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

1-айналым, 1-ші тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Жеӊімпаз – «Алтай-4» (5 ойын, 15 ұпай)

1-айналым (05-17 желтоқсан 2022 жыл, Петропавл, Өскемен)

1-айналым, 2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4» (10 ойын, 2915 ұпай)

1-айналым, 2-ші тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен)

* 15 қараша және 15 желтоқсан әр турдағы демалыс күндері болды

  • * Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді

19-ЖВЛ И.png

19-ЖВЛ Р.png

1-айналым

17 желтоқсан («Айқаракөз-2» дем алды)

«Ертіс-2» – «Қарағанды-2» – 3:0 (25:21, 25:18, 25:22), «Ару-Астана-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (17:25, 23:25, 21:25), «Тұран-2» – «Қуаныш-2» –3:0 (25:19, 25:14, 25:12), «Алтай-3» – «Алматы-2» – 3:0 (25:16, 25:18, 25:15), «Қуаныш-СК-2» – «Алтай-4» – 0:3 (12:25, 9:25, 23:25).

16 желтоқсан («Қуаныш-СК-2» дем алды)

«Қарағанды-2» – «Айқаракөз-2» – 3:1 (12:25, 25:17, 25:22, 25:20), «Қуаныш-2» – «Ару-Астана-2» – 1:3 (25:14, 12:25, 15:25, 18:25), «Алматы-2» – «Ертіс-2» – 3:2 (25:8, 24:26, 25:19, 23:25, 15:9), «Жетісу-2» – «Алтай-3» – 1:3 (27:25, 13:25, 15:25, 14:25), «Алтай-4» – «Тұран-2» – 3:1 (25-20, 16-25, 25-16, 25-16).

14 желтоқсан («Қарағанды-2» дем алды)

«Тұран-2» – «Қуаныш-СК-2» – 3:0 (27:25, 25:18, 25:14), «Алтай-3» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25:7, 25:9, 25:12), «Айқаракөз-2» – «Алматы-2» – 0:3 (21:25, 24:26, 15:25), «Ертіс-2» – «Жетісу-2» – 2:3 (21:25, 25:19, 25:19, 21:25, 8:15), «Ару-Астана-2» – «Алтай-4» – 0:3 (19:25, 10:25, 21:25).

13 желтоқсан («Тұран-2» дем алды)

«Қуаныш-СК-2» – «Ару-Астана-2» – 1:3 (25:12, 17:25, 22:25, 20:25), «Қуаныш-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (13:25, 8:25, 2:25), «Алматы-2» – «Қарағанды-2» – 3:1 (25:14, 22:25, 25:14, 25:16), «Жетісу-2» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25:23, 25:14, 25:15), «Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:2 (25:19, 19:25, 19:25, 26:24, 15:13).

12 желтоқсан («Алматы-2» дем алды)

«Алтай-3» – «Қуаныш-СК-2» – 3:0 (25:19, 25:17, 25:20), «Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25:16, 25:13, 24:26, 25:14), «Ару-Астана-2» – «Тұран-2» – 0:3 (15:25, 17:25, 19:25), «Қарағанды-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (14:25, 9:25, 11:25), «Ертіс-2» – «Алтай-4» – 0:3 (19:25, 14:25, 27:29).

11 қараша («Ару-Астана-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (18-25, 11-25, 24-26), «Жетісу-2» – «Алматы-2» – 3:0 (29-27, 25-21, 25-19), «Алтай-4» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-18, 25-9, 25-13), «Тұран-2» – «Алтай-3» – 0:3 (13-25, 17-25, 20-25), «Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» – 1:3 (12-25, 25-22, 22-25, 19-25).

10 қараша («Жетісу-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:1 (18-25, 25-11, 25-21, 25-19), «Қарағанды-2» – «Алтай-4» – 0:3 (15-25, 16-25, 18-25), «Ертіс-2» – «Тұран-2» – 3:2 (25-16, 22-25, 25-17, 15-25, 15-6), «Алтай-3» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-15, 25-12, 25-15), «Алматы-2» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-9, 25-19, 25-11).

09 қараша («Алтай-3» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» – 0:3 (19-25, 18-25, 17-25), «Ару-Астана-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (19-25, 10-25, 23-25), «Тұран-2» – «Айқаракөз-2» – 0:3 (22-25, 19-25, 19-25), «Алтай-4» – «Алматы-2» – 3:0 (25-14, 25-8, 25-20), «Қуаныш-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (12-25, 15-25, 16-25).

07 қараша («Қуаныш-2» дем алды)

«Алматы-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-9, 25-16, 25-11), «Ертіс-2» – «Алтай-3» – 2:3 (18-25, 19-25, 25-18, 25-19, 13-15), «Қарағанды-2» – «Тұран-2» – 2:3 (25-17, 21-25, 25-21, 12-25, 10-15), «Айқаракөз-2» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (25-15, 25-19, 25-12), «Жетісу-2» – «Алтай-4» – 1:3 (17-25, 25-23, 22-25, 17-25).

06 қараша («Алтай-4» дем алды)

«Алматы-2» – «Ару-Астана-2» – 3:0 (30-28, 25-22, 25-22), «Жетісу-2» – «Тұран-2» – 3:1 (25-17, 25-15, 20-25, 25-14), «Қарағанды-2» – «Алтай-3» – 0:3 (20-25, 12-25, 16-25), «Айқаракөз-2» – «Ертіс-2» – 2:3 (26-24, 13-25, 13-25, 25-18, 6-15), «Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (21-25, 19-25, 20-25).

05 қараша («Ертіс-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Жетісу-2» – 0:3 (22-25, 11-25, 20-25), «Тұран-2» – «Алматы-2» – 0:3 (18-25, 15-25, 17-25), «Ару-Астана-2» – «Қарағанды-2» – 3:1 (25-19, 17-25, 25-18, 25-16), «Алтай-3» – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-14, 25-22, 25-5), «Алтай-4» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-11, 25-6, 25-12).

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика