Главная / Высшая лига / Тай-брейк көп – ұпай «аз» chempionat-rk

Тай-брейк көп – ұпай «аз»

06/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың үшінші туры Астанада өтті. Былтырғы маусымдағы ел чемпионатының жүлдегерлері көш басындағы өз орындарын сақтап қалды. Әрі өзара бәсекелестік одан сайын қыза түсті. Бұл турда «Тұран» көшбасшыны ұтып, «Жетісу-Жастар» жігіттерін қуып жетуге айналды. Яғни төртінші турда дода көрігі одан әрі қызады.

Жалпы, Жоғарғы дивизионның биылғы маусымы Талдықорғандағы бірінші турдан бері өте тартысты өтіп келеді. Бұған көз жеткізу үшін командалар арасындағы ойындар нәтижесіне көңіл аударсаңыздар, санаулы ойындар болмаса, қалғанында ешбір ұжым жеңіске оңайшылықпен қол жеткізген емес.

Үшінші тур биылғы маусымдағы ең нәтижелісі болды. Ойындар арасында демалыс күні болмай, бес күнде бар матчты өткізуге тура келсе де, жоғары қарқын соңына дейін сақталды. Мысалы, 15 ойынның алтауы тай-брейкке дейін ұласты. Жалпы, биылғы ел біріншілігіндегі 45 матчтың 11-інде бес сет бойы тайталасуға тура келді. Яғни әрбір – төртінші ойында!

Міне, осыған байланысты, командалардың ұпайлары мен жеңістері санын есепке алғанда, «жеткіліксіздік» туындайды. Мысалы, «Тұранның» көшбасшыға қарағанда, бір жеңісі – артық. Бірақ бір ұпайы кем болып тұр. Ал шымкенттіктердің «Жетісу-Жастар» клубынан бір ғана жеңісі кем болғанымен, 6 ұпай айырмасымен алыстап қалды.

Командалар арасындағы өзара 15 кездесудің тек үш жұбында ғана жүз пайыздық көрсеткіш тіркелді: ақтөбеліктер әлі «Жетісу-Жастар» және «Тұран» командаларынан ұпай ала алмай жүр және ақтаулықтардың да «Шымкент-Динамо» ВК жігіттеріне есе жіберіп келеді. Қалған жұптардың бәрінде екі команда бір-бірімен ұпай бөлісіп шықты.

Енді тек, осы қызу бәсеке төртінші турда да жалғасын тауып, нәтижелік дейгейі толастамай, жанкүйерлер шектен тыс ойындардың куәсі бола берсе екен деп тілейміз.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Исабаева; Төрешілер: А.Ахметов, Е.Искаков, Т.Жүсіпбеков

03 06 ЖЛЕ ткБ-3.png

03 06 ЖЛЕ он-3т.png

27 ақпан

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-27, 25-17, 15-13)

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (19-25, 23-25, 25-16, 23-25)

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» – 3:0 (25-20, 25-19, 25-23)

28 ақпан

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (16-25, 25-20, 25-18, 14-25, 11-15)

«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 1:3 (22-25, 25-21, 24-26, 26-28)

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (16-25, 25-23, 15-25, 20-25)

01 наурыз

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:2 (20-25, 25-19, 22-25, 25-17, 15-8)

«Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 3:2 (25-19, 26-24, 23-25, 25-27, 16-14)

«Шымкент-Динамо» ВК – «Жетісу-Жастар» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 28- 26, 17-15)

02 наурыз

«Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 0:3 (19-25, 19-25, 16-25)

«Жетісу-Жастар» – «Қайсар» – 3:0 (28-26, 25-23, 25-18)

«Тұран» – «Шымкент-Динамо» ВК – 3:0 (25-21, 25-19, 25-18)

03 наурыз

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар» – 1:3 (15-25, 25-21, 21-25, 24-26)

«Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау» – 3:0 (27-25, 25-21, 25-23)

«Қайсар» – «Тұран» – 2:3 (25-22, 25-19, 20-25, 16-25, 12-15)

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика