Главная / Главные Новости / Таиланд жағажайында жеңісімізден жеңілісіміз асып тұр plyazhnyj-volejbol

Таиланд жағажайында жеңісімізден жеңілісіміз асып тұр

15/04/2023

Азия туры-2023 (ерлер, әйелдер)

«Samila Open» AVC Beach Tour

(14-17 сәуір 2023 ж.; Сонгкхла, Таиланд)

Жұма күні, 14 сәуірде, Таиландта жағажай волейболы өкілдері үшін жаңа ойын маусымы тұсауын кесті. «Samila Open» айдарымен өтетін Азия турына Қазақстан құрамасы ерлер арасында да, әйелдер арасында екі жұптан үкілеп қосты.

Самила-23.jpg

Қазақстан құрамасы «Samila Open» додасында:

(10) Дмитрий Яковлев / Сергей Богату

(16) Кирилл Гурин / Нұрдос Алдаш

(15) Лаура Қабылбекова / Надежда Иванченко

(20) Анастасия Уколова / Дана Шыңғысова

48 команда, яғни ерлер арасында да, әйелдер арасында да 24 жұптан тіркеліп, олардың бәрі үш командадан сегіз топқа жіктелді. Әр топтан екі командадан шығып, олар сенбі күні өтетін 1/8-финалында, Азия турын одан әрі жалғастыратын болды.

Жұма күнгі топтық ойындардан соң Қазақстан құрамасы ойыншыларының көңіл-күйлері бір-біріне қарама-қайшы болып шықты. Ерлер арасындағы екі жұп та, яғни Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату және Нұрдос Алдаш пен Кирилл Гурин алғашқы ойындарында жеңіске жетті. Олар Сингапур мен Гонконгтың екінші нөмірлі жұптарын ұтты.

Осы жеңістерінің арқасында 1/8-финалында бақ сынау құқығына қол жеткізді. Сенбі күні аталған екі жұбымыз да топтық кезеңдегі ойындарын жалғастырып, Жапония және Таиланд елдерінің бірінші нөмірлі жұптарымен кездеседі. Түстен кейін келесі кезеңдегі матчтар өтіп, біздің жігіттер Азияның үздік сегіздігіне ілігуге тырысады.

Ал әйелдер арасындағы додада Анастасия Уколова мен Дана Шыңғысованың бақтары жанбады. Олар топтық кезеңдегі екі матчта да жеңілістің кермек дәмін татып, «Samila Open» турнирінен алғашқы күні-ақ тыс қалды.

Еліміздің бірінші нөмірлі жұбы да, яғни Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко да бірінші ойындарында ұтылып қалды. Олар тай-брейкте Индонезияның екінші нөмірлі жұбына есе жіберіп қойды. Бұл да көңілге қонымды нәтиже емес, әрине.

Сенбі күні таңертең біздің елдің чемпиондары Жапонияның екінші нөмірлі жұбымен кездесіп, топтық кезеңдегі екінші ойындарын өткізеді. Ашығын айтуымыз керек, олардың 1/8-финалына шығу мүмкіндіктері – тым бұлыңғыр.

Әйтсе де, әліптің артын бағып, сенбі күнгі таңертеңгі ойындар нәтижесі мен 1/8-финалы матчтарын асыға күтеміз.

богату=яковлев.gif

гурин=алдаш.gif

Девчонки.gif

=========

Финал, 3-орын үшін өтетін матч (17 сәуір)

1/2 және 1/4 финалдық ойындар (16 сәуір)

1/8 финалдық ойындар (15 сәуір)

Топтық кезең (14-15 сәуір)

15.04. («A») Гурин / Алдаш (#16) – T.Pithak / T.Poravid (#1, Таиланд-1)

14.04. («A») Гурин / Алдаш (#16) – K.Y.Wong / K.W.TSE (Гонконг-2) – 2:0 (21-15, 21-18)

14.04. («A») T.Pithak / T.Poravid (#1, Таиланд-1) – K.Y.Wong / K.W.TSE (Гонконг-2) – 2:0 (21-14, 21-8)

2алдаш.jpg

2гурин.jpg

=====

15.04. («G») Яковлев / Богату (#10) – Shoji / Ikeda (#7, Жапония-1)

14.04. («G») Яковлев / Богату (#10) – Shen / Kiu N. (Сингапур-2) – 2:0 (21-11, 21-12)

14.04. («G») Shoji / Ikeda (#7, Жапония-1) – Shen / Kiu N. (Сингапур-2) – 2:0 (21-11, 21-9)

1яковлев.jpg

1богату.jpg

========

15.04. («B») Қабылбекова / Иванченко (#15) – Akiko / Yurika (#2, Жапония-2)

14.04. («B») Akiko / Yurika (#2, Жапония-2) – Yokebed / Nur Atika (#18, Индонезия-2) – 2:0 (21-4, 21-8)

14.04. («B») Қабылбекова / Иванченко (#15) – Yokebed / Nur Atika (#18, Индонезия-2) – 1:2 (14-21, 23-21, 13-15)

1кабулбекова.jpg

1иванченко.jpg

1каб-иван.jpg

=========

15.04. («D») J.Dong / Wang (#4, Қытай-2) – S.Patcharaporn / S.Samitta (#13, Таиланд-3)

14.04. («D») Уколова / Шыңғысова (#20) – J.Dong / Wang (#4, Китай-2) – 0:2 (14-21, 13-21)

14.04. («D») Уколова / Шыңғысова (#20) – S.Patcharaporn / S.Samitta (#13, Таиланд-3) – 0:2 (13-21, 5-21)

1уколова.jpg

1шингисова.jpg

ук-шин-2.jpg

==========

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика