Главная / Главные Новости / Соңғы жолдамадан үміткерлер сапы селдірей түсті chempionat-rk

Соңғы жолдамадан үміткерлер сапы селдірей түсті

16/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Сәрсенбі күні, Атырауда ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары төртінші турдың екінші күнгі ойындарын өткізді. Әрі осы турдағы бірінші демалыс күніне жетті.

Көшбасшылар мен биылғы ел чемпионатының болашақ жүлдегерлері ойнаған матчтар әлдеқайда қалыпты жағдай да өтіп жатыр да, төртінші орынға таласқан ұжымдар арасындағы кездесулер шектен тыс шиеленісті болып тұр. Үш команда, жоқ, сәрсенбі күнгі ойындар нәтижесінен соң, екі клуб («Тараз» бен «Ұшқын») үшін әрбір партиядағы жеңістің бағасы алтынға тең болып барады.

Көкше клубы «Жайық» жігіттерін ұтып, турнир кестесінде екінші орынға оралып, екі сағаттай уақыт бойы тықыршып отырды. Өйткені олардан кейін тараздықтар мен қызылжарлықтар додаға түскен болатын. Оңтүстік өңірдің әуедопшылары Павлодарда өткен турдағыдай, «Есіл СК» ұжымынан басым түсті. Әрі былтырғы 2021/22 жылдар маусымының күміс жүлдегерін енді үздік төрттікке ілігу мүмкіндігінен айырған да секілді.

Бірінші демалыс күні қарсаңындағы жағдайға көз жүгіртсек, «Тараз» ВК тарландары «Ұшқын» ұжымынан екі ұпай айырмасымен алда тұр. Екеуі де қалған төрт ойындарының үшеуін көш басындағы үш клубпен өткізеді. Әрі енді бір ойындарын көш соңындағы командалармен өткізіп, өз қабілеттерін толықтай паш ете алады. Атап айтқанда, тараздықтар жұма күні «Жайықпен», ал көкшетаулықтар соңғы ойын күні «Алтаймен» кездеседі. Мінеки, екеуінің де ендігі бар «үміттері» – көш басындағы үштікте. Болашақ жүлдегерлердің қайсысы «Тараз» және «Ұшқын» клубтарымен кездескенде, тізгін тартатынын алдағы күндері білетін боламыз. Осының алдындағы турда «Тараз» ВК жігіттеріне «Буревестник» клубының азуы батпаған.

Өз алаңындағы алғашқы екі ойын күні тек тай-брейкте ғана бақтары жанып, көп күш жұмсаған алаң иелері, яғни былтырғы маусымдағы ел чемпионы «Атырау» ВК жігіттері «Павлодар» командасымен өткен матчта көсіле сілтеп, басымдық танытты. Енді чемпиондық плей-офф додасында алаң иесі болатын (Қазақстан чемпионы атағы Павлодарда сарапқа салынады) ұжым бірінші демалыс күнінен соң «Буревестник» клубымен кездеседі. Жалпы, осы екі ұжымның жолдары жартылай финалда түйісуі әбден мүмкін екендігін ескерсек, жұма күнгі матч екеуіне де соңғы репетиция болуы тиіс.

4-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

Бас хатшы: Б.Нұрсұлтанов

17 ақпан (жұма)

(10:00) «Алтай» – «Есіл СК»

(12:30) «Жайық» – «Тараз» ВК

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

15 02 ҰЛЕ ткч.png

15 02 ҰЛЕ тк4т.png

15 ақпан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25-21, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Алтай» – 3:1 (23-25, 26-24, 25-18, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 124 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

«Тараз» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (25-22, 25-14, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 103 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 0:3 (21-25, 16-25, 21-25)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар).

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 89-97. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

Төрешілер: Ахметов, Қалиев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-103. Матч уақыты: 133 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

Төрешілер: Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 113-108. Матч уақыты: 140 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

18 ақпан (сенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Алтай»

(12:30) «Ұшқын» – «Буревестник»

(15:00) «Есіл СК» – «Жайық»

(17:30) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

20 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(12:30) «Алтай» – «Жайық»

(15:00) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

(17:30) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика