Шымкент және Түркістан екінші орынға таласады
26/12/2022
ҚР чемпионаты – 2022/23
Жоғарғы лига (ерлер)
2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022, Қызылорда)
2022/23 маусымындағы ҚР чемпионатының ерлер арасындағы Жоғарғы лигасында екінші турдың ойындары аяқталуға айналды. Дүйсенбіде – Қызылордада өтіп жатқан доданың соңғы күні.
Ал жексенбіде, көш басында келе жатқан «Жетісу-Жастар» Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы «Шымкент-Динамо» жігіттерінен үстем түсіп, бірінші турда алаң иелерінен ұтылып қалғандары, жалпылама түрде айтқанда, дода көрігін қыздыра түсу ғана екенін дәлелдегендей болды.
Биылғы маусымда шымкенттіктерді екі рет ұтқан Талдықорған тарландары екі турдың қорытындысы бойынша бірінші орынға жайғасты. Енді оларды келесі турға дейін ешбір ұжым қуып жете алмайды және Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға болады.
Шымкенттіктер болса, осы жеңілістерінен соң, партиялар айырмасы бойынша үшінші орынға сырғуға мәжбүр болды. Олардың алдын «Тұран» орап кетті. Түркістан командасы жергілікті «Қайсардан» Талдықорғанда ұтылып қалған есесін қайтарды.
Қызылорда қырандары өз алаңында үшінші рет жеңіліске ұшырап, көрермендерін желпіндіре алмай жүр. «Маңғыстау» екінші рет қатарынан тай-брейкке дейін тайталасты-ақ. Алайда ақтаулықтардың бесінші сетте тағы да бақтары жанбай, бір ұпаймен шектелуге тура келді.
Бұл турдағы соңғы ойын күні «Тұран» мен «Шымкент-Динамо» өзара кездесіп, жыл соңында қайсысы екінші және үшінші болатындарын анықтайды. Көш басындағы «Жетісу-Жастар» екінші орынмен арадағы бес ұпайлық айырманы сақтап қалуға тырысады. Ал қызылордалықтар болса, тым болмаса, төртінші орынға оралу үшін бар күш-жігерін салуы керек.
Бұл турдағы соңғы матчтар жергілікті уақытпен сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады (+1 сағат, Астана уақытымен айырмасы).
ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:
«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.
«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.
«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.
«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.
«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.
«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.
2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)
1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»
2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)
Қызылорда. «Мұз айдыны» СК
* жергілікті уақытпен (+1 сағат, Астана уақыты бойынша)
* 24 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні
* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі
Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, Д.Шүшбаев, Д.Махамбетияров; бас хатшы: А.Байдосова
26 желтоқсан (дүйсенбі)
(13:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»
(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»
(18:00) «Қайсар» – «Маңғыстау»
25 желтоқсан
«Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 2:3 (25:23, 23:25, 22:25, 25:23, 13:15)
Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 108-111.Матч уақыты: 128 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Талдықорған)
«Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 3:0 (25:19, 26:24, 25:22)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 76-65. Матч уақыты: 82 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
«Тұран» – «Қайсар» – 3:1 (22:25, 25:11, 25:18, 25:23)
Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 112 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Талдықорған)
23 желтоқсан
«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:2 (25:13, 22:25, 25:23, 24:26, 15:12)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 111-99. Матч уақыты: 121 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
«Шымкент-Динамо» ВК – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 3:0 (28:26, 25:22, 25:19)
Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 78-67. Матч уақыты: 84 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Талдықорған)
«Қайсар» – «Жетісу-Жастар – 3:0 (25:20, 28:26, 25:23)
Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 78-69. Матч уақыты: 100 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған)
22 желтоқсан
«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 3:1 (25:21, 26:24, 21:25, 27:25)
Төрешілер: Шүшбаев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 99-95. Матч уақыты: 138 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Талдықорған)
«Маңғыстау» – «Шымкент-Динамо» ВК– 0:3 (10:25, 18:25, 19:25)
Төрешілер: Махамбетияров, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 65 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған)
«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Қайсар» – 3:0 (26-24, 25-19, 26-24)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 77-67. Матч уақыты: 90 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)
21 желтоқсан
«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25:17, 25:22, 25:15)
Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 75 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:21, 25:23, 25:19)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 72 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)
«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (15:25, 20:25, 27:25, 23:25)
Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 85-100. Матч уақыты: 113 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ
ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК