Главная / Высшая лига / «Шымкент» қыздары Жоғарғы лигада топ жарды chempionat-rk

«Шымкент» қыздары Жоғарғы лигада топ жарды

13/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

Оралда әйелдер арасындағы Жоғарғы лига клубтары соңғы, бесіншші турды бастады. Сәрсенбінің сәтінде, яғни екінші күнгі ойындардан соң деңгейі жағынан екінші Дивизиондағы биылғы маусымның жеңімпазы анықталды.

«Шымкент» ВК қыздары ел чемпионатында 21-інші жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын, дәлірек айтқанда, биылғы біріншіліктің аяқталуына үш күн қалғанда, топ жарды. Енді оларды ешбір команда қуып жете алмайды.

Әрі бұл жетістікке олар жағрафиялық көршілерімен өткен «дербиден» кейін, яғни «Тараз» ВК қыздарын ұтып, қол жеткізді. Ал әулиеаталықтар биылғы маусымда төртінші рет жеңіліске ұшырап (бәрінде де шымкенттіктерге есе жіберіп), 2021/22-чемпионатында жеңімпаз болған атақтарынан айырылды.

Сөз жоқ, биылғы жеңімпаз іс жүзінде атағына сай болды. Олар бұған дейінгі төрт турда да топ жарды. Маусым бойы көш бастады. Сөйтіп, бес жылдан кейін («Қазығұрт-ОҚМУ» 2017/18-маусымында жеңімпаз атанған) Жоғарғы лиганың бас бәйгесі Шымкентке оралды. Ал осы Лиганың үш дүркін жеңімпазы «Тараз» ВК командасы үшінші рет күміс жүлдені қанағат тұтуға дайындала бертін болды.

Бейсенбі күні, биылғы чемпионаттағы соңғы демалыс күні қарсаңында, бесінші турда тағы бір «дерби» болады. Бұл жолы – батысқазақстандық. Жоғарғы лигаға биылғы маусымда ғана қосылған «Ақтөбе» ВК және «Атырау» ВК арулары төртінші орынды сарапқа салады. Ақтөбелік қыздар осы маусымда атыраулық ұжымды үш рет ұтқан. Енді төртінші рет басым түссе, турнир кестесі толықтай қорытындыланып шыға келеді.

Бесінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

Орал. ОЖСШМ с/з

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 14 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Исабаева; Төрешілер: Н.Шәменов, Ж.Бақтығалиев, В.Канакаев; Бас хатшы: А.Сухарева.

13 сәуір (бейсенбі)

(12:00) «Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

04-13-ЖЛӘ тк.png

12 сәуір

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-13, 26-24, 25-19)

Төрешілер: Канакаев, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 76-56. Матч уақыты: 63 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 3:1 (Орал), 3:1 (Атырау).

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 0:3 (20-25, 25-27, 18-25)

Төрешілер: Бақтығалиев, Шәменов. Доп айырмасы: 63-77. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 0:3 (Орал), 3:2 (Атырау).

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (21-25, 14-25, 21-25)

Төрешілер: Шәменов, Канакаев. Доп айырмасы: 56-77. Матч уақыты: 74 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент), 3:0 (Орал), 2:3 (Атырау).

11 сәуір

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-19, 25-11, 25-23)

Төрешілер: Шәменов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 59 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-19, 25-16, 25-20)

Төрешілер: Бақтығалиев, Канакаев. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 66 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25-18, 25-20, 17-25, 25-13)

Төрешілер: Канакаев, Шәменов, Плетнева. Доп айырмасы: 92-76. Матч уақыты: 99 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:1 (Шымкент), 3:0 (Орал), 3:0 (Атырау).

15 сәуір (сенбі)

(12:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

(14:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(16:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

16 сәуір (жексенбі)

(12:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

(16:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика