Главная / Высшая лига / Шымкент қыздары Тараз аруларын үшінші рет ұтты chempionat-rk

Шымкент қыздары Тараз аруларын үшінші рет ұтты

10/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау)

Атырауда әйелдер арасындағы Жоғарғы лига клубтары төртінші турды бастады. Олар бұл турдағы бірінші ойындарын Халықаралық әйелдер күні өткізді. Ал бейсенбіде шектен тыс шиеленісті матчтар нәтижесі көпшілікті таң қалдырды.

Сәрсенбіде өткен, бірінші күнгі ойындар бұған дейінгі үш турдағыдай, болжамды есептермен аяқталды. Яғни турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі командалар өздерін төмен орналасқан үш ұжымды аса қиналмай ұтты. Ал бейсенбі күні көшбасшылар арасындағы кездесу ғана емес, қалған екі матч та тартысты өтті.

Бүгінге дейін көш басындағы екі команданың арасын жеті ұпай бөліп тұрған. Ал бұл биылғы ел чемпионатындағы екеуара төртінші матч болатын. Бұған дейінгі үш турда да топ жарған «Шымкент» ВК қыздары өздерінің басты бәсекелесі «Тараз» ВК аруларын биылғы маусымда үшінші рет ұтып, өзара ұпай айырмасын 10-ға жеткізді. Ал екеуара матчтар қорытындысындағы жалпы есеп 10:2 болды. Яғни былтыр Лига жеңімпазы атанған «Тараз» қыздары биыл бұл мәртебелерінен айырылатын сияқты.

Негізі, көшбасшылар арасындағы матчқа дейін «Ақтөбе» ВК және «Елисеев Қарлығаштары» қыздары кездескен болатын. Дәл осы екі команда арасындағы, екінші турда Шымкентте өткен ойында Теміртау командасы биылғы маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізген еді. Нақтырақ айтқанда, Лигаға биыл ғана қосылған ұжымнан тай-брейкте ұтылған. Үш айдан кейін Жаратқан өзі «жар» болып, «қарлығаштар» сол еселерін қайтарды. Елена Никишина қыздары биылғы маусымдағы 17-ші матчта алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

Осындай тартысты ойындарға толы күнді тағы бір бессеттік ойын түйіндеді. Алаң иелері мен «Грация-KZ» арасындағы ойын да шиеленісті болды. Орал қыздары алғашқы екі партияда ұтылып қалғандарымен, тың күш «тауып», қосалқы құрамдағы қыздарының жанкештіліктері арқасында жеңісті жұлып алды. Дәлірек айтқанда, тай-брейкте басым түсті.

Жұма күні тағы бір қызықты ойын өтеді. Турнир кестесіндегі төртінші орынға таласқан «Атырау» және «Ақтөбе» қыздары дода көрігін қыздыра түсулері керек. Жоғары лига додасына биыл ғана қосылған екі ұжымның дәл қазір жеңістерінің саны бірдей, бірақ ақтөбеліктер бір ұпай айырмасымен жоғары тұр, әзірше.

Төртінші турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады. Тек соңғы, яғни 13 наурыз күнгі ойындардың басталу уақыттары өзгеретін болады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау)

Атырау. «Нұрсая» ДШСК

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 11 наурыз – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, М.Әбенов, А.Шашубай; бас хатшы: Б.Атимова.

10 наурыз (жұма)

(12:00) «Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Грация-KZ» – «Шымкент» ВК

(16:00) «Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК

09 ІІІ ЖЛӘ тк.png

09 наурыз

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 3:2 (9-25, 22-25, 25-21, 25-19, 15- 12)

Төрешілер: Шашубай, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 96-102. Матч уақыты: 116 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 0:3 (Орал).

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (25-14, 17-25, 25-23, 25-13)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Әбенов. Доп айырмасы: 92-75. Матч уақыты: 91 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 2:3 (Шымкент), 3:1 (Орал).

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 2:3 (26-24, 25-22, 18-25, 15-25, 6-15)

Төрешілер: Әбенов, Шашубай. Доп айырмасы: 90-111. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент), 3:0 (Орал).

08 наурыз

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-13, 25-13, 25-16)

Төрешілер: Шашубай, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-42. Матч уақыты: 61 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал).

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:0 (25-13, 25-9, 25-19)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Әбенов. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 67 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:1 (Шымкент), 3:0 (Орал).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-16, 25-19, 25-19)

Төрешілер: Әбенов, Шашубай. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент), 3:0 (Орал).

12 наурыз (жексенбі)

(12:00) «Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК

(14:00) «Тараз» ВК – «Грация-KZ»

(16:00) «Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК

13 наурыз (дүйсенбі)

(10:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика