Главная / Главные Новости / Үшінші орыннан екі ұжымның бар таласы chempionat-rk

Үшінші орыннан екі ұжымның бар таласы

13/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Ұлттық лигадағы клубтар дүйсенбіде кезекті ойындарын өткізіп, «1XBET» ХХХІ ел чемпионатының екінші турын аяқтауға айналды. Бұл турдағы соңғы ойындар сейсенбіге белгіленген.

Турнир кестесі бойынша, көпшілік назары екінші турдың алтыншы күні өтетін «Павлодар» ВК және «Ұшқын» жігіттері арасындағы ойынға ауып еді. Әрі бұдан бір күн бұрын павлодарлықтар «Есіл СК» командасымен екің сағат «арпалысып», көп күш жұмсаған. Ал көкшетаулықтар дүйсенбідегі маызды матчты ескеріп, «Буревестникке» бір сағат ойын уақыты ішінде «жол берген».

Қарсыласы қарымды болса да, осылай «тазы болып шалуды» ойлаған ұжымның ішкі есебі жүзеге асты. «Ұшқын» жеңіске жетіп, «Павлодар» ВК әуедопшыларынан бірінші турда кеткен есесін қайтарды. Әрі турнир кестесіндегі керекуліктермен арасын бір ұпайға дейін қысқартты. Ал павлодарлықтар биылғы маусымда бесінші рет жеңілістің кермек дәмін татып, «Буревестникпен» арасын он ұпайға дейін ұлғайтып алды. Ал бұл – тым алшақ гандикап.

Екінші турдың соңғы күні «Ұшқын» жігіттері «Есіл СК» командасымен кездеседі. Бүгін қызылжарлықтар да «Жайықты» ұтып, бірінші турда жіберген еселерін қайтарды. Әрі осы турда он ұпай олжалап, енді төртінші сатыға жайғасқан «Ұшқынның» орнына көз тігіп отырған да болар. Бірақ көкшетаулықтарға дейін әлі сегіз ұпай бар. Әйтсе де, сейсенбі күнгі матч екі команда үшін де маңызды болады.

Екінші турдағы соңғы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, М.Шамахунов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Нұсқаушы төреші: Л.Ким.

Бас хатшы: А.Нұрмағамбетова.

2-ші тур. Ойындар нәтижесі

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

13.12 НЛЖ Чемп.png

13.12 НЛЖ 2-тур.png

12 желтоқсан

«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 0:3 (22:25, 20:25, 21:25)

Төрешілер: Шамахунов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 63-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Есіл СК» – «Жайық» – 3:1 (23:25, 25:17, 25:18, 25:16)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 98-76. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Алматы)

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:1 (20:25, 25:16, 25:14, 25:22)

Төрешілер: Қалиев, Қабылбекова. Доп айырмасы: 95-77. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:0 (25-23, 25-17, 25-23)

Төрешілер: Өмірзақ, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

11 желтоқсан

«Павлодар» ВК – «Есіл СК» –3:2 (25:17, 20:25, 25:15, 19:25, 15:11)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 104-93. Матч уақыты: 120 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» – «Атырау» ВК – 0:3 (12:25, 18:25, 18:25)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21:25, 17:25, 13:25)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Жайық» – 3:1 (21:25, 28:26, 25:23, 25:15)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 99-89. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

09 желтоқсан

«Жайық» – «Тараз» ВК – 3:0 (25:22, 26:24, 25:21)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 76-67. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:1 (25:23, 27:29, 25:22, 25:19)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:1 (21:25, 25:19, 25:17, 28:26)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 99-87. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Алтай» – 3: 0 (25:11, 25:20, 25:21)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 2:3 (Алматы)

08 желтоқсан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-61. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:2 (25:16, 25:27, 19:25, 26:24, 15:10)

Төрешілер: Шамахунов, Ахметов. Доп айырмасы: 110-102. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:1 (17:25, 25:19, 25:14, 25:13)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 92-71. Матч уақыты: 89 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» – «Атырау» ВК – 2:3 (19:25, 25:23, 25:20, 25:27, 11:15)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 105-110. Матч уақыты: 122 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

07 желтоқсан

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 0:3 (15:25, 19:25, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Ұшқын» – 1:3 (25:19, 19:25, 22:25, 22:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 88-94. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:17, 25:18)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 98-83. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 3:1 (25:18, 20:25, 25:23, 25:16)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 95-82. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика