Үшеуінің жеңісі бірдей болды
03/03/2023
ҚР чемпионаты – 2022/23
Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)
3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)
Оралда жас жігіттер арасындағы Жоғарғы дивизионның үшінші туры көмбесіне жетті. Бұл турда үш команда алты рет жеңіске жетті. Әйтсе де, ел біріншілігінде көш бастап келе жатқан «Тараз-2» ұжымының екі ұпайы артық болды. Сөйтіп, әулиеаталықтар екінші рет тур жеңімпазы атанды. Бірақ біріншісінде көшбасшы мәртебесін «Буревестник-2» жігіттерімен тең бөліскен болатын.
«Атырау» ВК үшінші ойын күні тараздықтарды тізе бүктіріп, осы турда топ жаратын сыңай танытқандай еді. Бірақ қыстың соңғы күні мен көктемнің алғашқы жұлдызында «Алтай-2» өз әлеуетін паш етті. Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы әуелі «Буревестник-2», содан соң «Атырау-2» ВК ұжымдарынан басым түсті.
Мұнайшылардың ұтылып қалған сәтсіздігін «Тараз-2» тарландары қалт жібермей, кезекті жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінде бірінші орынға қайта оралды. Әрі екінші орындағы командамен аралықты бес ұпай айырмасына дейін ұлғайтып, өзгелерден қара үзді.
Турдың соңғы күні, яғни бейсенбіде өткен ойындар Оралдағы ең тез аяқталған матчтар болды. Бірінші төрттіктегі командалардың бәрі де өз қарсыластарын үш партияда ұтып, Жайық жағасындағы сапарларын аяқтап, төртінші кезеңдегі ойындарға әзірленуге асықты.
Екінші турдан кейін төртінші және бесінші орындардағы командалардың арасын 11 ұпай бөліп тұрса, үшінші турдан соң бұл аралық 17 ұпайға дейін ұлғайды. Яғни, жүлделі орындарды енді «Тараз», «Атырау», «Алтай» және «Буревестник» клубтарының қосалқы құрамдары сарапқа салады деп, сенімді түрде айта беруге болады.
Десек те, Оралда «Буревестниктің» фарм-клубы жаза басты. Олар өздерінің басты бәсекелестерінің бәрінен ұтылып қалды. Енді қай клуб қателеседі, оны төртінші турда білетін боламыз.
Әдеттегідей, тур соңында ұйымдастырушылар әр команда сапындағы үздік ойыншыларды анықтады (суреттер төменде): Шерхан Мағзамов (№3, «Тараз-2» ВК), Александр Измайлов (№33, «Буревестник-2»), Төлеби Әлімбек (№17, «Атырау-2» ВК), Нұрболат Ғалымов (№1, «Алтай-2»), Валерий Маслов (№8, «Есіл СК-2»), Бекболат Ғалымов (№4, «Ұшқын-2»), Станислав Грищенко (№14, «Жайық-2»), Марғұлан Рамазан (№11, «Павлодар-2» ВК).
======================================================
ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:
«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз
«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын
«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын
«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын
«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын
«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын
«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын
«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы
======================================================
3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК
2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК
1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»
======================================================
3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023, Орал)
Орал. «ОЖСШМ» с/з
* 27 ақпан – осы турдағы демалыс күні
* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі
Бас қазы: И.Қабылбекова; Төрешілер: Ж.Бақтығалиев, Б.Нұрсұлтанов, В.Суходол, Б.Сүйіндіков, С.Казак; Бас хатшы: А.Сухарева.
2 наурыз
«Ұшқын-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (20-25, 22-25, 9-25)
Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 64 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
«Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-21, 25-15, 25-9)
Төрешілер: Сүйіндіков, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-45. Матч уақыты: 57 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (22-25, 11-25, 19-25)
Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 62 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл).
«Жайық-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (15-25, 20-25, 15-25)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Суходол. Доп айырмасы: 50-75. Матч уақыты: 63 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
1 наурыз
«Тараз-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25-17, 25-14, 25-19)
Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 71 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:1 (26-24, 26-24, 19-25, 25-20)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 96-93. Матч уақыты: 103 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
«Атырау-2» ВК – «Алтай-2» – 1:3 (18-25, 25-22, 23-25, 16-25)
Төрешілер: Сүйіндіков, Суходол. Доп айырмасы: 82-97. Матч уақыты: 99 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (19-25, 20-25, 23-25)
Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 62-75. Матч уақыты: 70 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
28 ақпан
«Алтай-2» – «Буревестник-2» – 3:1 (25-18, 21-25, 25-22, 25-20)
Төрешілер: Бақтығалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 96-85. Матч уақыты: 95 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-22, 25-15, 25-18)
Төрешілер: Сүйіндіков, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 64 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Есіл СК-2» – «Тараз-2» ВК – 1:3 (16-25, 25-21, 21-25, 20-25)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Суходол. Доп айырмасы: 82-96. Матч уақыты: 98 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
«Ұшқын-2» – «Жайық-2» – 0:3 (15-25, 20-25, 18-25)
Төрешілер: Суходол, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 53-75. Матч уақыты: 72 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
26 ақпан
«Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2» – 0:3 (22-25, 15-25, 18-25)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 55-75. Матч уақыты: 67 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
«Тараз-2» ВК – «Алтай-2» – 3:0 (28-26, 25-22, 25-20)
Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 78-68. Матч уақыты: 81 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
«Буревестник-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (16-25, 22-25, 16-25)
Төрешілер: Сүйіндіков, Суходол. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 72 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
«Жайық-2» – «Есіл СК-2» – 2:3 (21-25, 25-22, 22-25, 25-22, 14-16)
Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 107-110. Матч уақыты: 131 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 1:3 (Петропавл).
25 ақпан
«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-12, 25-15)
Төрешілер: Суходол, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-43. Матч уақыты: 51 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (25-20, 25-17, 20-25, 22-25, 15-11)
Төрешілер: Казак, Суходол. Доп айырмасы: 107-98. Матч уақыты: 123 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
«Есіл СК-2» – «Ұшқын-2» – 3:1 (27-29, 25-19, 25-14, 25-14)
Төрешілер: Бақтығалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 102-76. Матч уақыты: 97 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-16, 25-17, 25-17)
Төрешілер: Сүйіндіков, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 69 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
24 ақпан
«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 0:3 (22-25, 16-25, 18-25)
Төрешілер: Суходол, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 62 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 1:3 (17-25, 21-25, 25-19, 14-25)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 77-94. Матч уақыты: 93 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
«Тараз-2» ВК – «Буревестник-2» – 3:1 (25-19, 25-19, 23-25, 25-19)
Төрешілер: Бақтығалиев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 98-82. Матч уақыты: 93 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Атырау), 3:2 (Петропавл).
«Жайық-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (16-25, 22-25, 18-25)
Төрешілер: Сүйіндіков, Суходол. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 74 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Атырау), 0:3 (Петропавл).
23 ақпан
«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-12, 25-18, 25-18)
Төрешілер: Суходол, Бақтығалиев. Доп айырмасы: 75-48. Матч уақыты: 57 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Атырау-2» ВК – «Ұшқын-2» – 3:0 (25-13, 25-21, 25-18)
Төрешілер: Бақтығалиев, Суходол. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 65 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
«Алтай-2» – «Есіл СК-2» – 3:2 (24-26, 25-18, 24-26, 25-15, 15-6)
Төрешілер: Сүйіндіков, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 113-91. Матч уақыты: 101 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:1 (Петропавл).
«Буревестник-2» – «Жайық-2» – 3:2 (25-19, 24-26, 21-25, 25-14, 15-10)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 110-94. Матч уақыты: 119 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Атырау), 3:0 (Петропавл).
======================================================
======================================================
ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ
ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК