Главная / Главные Новости / Шешуші кезеңде додаға түсетін жұптар анықталды chempionat-rk

Шешуші кезеңде додаға түсетін жұптар анықталды

03/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Жексенбі күні, 2 сәуірде ерлер арасындағы Ұлттық лиганың плей-офф додасында, ел чемпионатының шешуші матчтарында кездесетін жұптар түгелдей анықталды.

Жартылай финалдық, яғни 1-4 және 5-8 орындарды сарапқа салып жатқан төрт жұптың үшеуінде жеңімпазды анықтау үшін үш ойын толығымен қажет болды. Тартысты додалардың нәтижесінде «Ұшқын» мен «Есіл» өз жұптарында екінші рет жеңіске жетіп, енді 5-орынға таласатын болды. ойындардан соң, тек бір жұпта жеңімпаз анықталды.

Бұл екеуінің қарсыластары, яғни «Жайық» пен «Алтай» сенбі күні жалпы есептегі таразы басын теңестіргендерімен, жексенбіде бақтары жанбай, жеңілістің кермек дәмін татты. Енді өзара додаға түсіп, Лига пелетонын қайсысы тұйықтайтындығын анықтайды.

Финалда бақ сынайтын екінші команданы анықтау үшін де үшінші ойын қажет болды. Ал финалға шыққан бірінші команда «Павлодар» ВК болған. Олар екі матчта «Буревестник» жігіттерін ұтып, бас бәйгені сарапқа салу құқығына бір күн бұрын ие болған-тын.

«Атырау» ВК және «Тараз» ВК арасындағы екінші текетірес ең ұзақ жартылай финалдық дода болды. Шамамен алты сағатқа жуық (355 минут) ойын, тартысты 11 партия, екі тай-брейк, алты жүзге жуық (596) ұпай – деңгейлес екі ұжым үшін өте жоғары көрсеткіштер.

Мұнайшылар чемпиондық атақтарынан айырылып қалуға шақ қалды. Жағдайлары қыл үстінде тұрды. Бірақ шешуші тай-брейкте бақтары жанып, жолдары болды. Енді «Атырау» биылғы чемпиондық мәртебені алаң иелерімен сарапқа салады.

Қола жүлдені, тура былтырғыдай, «Буревестник» пен «Тараз» ВК тарландары сарапқа салады. Дүйсенбі күні командалар дем алады. Ал сейсенбіден бастап, тағы да осындай қызықты, әрі тартысты додалар шешуші кезең көрігін қыздыра түседі деп үміттенеміз.

Плей-офф додасындағы матчтар 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* Астана уақытымен

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

4 сәуір (сейсенбі)

7-орын үшін

(10:00) «Жайық» – «Алтай»

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

5-орын үшін

(12:30) «Ұшқын» – «Есіл СК»

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау).

3-орын үшін

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

Финал

(17:30) «Павлодар» ВК – «Атырау» ВК

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

02 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:2 (25-16, 23-25, 20-25, 25-23, 15-11)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 108-100. Матч уақыты: 116 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

«Есіл СК» – «Алтай» – 3:1 (25-19, 19-25, 25-22, 25-22)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 94-88. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар), 2:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:2 (25-27, 25-19, 22-25, 25-23, 15-10)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 112-104. Матч уақыты: 130 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

01 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (13-25, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Алтай» – 2:3 (25-19, 20-25, 16-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 125 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-22, 25-22, 31-29)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-73. Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 1:3 (23-25, 25-16, 21-25, 13-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 82-91. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

31 наурыз

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» (5) – «Жайық» (8) – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 108-102. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК» (6) – «Алтай» (7) – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 77-64. Матч уақыты: 80 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4) – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 114-112. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

«Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3) – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 87-98. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

5 сәуір

7-орын үшін (10:00) «Жайық» – «Алтай»

5-орын үшін (12:30) «Ұшқын» – «Есіл СК»

3-орын үшін (15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

Финал (17:30) «Павлодар» ВК – «Атырау» ВК

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика