Главная / Высшая лига / Үш ойын да тай-брейкке ұласты chempionat-rk

Үш ойын да тай-брейкке ұласты

02/03/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Ерлер арасындағы Жоғарғы лига додасының үшінші туры ел чемпионатының бел ортасына жетіп, көктемнің бірінші күніне тап келді. Астанада өтіп жатқан турдың үшінші күнгі ойындары осы маусымдағы барлық рекордтарды бұзып, жанкүйерлдерді алты сағаттан астам тартысты дода сыйлады. Әрі бар болғаны, үш матчта 653 ұпай сарапқа салынды.

Сәрсенбі күнгі үш ойын да бес партияға созылды. Бәрі де өте тартысты өтіп, дода көрігі аса жоғары болды. Жалпы, осы турда бүгінге дейін өткен 9 матчтың бесеуі (!) тай-брейкке дейін ұласып, тек біреуі ғана үш сетте аяқталды. Мұның өзі осы дивизиондағы бәсекелесетік деңгейін меңзеп тұрғандай.

Астана туры басталмай тұрып, «Тұран» тарландарынан 5 ұпай, ал «Шымкент-Динамо» ВК жігіттерінен 8 ұпай айырмасымен алда тұрған, бұған дейінгі екі турда жеңімпаз атанған, дивизион көшбасшысы «Жетісу-Жастар» командасы үш күнгі ойындардан соң, осы бьасымдықтарының бәрінен айырылып, еңсесі түсіп кетті.

Түркістан тарландарынан соң, жетісулықтарды Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы да тізе бүктірді. Бірақ шыцмкенттіктер тай-брейкте жеңіске жетті. Сөйтіп, «Шымкент-Динамо» ВК жігіттері «Жетісу-Жастар» командасымен жеңістерініңң саны бойынша теңесті. Бірақ әлі де үш ұпайы кем.

Ал «Тұран болса, талдықорғандықтарды ұпай саны бойынша қуып жетіп, жеңістерінің саны артық болғандықтан, әзірше көш бастап тұр. Бейсенбі күні осы турдағы соңғы – қызықты матч. Түркістандықтар мен шымкенттіктер арасындағы – оңтүстікқазақстандық дерби. Бұған дейін, яғни биылғы маусымда, олар екі рет кездесіп, әрқайсысы бір рет жеңіске жеткен.

«Маңғыстау» үшінші рет қатарынан (!) қарсыласына ойынды тай-брейкке ұластырып, содан соң жеңісті жұлып алуына мүмкіндік беріп қойып жүр. Мұны аз десеңіздер, ақтаулықтар соңғы алты матчта бесінші рет бессетік ойын өткізіп отыр. Енді тек «Маңғыстау» жігіттерінің жеңіске жеткенін күтеміз.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да және 15:00-де басталады.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

3-тур (27 ақпан – 3 наурыз 2023, Астана)

Астана. «ASPAN» с/к

* Астана уақытымен

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Исабаева; Төрешілер: А.Ахметов, Е.Искаков, Т.Жүсіпбеков; Бас хатшы: А.Нұрмағамбетова.

3 наурыз (жұма)

(10:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»

(12:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау»

(15:00) «Қайсар» – «Тұран»

2 наурыз (бейсенбі)

(10:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(12:30) «Жетісу-Жастар» – «Қайсар»

(15:00) «Тұран» – «Шымкент-Динамо» ВК

2 3 ЖЛЖ тк.png

1 наурыз

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:2 (20-25, 25-19, 22-25, 25-17, 15-8)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 107-94. Матч уақыты: 110 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:2 (Қызылорда).

«Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 3:2 (25-19, 26-24, 23-25, 25-27, 16-14)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 115-109. Матч уақыты: 129 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

«Шымкент-Динамо» ВК – «Жетісу-Жастар» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 28- 26, 17-15)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 115-113. Матч уақыты: 127 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер –0:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

28 ақпан

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (16-25, 25-20, 25-18, 14-25, 11-15)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 91-103. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 1:3 (22-25, 25-21, 24-26, 26-28)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 97-100. Матч уақыты: 114 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда).

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (16-25, 25-23, 15-25, 20-25)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 76-98. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда).

27 ақпан

«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:2 (24-26, 25-22, 25-27, 25-17, 15-13)

Төрешілер: Жүсіпбеков, Искаков. Доп айырмасы: 114-105. Матч уақыты: 113 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (19-25, 23-25, 25-16, 23-25)

Төрешілер: Ахметов, Жүсіпбеков. Доп айырмасы: 90-91. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда).

«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» – 3:0 (25-20, 25-19, 25-23)

Төрешілер: Искаков, Ахметов. Доп айырмасы: 75-62. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда).

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика