Главная / Главные Новости / Сегіз жылда бірінші рет жартылай финалдан тыс қалдық mezhdunarodnye-sorevnovaniya

Сегіз жылда бірінші рет жартылай финалдан тыс қалдық

30/04/2023

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

(2023 Asian Women's Club Championship)

(25 сәуір – 02 мамыр 2023 ж.; Виньфук, Вьетнам)

Ава-КЧА (Ж).jpg

Сенбі күні, әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңі көмбесіне жетті. Қазақ елі жанкүйерлері күмәнсіз болжағандай, ел чемпионы жартылай финалға шыға алмады. Былтар Азияның вице-чемпионы атанған қыздарымызға биыл үш жеңіс те жеткіліксіз болып, жүлделі орындардан үмітін үзді.

к-03.jpg

Қарсыластарын «қоғадай» жапырып келе жатқан Қытайдың «Liaoning Donghua» клубының Таиланд чемпионы «Diamond Food» қыздарымен кездескенде, шабыты шау тартып сала берді. Бұл «В» тобындағы соңғы ойын болатын. Жеме-жемде тай қыздарының жеңіске деген жігерліктері қытайлықтардан әлдеқайда асып түсті. Енді, бұл – түсінікті де. Қытай клубы жартылай финалда бақ сынау құқығына бұдан бір күн бұрын қол жеткізген. Ал Таиланд чемпионына жүлделі орындарды сарапқа салатын келесі кезеңге өту үшін тек жеңіс қажет еді. Осылай, «В» тобындағы үш клубтың жеңістерінің саны бірдей болды. Үшеуі де үш мәрте жеңіске жеткендерімен, олардың «бағасы» әр түрлі болып шықты.

Өкінішке қарай, «Алтай» арулары жеңістерінің бағасы сәл «төмендеу» тартты. Сөйтіп, соңғы сегіз жылда клубтық Азия чемпионатына жетінші рет қатысып отырған Өскемен клубы (2020 жылы бұл дода жұқпалы індетке байланысты өтпей қалған) алғаш рет жартылай финалға шыға алмады. Әрі бұл жолы төртінші орыннан төмен орналасатын болды.

Тай қыздары болса, Қытай командасын ұтқан соң, «В» тобында бірінші орынға ие болды. Енді олар жартылай финалда, «А» тобындағы бірінші орын үшін өткен матчта алаң иелерінен ұтылып қалған Тайбэй чемпионымен кездеседі. Ал «Liaoning Donghua» өз жеріндегі турнирде әлі ұтылып көрмеген «Sport Center 1» аруларымен додаға түседі.

Соңғы ойынның «нәлет-наласы» Қытай қыздарының өздеріне айналып тие ме, жоқ па, оны уақыт көрсетер, ал «Алтай» 5-9 орындарды сарапқа салатан бестікте әлі екі ойын өткізеді. Қазақ елі чемпионы жексенбі күні дем алып, мамырдың алғашқы екі күнінде «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Paykan» (Иран) клубтарымен кездеседі. Екі ойын да Астана уақытымен 12:30-да басталады.

=====================

«АЛТАЙ» (Өскемен) – 2023 жылғы КАЧ-ында: №2(к). Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4. Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5. Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7. Зарина Сейітқазинова (20.03.1993), №9. Валерия Чумак (20.09.1994), №10. Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11. Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14. Светлана Парукова (21.09.1990), №15(л). Мадина Бекет (06.11.1999), №16. Татьяна Никитина (15.01.2001), №17. Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18. Кристина Аниконова (05.01.1991), №19. Сәния Балағазинова (16.11.2002), №21(л). Томирис Сағымбаева (01.08.2001).

Бас бапкер – Юрий ПАНЧЕНКО (Ресей).

Қазақстан төрешісі – Юлия АКУЛОВА.

к-010.jpg

=====================

Әйелдер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

Қатысатын командалар: 9

Өткізілетін жері: Вьетнам

Өткізілу мерзімі: 25.04 – 02.05.2023

Ойындар саны: 26

к-01.jpg

Шешуші кезең

02 мамыр (сейсенбі)

ФИНАЛ

(/Вьетнам – Қытай/ Жеңімпазы – /Таиланд – Тайбэй/ Жеңімпазы)

3-орын үшін өтетін матч

(/Вьетнам – Қытай/ Ұтылғаны – (Таиланд – Тайбэй/ Ұтылғаны)

5-9 орындар үшін өтетін матчтар

«Paykan» (Иран) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

(12:30) «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Алтай»

01 мамыр (дүйсенбі)

Жартылай финал

«Sport Center 1» (Вьетнам) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай),

«Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «King Whale» (Тайбэй)

5-9 орындар үшін өтетін матчтар

«Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

(12:30) «Paykan» (Иран) – «Алтай»

30 сәуір (жексенбі)

5-9 орындар үшін өтетін матчтар

«Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

«Paykan» (Иран) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия)

04-КАЧ 5-9тк.png

к-04.jpg

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі (25-29 сәуір)

«А» тобы: «Hisamitsu Springs» (Жапония), «Sport Center 1» (Вьетнам), «King Whale» (Тайбэй), «Paykan» (Иран).

«В» тобы: «Алтай» (Казахстан), «Liaoning Donghua VC» (Китай), «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд), «Khuvsgul Erchim VC» (Монголия), «Hip Hing VB Club» (Гонконг)

группы.jpg

04-КАЧ тк тк.png

29 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Paykan» (Иран) – 3:0 (25-20, 25-15, 25-17)

(«А»): «Sport Center 1» (Вьетнам) – «King Whale» (Тайбэй) – 3:1 (25-12, 25- 23, 20-25, 25-23)

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 3:1 (23-25, 29-27, 25-22, 25-17)

(«В»): «Алтай» – «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – 3:0 (25-14, 25-8, 25-12)

SCHEDULE-WEB_01-5-1536x206.jpg

протокол4.JPG

28 сәуір

(«А»): «Paykan» (Иран) – «King Whale» (Тайбэй) – 1:3 (14-25, 10-25, 25-19, 18-25)

(«В»): «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 3:0 (25-14, 25-16, 25-21)

(«В»): «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – 3:0 (25-20, 25-8, 25-14)

к-02.jpg

27 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 1:3 (20-25, 25-17, 21-25, 15-25)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 1:3 (25-22, 9-25, 20-25, 17-25)

(«В»): «Алтай» – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (19-25, 22-25, 21-25)

SCHEDULE-WEB_01-3-1536x206.jpg

к-05.jpg

26 сәуір

(«А»): «Hisamitsu Springs» (Жапония) – «King Whale» (Тайбэй) – 2:3 (25-16, 21-25, 22-25, 26-24, 8-15)

(«В»): «Hip Hing VB Club» (Гонконг) – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 0:3 (8-25, 12-25, 12-25)

(«В»): «Алтай» – «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – 3:0 (25-12, 25-9, 25-11)

SCHEDULE-WEB_02-3-1536x202.jpg

к-06.jpg

25 сәуір

(«А»): «Paykan» (Иран) – «Sport Center 1» (Вьетнам) – 2:3 (22-25, 25-21, 18-25, 25-22, 10-15)

(«В»): «Khuvsgul Erchim VC» (Моңғолия) – «Liaoning Donghua VC» (Қытай) – 0:3 (15-25, 13-25, 9-25)

(«В»): «Алтай» – «Diamond Food Fine-Chef Sport Club» (Таиланд) – 3:2 (22-25, 19-25, 25-22, 25-14, 15-11)

SCHEDULE-WEB_02-2-1536x202.jpg

к-07.jpg

====================================================

====================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика