Главная / Высшая лига U-23 / Сары ала доп Таразға да оралды chempionat-rk

Сары ала доп Таразға да оралды

11/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз)

Сейсенбі күні, 11 сәуірде, Тараз төрінде жігіттер арасындағы Жоғарғы дивизион додасы бесінші турды бастайды. Соңғы тур қарсаңында екі команда бірдей ұпай жинап, көш басында тық тіресіп келеді – «Атырау-2» ВК және «Тараз-2» ВК.

Жамбыл облысы әкімшіліктік орталығының бір жылға созылған, волейбол додасын өткізуден шеттетілген жазасының мерзімі аяқталған. Сөйтіп, тараздықтар биылғы ел чемпионаты картасында, өз жанкүйерлерін ел чемпионаты-2022/23 ойындарының қызығына бөлейтін 14-ші қала болғалы отыр. Әрі өз алаңында ойнап, жанкүйерлеріне арқа сүйейтін басымдық оларға дәл қазір ауадай қажет.

Биылғы жеңімпаз мәртебесіне жету үшін бұл – өте маңызды. Себебі төртінші турда тараздықтардан бес ұпай айырмасымен қалып келе жатқан «Атыраудың» фарм-клубы өз алаңында оларды қуып жетіп, тіпті бір жеңісі артық болып, алға шыққан. Ал өткізген ойындарының саны – бірдей (28). Лига көшбасшыларының ендігі екеуара кездесулері сәрсенбі күні, яғни 12 сәуірде өтеді. Әзірше, биылғы маусымдағы өзара матчтарда мұнайшылар басым – 9:3.

Осы ретте айта кетейік, осы екі ұжымның негізгі құрамдары да Ұлттық лиганың жартылай финалында кездесіп, атыраулықтар финалға шығып, тараздықтар қола жүлдені сарпақа салу құқығымен ғана шектелген. Бұдан кейін батыстықтарчемпиондық атағынан айырылып, ал әулиеаталықтар екінші жыл қатарынан төһртінші орынды қанағат тұтқан. Енді екеуінің де қосалқы құрамдарында өздерінің ғана емес, негізгі құрамдағы ағаларының көңіл-күйлерін көтеріп, жеңіске жетер мүмкіндік бар.

Көш басындағы осы екеуінен Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы, яғни «Алтай-2» командасы төрт ұпай айырмасымен қалып келеді. Әзірше чемпиондық атағынан әлі айырылмаған өскемендіктер де жоғарыда аталған екі ұжымның арасындағы бәсекеге сырттай бықылап қана отырмайтын шығар. Маусым қорытындысына әсер етуге тырысатындары анық.

«Алтай-2» көш бастап келе жатқан екі ұжыммен, олардың арасындағы екеуара матчтан соң, алма-кезек кездеседі. 13 сәуір күні «Атырау-2» ВК жігіттерімен додаға түссе, 14 сәуірде алаң иелерімен ойнайды. Мұның бәрі, Лига жеңімпазы тек бесінші турдың соңғы күні, яғни 18 сәуірде ғана анықталуы тиіс ықтималдығын арттыра түседі. Қысқасы, Тараздағы тайталас тым тартысты болары анық.

Бесінші турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

Тараз. «Тараз-Арена»

* Астана уақытымен

* 15 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

04 11 МЛМ ткж.png

04 11 МЛМ он4.png

11 сәуір (сейсенбі)

(10:00) «Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Алтай-2» – «Жайық-2»

(15:00) «Буревестник-2» – «Есіл СК-2»

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Ұшқын-2»

12 сәуір (сәрсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2»

(12:30) «Жайық-2» – «Буревестник-2»

(15:00) «Ұшқын-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК

13 сәуір (бейсенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Ұшқын-2»

(12:30) «Есіл СК-2» – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК

14 сәуір (жұма)

(10:00) «Ұшқын-2» – «Есіл СК-2»

(12:30) «Павлодар-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Атырау-2» ВК – «Буревестник-2»

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Алтай-2»

16 сәуір (жексенбі)

(10:00) «Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Жайық-2» – «Ұшқын-2»

(15:00) «Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК

(17:30) «Буревестник-2» – «Тараз-2» ВК

17 сәуір (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2»

(12:30) «Атырау-2» ВК – «Жайық-2»

(15:00) «Алтай-2» – «Буревестник-2»

(17:30) «Тараз-2» ВК – «Есіл СК-2»

18 сәуір (сейсенбі)

(10:00) «Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК

(12:30) «Ұшқын-2» – «Атырау-2» ВК

(15:00) «Есіл СК-2» – «Алтай-2»

(17:30) «Жайық-2» – «Тараз-2» ВК

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика