Главная / Высшая лига / Ақпан айындағы «аламан» chempionat-rk

Ақпан айындағы «аламан»

06/02/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

3-турлар (11 ақпан – 03 наурыз, 2023 жыл)

4-турлар (13 ақпан – 02 наурыз, 2023 жыл)

Қаңтар айының ортасында Балалар лигасында өнер көрсететін болашақ жас шеберлеріміз додаға түсіп, іле-шала Ұлттық лигалардағы кәсіпқой ойыншыларымыз кезекті турларын өткізді. Енді, яғни қыс мезгілінің соңғы айында, Қазақстан чемпионатының барлық (алты) лигасындағы командалар дода көрігін қыздырады. Олардың төртеуі, яғни Жоғарғы және Жастар лигаларындағы ұжымдар, үшін үшінші тур ойындары 2023 жылғы ең алғашқы доп додасы болады. Ал Ұлттық лигалардағы клубтарымыз төртінші турмен ел чемпионатының негізгі бөлігін тәмамдап, көктемде басталатын плей-офф сатысына дайындалады.

Ұлттық лигадағы ер-жігіттер төртінші турды 13-21 ақпан аралығында, былтырғы маусымдағы ел чемпионы және биылғы біріншілігіміздің көшбасшысы «Атырау» клубының алаңында өткізеді. Ал қыз-келіншектеріміз екінші кезеңнің соңғы турын 25 ақпаннан бастап, 2 наурызға дейін Түркістанда өткізетін болады. Сәуір айының аяғында Өскеменнің «Алтай» клубы, ал мамырдың ортасында «Атырау» жігіттері клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. Осы орайда, Ұлттық лигаларымыздың ел чемпионатын басқаларынан бұрын аяқтайтындығына көңіл аударғымыз келеді.

Жоғарғы лигалардағы командаларымыз үшінші тур ойындарын өткізумен қатар, биылғы доп додасын бел ортасынан еңсереді. Әйелдер 11-16 ақпан күндері Оралда, ал ерлер 27 ақпаннан бастап, 3 наурызға дейін осы дивизиондағы ұжымдардың бәріне бейтарап Астана алаңында додаға түседі. Жастар арасындағы дивизиондарымыз да үшінші турды бастайды. Жігіттер 23 ақпаннан бастап, 2 наурызға дейін Оралда, ал бойжеткендер 12-17 ақпан аралығында тағы да Өскеменде (бірінші айналымның екінші турын осы қалада ойнаған) өз өнерлерін паш етеді.

Сөйтіп, бұған дейін ел чемпионатының кезекті турларын қабылдаған сегіз қаламызға, атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Атырау, Петропавловск және Павлодар шаһарларына ақпан айындағы турларда тағы үш қаламыздың жанкүйерлері қосылады – Орал, Түркістан, Астана. Осылай,биылғы ел чемпионатын ұйымдастыруға ат салысқан ареналар саны 11-ге жетіп отыр.

Биылғы ел чемпионатына қатысатын 50 команданың бесеуі әлі жеңіске жетіп көрмеген, үшеуіне тіпті «соқыр» ұпай да бұйырмай келеді. Тек Өскеменнің екі ұжымы ғана, нақтырақ айтқанда, Ұлттық лигадағы «Алтай» мен Жастар лигасындағы «Алтай-4» әлі жеңілістің кермек дәмін татпай келеді.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Ұлттық лига «1ХBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

Таблица №1.png

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23. Ұлттық лига «1ХBET» (әйелдер)

2-кезең, 4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 ж., Түркістан)

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023 ж., Өскемен). Жеңімпаздар – «Алтай»; «Айқаракөз» және «Тұран»

1-кезең (16-22 қараша 2022 ж., Петропавл; 20-27 желтоқсан 2022 ж., Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

Таблица №2 (1).png

ҚР чемпионаты-2022/23. Жоғарғы лига (әйелдер)

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

2-тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

Таблица №3.png

ҚР чемпионаты-2022/23. Жоғарғы лига (ерлер)

3-тур (27 ақпан – 03 наурыз 2023 ж., Астана)

2-тур (21-27 желтоқсан 2022 ж., Қызылорда). Жеңімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-тур (21-27 қараша 2022 ж., Талдықорған). Жеңімпаз – «Жетісу-Жастар»

Таблица №4.png

ҚР чемпионаты-2022/23. Жоғарғы жастар дивизионы, ҰЛ қосалқы құрамдары (әйелдер)

2-айналым, 3-тур (12-17 ақпан 2023 ж., Өскемен)

1-айналым (05-11 қараша 2022 ж., Петропавл; 12-17 желтоқсан 2022 ж., Өскемен). Жеңімпаз – «Алтай-4»

Таблица №5.png

ҚР чемпионаты-2022/23. Жоғарғы жастар дивизионы, ҰЛ қосалқы құрамдары (ерлер)

3-тур (23 ақпан – 02 наурыз 2023 ж., Орал)

2-тур (16-23 желтоқсан 2022 ж., Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-тур (13-20 қараша 2022 ж., Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

Таблица №6.png

ҚФВ Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

ҚФВ ресми демеушісі – 1ХBET БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика