Главная / Главные Новости / Оңтүстік өңір өрендері волейболға ден қойды chempionat-rk

Оңтүстік өңір өрендері волейболға ден қойды

07/04/2023

Жасөспірімдер лигасы – 2022/23

2004-2005 ж.т., 2006-2007 ж.т., 2008-2009 ж.т., 2010-2011 ж.т. және олардан кіші жеткіншектер.

ҚР чемпионаты-2022/2023

(23 маусым 2022 ж. – 28 наурыз 2023 ж.)

Ұлдар

Ұл балалар лигасындағы ҚР-2022/23 чемпионаты өткен жылғы 23 маусым күні жалауын көтеріп, 28 наурызда көмбеге жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас волейболшылар мектептердегі каникул уақыты кездерінде, U-11 және U-18 арасындағы төрт жас шамасында, ҚВФ туы астында ел біріншілігінде сынға түсті.

Ұлдар арасындағы ел біріншілігі отанымыздың 8 қаласы мен екі қонысында өтті. Төрт рет ұйымдастырылған додаға жалпы саны 201 команда қатысты.

Бәрінен кіші, яғни 11-12 жас шамасындағы ұлдар арасындағы және орта 15-16 жас шамасындағы додаларда негізінен Жетісу облысы бозбалалары топ жарып жүр. Дәл осы облыстағы жеткіншектер арасындағы волейболға қызығушылық танытушылар қатары көпті қызықтырады. Жалпы, еліміздің оңтүстік бөлігінде әуедопқа деген әуестік артып келеді. Олардың нәтижелеріне ден қойсақ, жақын арада ел намысын қорғайтын ізбасарлар осы аймақтардан түлетіп ұшатындай.

Оларға тек Өскеменнің «Алтай» клубы жүйесіндегі бозбалалар ғана лайықты деңгейде қарсылық көрсетіп, ересектер арасындағы, яғни 17-18 жас шамасындағы ел біріншілігінде екі рет топ жарды. Қалған додаларда оңтүстік ұландары дес бере емес. Әрі даму жағрафиясының ауқымы кең – Шымкент, Тараз, Түлкібас, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары.

Өздеріңіз де байқап отырсыздар, балалар арасында қызығушылық бар, енді тек лайықты деңгейде қолдап, демеп-жебей алсақ, шіркін.

003 (1).jpg

Көктемгі ҚРЧ (56 команда; 23-28 наурыз 2023 ж.; Түркістан, Талдықорған, Шымкент, Нарын ауылы (Алматы обл.)

Қысқы ҚРЧ (41 команда; 05-10 қаңтар 2023 ж.; Орал, Петропавл, Талдықорған, Түлкібас)

Күзгі ҚРЧ (53 команда; 02-07 қараша 2022 ж.; Ақсай, Шымкент, Өскемен)

Жазғы ҚРЧ (51 команда; 23-28 маусым 2022 ж.; Өскемен, Орал, Түркістан, Азаттық ауылы (Түлкібас ауданы)

===============

Әр жас шамасындағы жеңімпаздар

Ұлдар, 2004-2005 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (8, Түркістан):Жеңімпаз – «Алтай-3» ОРМБЖМ (ШҚО)

Қысқы ҚРЧ (8, Орал): Жеңімпаз – Шымкент

Күзгі ҚРЧ (10, Шымкент): Жеңімпаз – Тараз

Жазғы ҚРЧ (8, Өскемен): Жеңімпаз – «Алтай-3» ОРБЖМСМ-3 (ШҚО)

Ұлдар, 2006-2007 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (11, Талдықорған): Жеңімпаз – Жетісу обл.

Қысқы ҚРЧ (10, Петропавл): Жеңімпаз – Жетісу обл.

Күзгі ҚРЧ (14, Өскемен): Жеңімпаз – Жетісу обл.

Жазғы ҚРЧ (14, Орал): Жеңімпаз –- Алматы обл.

Ұлдар, 2008-2009 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (21, Шымкент): Жеңімпаз – Жетісу обл.

Қысқы ҚРЧ (8, Талдықорған): Жеңімпаз – Түркістан обл.

Күзгі ҚРЧ (19, Шымкент): Жеңімпаз – Түркістан обл.

Жазғы ҚРЧ (15, Түркістан): Жеңімпаз – Қызылорда-1

Ұлдар, 2010-2011 ж.т.:

Көктемгі ҚРЧ (16, Нарын ауылы, Алматы обл.):Жеңімпаз – Жетісу обл.

Қысқы ҚРЧ (15, Түлкібас): Жеңімпаз – Жетісу обл.

Күзгі ҚРЧ (15, Ақсай): Жеңімпаз – Жетісу обл.

Жазғы ҚРЧ (14, Азаттық ауылы, Түлкібас ауданы): Жеңімпаз – Түлкібас

===============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика