Главная / Высшая лига U-23 / Қосалқы құрамдар жеңімпазы – «Алтай-3» (Өскемен) арулары chempionat-rk

Қосалқы құрамдар жеңімпазы – «Алтай-3» (Өскемен) арулары

14/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

5-тур (08 – 13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «АЛТАЙ-3» (Өскемен), 2. «Алтай-4» (Өскемен), 3. «Жетісу-2» (Талдықорған), 4. «Ертіс-2» (Павлодар), 5. «Тұран-2» (Түркістан), 6. «Алматы-2» ВК, 7. «Қарағанды-2» ВК, 8. «Айқаракөз-2» (Талдықорған), 9. «Қуаныш СК-2» (Петропавл), 10. «Ару-Астана-2» (Астана), 11. «Қуаныш-2» (Петропавл).

Бейсенбі күні, 13 сәуірде бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизион додасы көмбесіне жетті. Өскеменде өткен, шектен тыс шиеленісті шешуші кезеңде, шым-шытырық жағдай бірнеше рет өзгеріп, ақыры Өскеменнің үшінші «Алтайының бағы жанды. Олардың әріптестері, «Алтай-4» күміс жүлдегер атанып, тур басында суырылып алға шыққан «Жетісу-2» қола жүлдені қанағат тұтты.

на аву.jpg

Бесінші турдың регламентіне сай, жеңімпаз команда тек соңғы күні ғана белгілі болды. Ал қорытынды есептегі жеңімпазды анықтау үшін тіпті «ҚРЧ өткізу туралы ереженің» 8.2. тармағындағы үшінші шартқа жүгінуге тура келді. Таратып айтқанда, жалпы жеңістерінің саны мен ұпайлары санынан кейін, барлық матчтардағы партияларының коэффициенті есепке алынады.

Осындай, аса сирек кездесетін жағдайда, медаль бағасы мен құны бір ғана «артық» ұтылған партияға байланысты шешіледі. «Алтай-4» қыздары Өскемен турында алты партияда ұтылыпты. Ал «Алтай-3» аруларының бұл көрсеткіші бір сетке кем екен. Егер екеуінің арасындағы төртінші матчта маусым бойы көш бастаған «Төртінші» құрам өз жерлестерін 3:1 емес, 3:0 есебімен ұтқанда, жағдай мүлде басқаша болар еді. Десек те, болары болды.

Соңғы турдағы жағдайдың осынша шиеленістіріп, дода көрігін мейілінше қыздырған команданы атап өтпеу мүмкін емес. «Жетісу-2» алғашқы үш күнгі жеңістерінен соң ойқастап, алға шыққан. Әрі олардың қолында бір емес, тіпті екі «чемпиондық» матчбол болды. Еш қиындығы жоқ түйін сияқты еді. Бірақ бір күндік демалыстан соң Талдықорған командасы өз жылдамдығы мен қарқынынан өзі үркіп қалғандай болды.

Бір қызығы, ең соңында бұл команданың жолын кескен «Ертіс-2» қыздары болды. Жалпы, биыл Павлодар волейболшыларының шешуші кезеңдердегі адам таң қаларлық ерліктері онсыз да жеткілікті емес пе еді?! Негізгі құрамы «Алматы» ВК аруларын жартылай финалға өткізбей, мүлдем жүлдесіз қалдырған. Ал қосалқы құрамы «Жетісу-2» ұжымын «чемпиондық» мәртебеден айырды.

Сөйтіп, 2022 жылы 5 қараша күні Қызылжар төрінде жалауын көтерген бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизион (U-23), яғни Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары арасындағы ел біріншілігі 2023 жылы 13 сәуірде Өскемен қаласында мәреге жетті. Осы фарм-клубтар арасындағы бойжеткендер додасы еліміздің жетінші біріншілігі болып, қатысушылары саны бойынша рекордты көрсеткішпен өтті.

Жастар арасындағы (U-23) Жоғарғы дивизион. Барлық жеңімпаздар Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер):

1* = «АЛТАЙ-3» Өскемен (2022/23)

2* = «Жетісу-2» Талдықорған (2019/20, 2020/21);

1* = «Қуаныш-2» (2021/22);

1* = «Алматы-2» ВК (2018/19);

1* = «Ертіс-Қазхром-2» Павлодар (2017/18);

1* = «Алтай-2» Өскемен (2016/17).

3-Алтай.jpg

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен). Чемпион – «Алтай-3»

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Николай Благовты еске түсіруге арналған

Өскемен. ШҚО ОРМБЖСМ

* 11 сәуір – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: А.Ахметов; Төрешілер: Б.Нұрсұлтанов Ғ.Әбдірейімов, С.Досболов, Б.Ахадиянов, Н.Мұқажанов

04 14 ЖДҚ-тк.png

13 сәуір («Қуаныш СК-2» дем алды)

«Ару-Астана-2» – «Айқаракөз-2» – 0:3 (13-25, 14-25, 25-27)

Төрешілер: Ахадиянов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 52-77. Матч уақыты: 69 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 2:3 (Өскемен).

«Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК – 0:3 (9-25, 14-25, 12-25)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 35-75. Матч уақыты: 50 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 0:3 (Қарағанды).

«Жетісу-2» – «Ертіс-2» – 0:3 (20-25, 23-25, 23-25)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 66-75. Матч уақыты: 74 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Алматы-2» ВК – «Алтай-3» – 0:3 (7-25, 18-25, 18-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Досболов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 55 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Өскемен), 1:3 (Қарағанды).

«Тұран-2» – «Алтай-4» – 0:3 (22-25, 17-25, 23-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 62-75. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен), 2:3 (Қарағанды).

12 сәуір («Қуаныш-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2» – 3:1 (25-18, 21-25, 25-19, 25-12)

Төрешілер: Ахадиянов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 96-74. Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Ару-Астана-2» – 3:1 (25-12, 23-25, 25-13, 25-14)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 98-64. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Ертіс-2» – «Тұран-2» – 2:3 (22-25, 22-25, 28-26, 25-23, 8-15)

Төрешілер: Мұқажанов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 105-114. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Алтай-3» – «Жетісу-2» – 3:0 (25-15, 25-10, 25-19)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 75-44. Матч уақыты: 61 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Алтай-4» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-17, 25-9, 25-18)

Төрешілер: Әбдірейімов, Досболов. Доп айырмасы: 75-44. Матч уақыты: 61 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

10 сәуір («Айқаракөз-2» дем алды)

«Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК – 2:3 (15-25, 25-20, 22-25, 25-19, 6-15)

Төрешілер: Ахадиянов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 93-104. Матч уақыты: 108 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Ару-Астана-2» – «Қуаныш-2» – 3:1 (25-20, 25-21, 17-25, 25-23)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 92-89. Матч уақыты: 100 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:1 (Қарағанды).

«Алтай-3» – «Ертіс-2» – 3:0 (25-11, 25-20, 25-10)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 75-41. Матч уақыты: 61 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Петропавл), 3:0 (Өскемен).

«Алматы-2» ВК – «Тұран-2» – 0:3 (15-25, 8-25, 20-25)

Төрешілер: Әбдірейімов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 56 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Жетісу-2» – «Алтай-4» – 3:1 (15-25, 25-23, 25-23, 25-22)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Досболов. Доп айырмасы: 90-93. Матч уақыты: 107 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

09 сәуір («Ару-Астана-2» дем алды)

«Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2» – 0:3 (12-25, 17-25, 14-25)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 43-75. Матч уақыты: 67 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Петропавл), 0:3 (Өскемен).

«Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2» – 3:0 (25-22, 25-16, 25-20)

Төрешілер: Ахадиянов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 75-58. Матч уақыты: 62 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Ертіс-2» – «Алматы-2» ВК – 3:1 (25-21, 18-25, 25-18, 25-22)

Төрешілер: Әбдірейімов, Досболов. Доп айырмасы: 93-86. Матч уақыты: 94 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

«Тұран-2» – «Жетісу-2» – 1:3 (20-25, 25-21, 23-25, 19-25)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 87-96. Матч уақыты: 102 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Петропавл), 1:3 (Өскемен).

«Алтай-4» – «Алтай-3» – 3:1 (25-19, 26-24, 22-25, 25-16)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 98-84. Матч уақыты: 107 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

08 сәуір («Қарағанды-2» дем алды)

«Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2» – 3:0 (25-15, 25-15, 25-16)

Төрешілер: Ахадиянов, Досболов. Доп айырмасы: 75-46. Матч уақыты: 68 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Өскемен), 3:1 (Қарағанды).

«Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2» – 3:2 (25-23, 23-25, 25-16, 11-25, 15-11)

Төрешілер: Мұқажанов, Ахадиянов. Доп айырмасы: 99-100. Матч уақыты: 114 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Өскемен), 3:0 (Қарағанды).

«Алтай-3» – «Тұран-2» – 3:2 (25-19, 22-25, 25-11, 22-25, 15-13)

Төрешілер: Әбдірейімов, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 109-93. Матч уақыты: 109 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:1 (Қарағанды).

«Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-19, 25-21)

Төрешілер: Нұрсұлтанов, Мұқажанов. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 69 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Петропавл), 3:1 (Қарағанды).

«Алтай-4» – «Ертіс-2» – 3:2 (25-19, 25-23, 23-25, 17-25, 15-11)

Төрешілер: Досболов, Әбдірейімов. Доп айырмасы: 105-103. Матч уақыты: 120 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Өскемен), 3:2 (Қарағанды).

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика