Главная / Высшая лига U-23 / Қосалқы құрамдар қорытындысын Шығыс шығарады chempionat-rk

Қосалқы құрамдар қорытындысын Шығыс шығарады

06/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

5-тур (08 – 13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Сенбі күні, 8-ші сәуірде, Өскеменде бойжеткендер арасындағы Жоғарғы дивизионның соңғы, бесінші туры басталады. Бұл Лигадағы клубтар екі айналымдық додадан соң, турнир кестесіндегі орналасқан орындарына байланысты (1-6 және 7-11), екі топқа бөлініп, додаға түседі. Әрі соңғы турда нөльден бастап (бұған дейінгі ұпайлары есепке алынбайды), биылғы ел чемпионатындағы нақты орындарын анықтайтын болады.

Ұлттық лигадағы командалардың фарм-клубтары биылғы маусымда үшінші рет Шығыс Қазақстан облысы орталығында бас қосады. Бір қызығы, олар желтоқсан айында өткен екінші турдан кейін 2022-маусымды тәмамдаса, ақпандағы үшінші турда 2023-маусымның пердесін түрген болатын. Енді, міне, дәл осы Өскемен төрінде, биылғы ел чемпионатын толықтай қорытындылап, жүлдегерлерді анықтайтын болып отыр.

Бұған дейінгі екі айналымдық турнир төрт турдан құралған болатын. Әрі қараша айынан бері әр команда 20 ойыннан өткізген. Соңғы турда алаң иесі мәртебесінде бақ сынайтын «Алтай-4» арулары Ұлттық лигада ел чемпионатын жеңіп алған негізгі құрамдары секілді, әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрген емес. Солардың жетістігін қайталап келеді. Ал олардың «Алтай-3» сапындағы әріптестері биыл екі рет қана ұтылды. Әрі екеуінде де тай-брейкте өздерінің «Төртінші» құрамындағы құрбыларына жол берді. Осы екі «Алтайдың» үшінші өзара кездесулері 9-сәуір күні өтеді.

Жүлделі орындардан үмітті ұжымдардың енді біреуі – «Жетісу-2». Талдықорған қыздары биылғы маусымда тек, жоғарыда аталған Өскемен өкілдерінен ғана ұтылып жүр. Жетісулықтар бұл жолы олармен дүйсенбі күні («Алтай-4») және соңғы турдағы бір күнгі демалыстан соң, сәрсенбіде («Алтай-3») ойнайды.

Жалпы, Өскеменде додаға түсетін қосалқы құрамдар 25 ойын өткізеді. Дәлірек айтқанда, 1-6 орындарды сарапқа салатын командалар бес, ал 7-11 орындарға таласатын ұжымдар төрт ойыннан өткізіп шығады.

Бұл турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:00-де, 14:00-де, 16:00-де және 18:00-де басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

2-айналым (12.02 – 12.03.2023 жыл, Өскемен, Қарағанды). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

=================================================

5-тур (08-13 сәуір 2023 ж., Өскемен)

Өскемен. ДШСК

* Астана уақытымен

* 11 сәуір – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында

6 04 ҚҚҚ 1-6 он.png

6 04 ҚҚҚ 7-11 он.png

08 сәуір (сенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш СК-2» – «Ару-Астана-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Алтай-3» – «Тұран-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Жетісу-2» – «Алматы-2» ВК

(18:00, 1-6 о/ү) «Алтай-4» – «Ертіс-2»

«Қарағанды-2» ВК – дем алады

09 сәуір (жексенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қарағанды-2» ВК – «Айқаракөз-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Ертіс-2» – «Алматы-2» ВК

(16:00, 1-6 о/ү) «Тұран-2» – «Жетісу-2»

(18:00, 1-6 о/ү) «Алтай-4» – «Алтай-3»

«Ару-Астана-2» – дем алады

10 сәуір (дүйсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК

(12:00, 7-11 о/ү) «Ару-Астана-2» – «Қуаныш-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Алтай-3» – «Ертіс-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алматы-2» ВК – «Тұран-2»

(18:00, 1-6 о/ү) «Жетісу-2» – «Алтай-4»

«Айқаракөз-2» – дем алады

12 сәуір (сәрсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қарағанды-2» ВК – «Ару-Астана-2»

(14:00, 1-6 о/ү) «Ертіс-2» – «Тұран-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алтай-3» – «Жетісу-2»

(18:00, 1-6 о/ү) «Алтай-4» – «Алматы-2» ВК

«Қуаныш-2» – дем алады

13 сәуір (бейсенбі)

(10:00, 7-11 о/ү) «Ару-Астана-2» – «Айқаракөз-2»

(12:00, 7-11 о/ү) «Қуаныш-2» – «Қарағанды-2» ВК

(14:00, 1-6 о/ү) «Жетісу-2» – «Ертіс-2»

(16:00, 1-6 о/ү) «Алматы-2» ВК – «Алтай-3»

(18:00, 1-6 о/ү) «Тұран-2» – «Алтай-4»

«Қуаныш СК-2» – дем алады

=================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика