Главная / Высшая лига U-23 / Қосалқы құрамдар лигасының қорытындысы chempionat-rk

Қосалқы құрамдар лигасының қорытындысы

22/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер)

(13 қараша 2022 ж. – 18 сәуір 2023, Тараз)

Ерлер арасындағы (U-23) Жоғарғы дивизион біріншілігі, яғни Ұлттық лигадағы қосалқы құрамдар додасы 2022 жылғы 13 қараша күні жалауын көтеріп, 2023 жылғы 18 сәуірде Тараз төрінде көмбесіне жетті.

Әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың фарм-клубтары үшін бұл алтыншы рет өткен ел біріншілігі болды. Әрі бірінші рет көмбеге екі команда иық тіресе бірге жетіп, ұпайлары саны бірдей болды. Алайда, бірінші кезекте жалпы жеңістерінің саны, содан соң жеңіске жеткен партияларының саны да, доп айырмасы коэффиценті бойынша да, сондай-ақ екеуара кездесулер нәтижесі бойынша да «Атырау-2» жігіттерінің көрсеткіштері «Тараз-2» тарландарына қарағанда басым болды.

Еліміздің төрт қаласында өткен бес турда өткен барлық матчтардың саны 140 болды. Дивизион додасы Атырауда басталып, төртінші тур да дәл осы мұнайшылар шаһарында өтті. Биылғы маусымның 2022 жылғы соңғы бөлігі Петропавлда өтіп, 2023 жылғы жартысы Оралда пердесін түрді. Қорытынды тур Тараз қаласында ұйымдастырылды.

Маусым бойы командалар сапына 138 ойыншы тіркелді. Олардың ішінде 32 волейболшы «көшпенді» санатында болды, яғни Ұлттық лигадағы негізгі құрамдарының сапына да тіркеліп, фарм-клубтарының да намысын қорғады. Құрамына ең көп ойыншы тартқан «Алтай-2» болды (22 ойыншы). Ал ең аз ойыншымен өнер көрсеткен командалар – «Буревестник-2» және «Есіл СК-2» (13 ойыншы).

Биыл ең көп жеңіске жеткен команда «Атырау-2» ВК болды. Ал «Павлодар-2» ВК жігіттері маусым бойы бірде-бір рет жеңіске жете алмай, тіпті соқыр ұпай да еншілей алмай, көш соңында қалды. Бірақ бұл ұжымның намысын 15-16 жастардағы бозбалалар қорғады. Биылғы маусымда командалар сапына тіркелген ойыншылар тізімі төменде толықтай ұсынылып отыр.

«Атырау-2» ВК осы Лигада жеңімпаз атанған төртінші команда болды. Бұған дейін, осыдан екі жыл бұрын мұнайшылар қола жүлдеге қол жеткізген болатын. «Тараз-2» ВК да биыл екінші рет жүлдеге ілікті. Былтырғы маусымда олар үшінші орынға ие болған, биыл бір қадам алға басып, күміс жүлдегер атанып отыр. Ал биылғы маусымда қола жүлде еншілеген «Алтай-2» Жастар лигасындағы жүлдесі бәрінен көп – ұжым. Өскемен өрендерінде енді екі «алтын», бір «күміс» және екі «қола» бар.

Биылғы ерлер арасындағы ел біріншілігінің бес турында 3 Бас қазы және 17 төреші қазылық етті.

======================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай-2» (Өскемен): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – Жеңімпаз

«Павлодар-2» ВК: ЖЛ-2017/18 жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 2 орын

«Тараз» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 3 орын

«Буревестник-2» (Алматы): ЖЛ 2 дүркін жеңімпазы; 2021/22 маусымында U-23 – 4 орын

«Есіл-СК-2» (Петропавл): 2021/22 маусымында U-23 – 5 орын

«Атырау-2» ВК: 2021/22 маусымында U-23 – 6 орын

«Ұшқын-2» (Көкшетау): 2021/22 маусымында U-23 – 7 орын

«Жайық-2» (Орал): алғашқы маусымы

======================================================

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз). Жеңімпаз – «Буревестник-2». Чемпион – «Атырау-2» ВК

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Тараз-2» ВК

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл). Жеңімпаз – «Атырау-2» ВК

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау). Жеңімпаздар – «Тараз-2» ВК және «Буревестник-2»

======================================================

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «АТЫРАУ-2» ВК, 2. «Тараз-2» ВК, 3. «Алтай-2» (Өскемен), 4. «Буревестник-2» (Алматы), 5. «Есіл СК-2» (Петропавл), 6. «Жайық-2» (Орал), 7. «Ұшқын-2» (Көкшетау), 8. «Павлодар-2» ВК.

======================================================

Жастар арасындағы (U-23) Жоғарғы дивизион. Барлық жеңімпаздар Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (ерлер):

1* = «АТЫРАУ-2» ВК (2022/23)

2* = «Буревестник-2» / «Буревестник-2-ҚазҰАУ» Алматы (2018/19, 2020/21);

2* = «Алтай-2» Өскемен (2019/20, 2021/22);

1* = «Павлодар» ВК (2017/18).

======================================================

«Атырау-2» ВК – ҚР 2022/23-чемпионаты жеңімпазы: №1. Дидар Берікбол (15.07.2004), №2(л). Сағынжан Жәлелов (24.04.2001), №3. Әбдіхалық Сатыбалдиев (28.02.2005), №4. Мәлік Әділбек (24.02.2003), №5. Бейбарыс Наурызғали (26.10.2002), №7. Мәдениет Лаш (23.12.2000), №9(л). Дәулет Сапарбек (28.02.2001), №10. Нұрасыл Жамбылов (20.08.2000), №11(к). Бекарыс Ғабитұлы (22.03.2001), №13. Алмаз Рүстембекұлы (09.02.2005), №14. Арсен Құсайынов (04.02.2005), №17. Төлеби Әлімбек (10.02.2001), №18. Ахмет Қабылбеков (14.05.2001), №19. Фархат Асқатов (29.03.2002). Азамат Ерген (01.11.2002), Айбек Маратов (27.04.2003), Қазбек Маратов (27.04.2003).

Аға жаттықтырушы – Юрий ЛАБЕЦКИЙ.

======================================================

ҚР чемпионаты – 2022/23

5-тур (11 – 18 сәуір 2023, Тараз)

4-ші тур (16-23 наурыз 2023, Атырау)

3-тур (23 ақпан - 02 наурыз 2023 ж., Орал)

2-ші тур (16-23 желтоқсан 2022, Петропавл)

1-ші тур (13-20 қараша 2022, Атырау)

Бас қазылар: И.Қабылбекова, А.Қалиев А, А.Ахметов.

Төрешілер: И.Қабылбекова, Ю.Акулова, А.Қалиев, Е.Целых, А.Сейдехан, Д.Махамбетияров, Б.Қабиев, С.Досболов, Н.Шәменов, Д.Баетов, Ж.Бақтығалиев, Б.Нұрсұлтанов, В.Суходол, Б.Сүйіндіков, А.Көпешов, Д.Қалиев, А.Шашубай.

22 04 ЖЛЖ ткч.png

22 04 ЖЛЖ мчон.png

======================================================

2022/23-маусымында командалар құрамына тіркелген ойыншылар

*Жақша ішінде биылғы маусымға тіркелген ойыншылары саны көрсетілген. Ойыншылар нөмірі бесінші турдағы құрамнан алынды.

(17) «Атырау-2» ВК – жоғарыда берілді.

(18) «Тараз-2» ВК: №2. Нұрперзент Топар (28.04.2000), №3. Шерхан Мағзамов (21.10.2002), №4. Нұрлыбек Нұрмахамбетов (17.07.2000), №5. Асқар Тілеулес (30.04.2005), №6(к). Нұрқабыл Сейдехан (30.11.2002), №7. Нұрдәулет Құмаров (10.06.2003), №8. Олжас Шәмшібек (28.11.2003), №9. Мақсат Кеңес (18.03.2003), №10. Бекзат Әбдіқадыр (29.01.2004), №11. Даулет Кәрібек (15.07.2001), №12. Ернат Мамаев (22.12.2005), №15(л). Ермек Ахметжан (12.07.2000), №16(л). Максим Сенин (25.06.2003), №17. Арсен Әділбек (24.01.2004). Жәнібекхан Нұржан (16.07.2003), Елнұр Мұсылхан (29.01.2005), Ілияс Темірәлі (25.06.2005), Шоқжан Болат (02.08.2005)

Бас бапкер – Самал МҰРАТОВ.

(22) «Алтай-2» (Өскемен): №1. Нұрболат Ғалымов (08.08.2005), №2(к). Ахмет Сахариев (27.05.2002), №3. Әділжан Нұржанұлы (08.03.2004), №4. Антон Пустовойтенко (23.05.2000), №6. Азамат Амангелдиев (07.12.2005), №7(л). Қалибек Қалымбеков (01.10.2003), №8. Еламан Мұхтаржанов (11.03.2002), №9(л). Дәулет Бату (05.01.2005), №11. Расул Мадияров (16.03.2006), №14. Бекзат Кәрімқұлов (26.04.2003), №17. Ерзат Ерланұлы (09.11.2000), №18. Әміржан Арманұлы (04.07.2005), №19. Дархан Мерғазин (26.07.2000), №24. Александр Тумашов (24.04.2004). Кирилл Иванов (20.07.2000), Василий Плотников (27.10.2000), Владимир Авралёв (12.09.2003), Богдан Фролов (29.03.2004), Бексұлтан Қабылхақов (29.03.2004), Әмірбек Бексарынов (14.11.2004), Нұрасыл Тұраров (19.04.2006), Ерасыл Тұраров (19.04.2006).

Бас бапкер – Сергей СИНКЕВИЧ.

(13) «Буревестник-2» (Алматы): №7(л). Нұрсұлтан Рахымбеков (17.03.2002), №12. Миркамал Мирахматов (21.12.2004), №13. Берік Жолдасбек (18.10.2003), №14. Артём Ровкин (17.01.2001), №20. Абдулмаджид Мохаммад (05.04.2000), №21. Нұрмахан Әлихан (26.04.2005), №23. Дінмұхаммед Қабдолов (26.08.2003), №25. Диас Алтынбек (21.06.2004), №30. Илья Кутюков (08.02.2005), №33. Александр Измайлов (16.01.2003), №77. Дастан Елубай (12.02.2002). Нұрдос Алдаш (09.04.2000), Ернұр Омар (02.01.2002).

Бас бапкер – Андрей ПИМАХИН.

(13) «Есіл СК-2» (Петропавл): №2. Виталий Решетняк (19.04.2001), №4(л). Рахат Ғаниев (06.01.2003), №5(л). Бақтияр Нұрлыбай (08.08.2003), №7(к). Жоламан Қабдоллов (29.11.2000), №8. Валерий Маслов (11.08.2003), №9. Тимур Әйтикеев (06.12.2003), №10. Диас Сапарғалиев (09.11.2003), №11. Даниил Капунов (20.08.2003), №12. Павел Сороколадов (06.01.2004), №13. Александр Лысяк (30.12.2000). Рүстем Сайлауов (15.01.2001), Алдияр Сапарбеков (28.03.2006) және Глеб Панин (19.02.2004).

Бас бапкер – Игорь ТРИФОНОВ.

(17) «Жайық-2» (Орал): №2. Темірлан Нұрмұханбетов (07.03.2006), №3. Самғат Салахиятов (2005), №4. Ерназ Қисмет (2004), №5(к). Никита Курдюков (2001), №6. Еркебұлан Шату (12.11.2002), №7. Алексей Мизинов (18.04.2000), №8. Бекзат Садыров (2004), №9. Алексей Сафронов (2002), №10. Даниил Сухарев (20.03.2006), №11. Бекзат Құттымұратов (2004), №12. Иван Визгалин (2004), №13(л). Сергей Ахахин (2004), №14. Станислав Грищенко (2004), №16(л). Ролан Әбдірахманов (2005). Арнат Досқалиев (2005), Нұрдәулет Сәлжанов (2005), Дамир Тұрдығұлов (2007).

Бас бапкер – Сергей КАЗАК.

(19) «Ұшқын-2» (Көкшетау): №1. Шахмардан Шерхан (24.07.2002), №2. Төлеген Нұрғожин (19.08.2005), №4. Бекболат Ғалымов (10.02.2004), №7(к). Елдар Мұханмәдиев (15.12.2004), №8. Асылхан Дүйсенбай (03.07.2004), №10. Ермахан Сәниязбеков (19.03.2004), №12. Диас Ахметов (28.07.2003), №13. Ренат Әлібеков (29.06.2004), №15(л). Қадырәлі Сағидолда (21.03.2004), №16. Ержас Қали (08.05.2003), №17. Ерсұлтан Қабыл (28.06.2003), №23. Мадияр Рүстемов (03.11.2004). Бекзат Мейрамбек (07.06.2001), Нияз Қалел (23.08.2002), Нұрсұлтан Қазез (29.09.2003), Қанағат Желданов (05.05.2003), Ақниет Ұсынатдінов (28.12.2003), Мақсат Айсин (24.04.2004), Диас Жүнісов (16.10.2004).

Бас бапкер – Асхат ЕЛЕУСІЗОВ.

(19) «Павлодар-2» ВК: №1. Мирас Алтай (11.12.2007), №2(л). Бекболат Ғапу (04.11.2007), №3. Данияр Армыш (29.11.2007), №4(л). Әли Сайлаубай (05.03.2007), №6. Әмірхан Шайқыпануов (22.08.2007), №7. Николай Урузбаев (11.06.2007), №9. Нұртаң Марат (19.09.2007), №10. Иван Иванов (03.02.2007), №11(к). Марғұлан Рамазан (24.01.2007), №14. Әділ Мұкатай (11.07.2007), №18. Захар Болтрунас (26.02.2007), №20. Ермек Жарқұмбаев (12.08.2007). №25. Данил Выпирайло (13.08.2007), №26. Антон Женченко (07.04.2005). Әділ Әбдірайсов (31.01.2006), Санжар Мешітбай (18.05.2006), Әлинұр Зайзулла (06.07.2006), Ерсұлтан Қақымов (28.03.2007), Алмаз Сейітқазин (01.07.2007).

Бас бапкер – Талғат ҚАСЫМОВ.

======================================================

5-тур (11-18 сәуір 2023 ж., Тараз)

22 04 ЖЛЖ 5тк.png

11 сәуір

«Атырау-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-13, 25-10, 25-7)

«Алтай-2» – «Жайық-2» – 3:0 (25-22, 25-14, 25-19)

«Буревестник-2» – «Есіл СК-2» – 3:0 (25-19, 25-22, 25-10)

«Ұшқын-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (19-25, 21-25, 18-25)

12 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Есіл СК-2» – 1:3 (20-25, 13-25, 27-25, 16-25)

«Жайық-2» – «Буревестник-2» – 0:3 (14-25, 22-25, 23-25)

«Ұшқын-2» – «Алтай-2» – 0:3 (11-25, 16-25, 16-25)

«Атырау-2» ВК – «Тараз-2» ВК – 3:2 (15-25, 22-25, 25-18, 25-14, 15-12)

13 сәуір

«Буревестник-2» – «Ұшқын-2» – 3:1 (25-17, 22-25, 25-12, 25-18)

«Есіл СК-2» – «Жайық-2» – 1:3 (26-24, 21-25, 25-27, 19-25)

«Алтай-2» – «Атырау-2» ВК – 2:3 (25-15, 25-22, 23-25, 19-25, 18-20)

«Тараз-2» ВК – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-16, 25-11, 25-20)

14 сәуір

«Ұшқын-2» – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-21, 15-25, 25-20, 25-21)

«Павлодар-2» ВК – «Жайық-2» – 0:3 (7-25, 23-25, 23-25)

«Атырау-2» ВК – «Буревестник-2» – 1:3 (22-25, 25-17, 15-25, 22-25)

«Тараз-2» ВК – «Алтай-2» – 3:0 (25-20, 25-23, 25-19)

16 сәуір

«Алтай-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-9, 25-16, 25-16)

«Жайық-2» – «Ұшқын-2» – 0:3 (21-25, 23-25, 21-25)

«Есіл СК-2» – «Атырау-2» ВК – 1:3 (25-23, 13-25, 17-25, 16-25)

«Буревестник-2» – «Тараз-2» ВК – 3:0 (25-23, 25-23, 25-21)

17 сәуір

«Павлодар-2» ВК – «Ұшқын-2» – 0:3 (19-25, 24-26, 10-25)

«Атырау-2» ВК – «Жайық-2» – 3:0 (25-13, 25-16, 25-17)

«Алтай-2» – «Буревестник-2» – 2:3 (24-26, 28-30, 25-17, 25-19, 13-15)

«Тараз-2» ВК – «Есіл СК-2» – 3:1 (25-22, 25-15, 22-25, 25-21)

18 сәуір

«Буревестник-2» – «Павлодар-2» ВК – 3:0 (25-8, 25-23, 25-19)

«Ұшқын-2» – «Атырау-2» ВК – 0:3 (14-25, 16-25, 19-25)

«Есіл СК-2» – «Алтай-2» – 0:3 (21-25, 25-27, 15-25)

«Жайық-2» – «Тараз-2» ВК – 0:3 (16-25, 16-27, 16-25)

======================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика