Главная / Высшая лига U-23 / Қосалқы құрам қыздары қызу дода бастайды chempionat-rk

Қосалқы құрам қыздары қызу дода бастайды

10/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Жастар арасындағы Жоғарғы дивизион Ұлттық лиганыӊ қосалқы құрамдары (әйелдер)

3-тур (12-17 ақпан 2022, Өскемен)

Жексенбі күні, 12 желтоқсанда, ел чемпионатының Жастар арасындағы Жоғарғы дивизионда бақ сынайтын, Ұлттық лигадағы командалардыӊ қосалқы құрамдары үшінші турдың ойындарын бастайды. Үшінші тур да, екінші турдағыдай, Өскеменде өтіп, бес ойын күнін құрайды. Тек желтоқсан айында, шартты түрдегі алаң иесі «Алтай-4» ұжымы болса, бұл жолы әр күндегі ең соңғы ойын құқығы «Алтай-3» аруларына тиесілі болады.

Жалпы, бірінші айналым екі турға жіктеліп, қараша айында Петропавлда, ал желтоқсанда Өскеменде өткізілді. Сөйтіп, 11 ойын күнінде барлығы 55 матч тіркелді. Ұлттық лиганың фарм-клубтары арасындағы ел чемпионатында «Алтай-4» арулары көш бастап келеді. Былтырғы маусымның күміс жүлдегері биыл көсіле сілтеп, 10 ойынның бәрінде жеңіске жетті. Тек «Алтай-3» бойжеткендерімен өткен «дербиде» бір ұпай ғана жоғалтты. Өскемен қаласының «Алтай» клубы жүйесіндегі үшінші команда болса, көшбасшыдан екі ұпай кем жинады. Өз алаңдарында өтетін үшінші турда екі ұжым да төрт ойыннан өткізеді. Ал екеуара қарымта матчты екінші айналымның наурыз айында өтетін төртінші турында өткізеді.

Үшінші орында тұрған «Жетісу-2» қыздарының екінші орындағы командадан төрт ұпайы – кем, Әрі тура осынша ұпай айырмасымен бесінші орындағы «Ертіс-2» ұжымынан озық тұр. Бұл екеуінің ортасында, төртінші орынға, «Алматы» ВК фарм-клубы орналасқан. Дәл қазіргі жағдайды бүкпесіз болжалдасақ, биылғы ел біріншілігінің жүлделі орындарына турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне орналасқан осы бестік таласатын секілді. Ал соңғы, бесінші турда 1-6 орындарды сарапқа салуға мүмкіндік беретін алтыншы орын үшін дода көрігі әлі де қыза түсіп, одан әрі жалғасады. Алтыншы және тоғызыншы орындардың арасын небәрі төрт ұпай ғана бөліп тұр. Яғни қызықтың бәрі – алда.

Осы ретте қосарымыз, қазір 1-6 орындарда сап түзеп тұрған командалар осы турда жоспарланған 25 матчтың бесеуінде ғана бір-бірімен кездеседі. Екі «Алтай» және «Ертіс-2» мен «Айқаракөз-2» осындай екі ойыннан өткізсе, «Жетісу-2» мен «Алматы-2» бұл ретте бір матчтан ойнайды.

Бұл турдағы матчтар сағат 09:30-да, 11:30-да, 13:30-да, 15: 30-да және 17:30-да басталады.

=================================================

ЖЛ (Қ) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Қуаныш-2» (Петропавл): U-23 2021/22 маусымында – Жеӊімпаз.

«Алтай-4» (Өскемен): ЖЛҚ – 2016/17 жеӊімпазы («Алтай-2»); U-23 2021/22 маусымында – 2 орын.

«Алматы-2» ВК: ЖЛҚ – 2018/19 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 3 орын

«Ертіс-2» (Павлодар): ЖЛҚ – 2017/18 жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай-3» (Өскемен): U-23 2021/22 маусымында («Алтай-3» Семей) – 5 орын

«Жетісу-2» (Талдықорған): ЖЛҚ – 2017/18 екі дүркін жеӊімпазы; U-23 2021/22 маусымында – 6 орын

«Қарағанды-2» ВК: U-23 2021/22 маусымында – 7 орын

«Айқаракөз-2» (Талдықорған): U-23 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана-2» (Астана): U-23 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш-СК-2» (Петропавл): алғашқы маусымы

«Тұран-2» (Түркістан): алғашқы маусымы

=================================================

1-айналым (05.11 – 17.12. 2022 жыл, Петропавл, Өскемен). Жеӊімпаз – «Алтай-4».

2-тур (12-17 желтоқсан 2022 жыл, Өскемен). Көшбасшы – «Алтай-4»

1-тур (05-11 қараша 2022 жыл, Петропавл). Көшбасшы – «Алтай-4»

=================================================

3-тур, 2-айналым (12-17 ақпан 2023, Өскемен)

Өскемен. ДШСК

* Астана уақытымен

* 15 ақпан – осы турдағы демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі

09 ЖЛБ тк.png

09 02 ЖЛБ он.png

12 ақпан (жексенбі)

(09:30) «Қуаныш СК-2» – «Жетісу-2»

(11:30) «Тұран-2» – «Алматы-2» ВК

(13:30) «Ару-Астана-2» – «Қарағанды-2» ВК

(15:30) «Алтай-4» – «Қуаныш-2»

(17:30) «Алтай-3» – «Айқаракөз-2»

«Ертіс-2» – дем алады

13 ақпан (дүйсенбі)

(09:30) «Алматы-2» ВК – «Ару-Астана-2»

(11:30) «Жетісу-2» – «Тұран-2»

(13:30) «Айқаракөз-2» – «Ертіс-2»

(15:30) «Қуаныш-2» – «Қуаныш СК-2»

(17:30) «Қарағанды-2» ВК – «Алтай-3»

«Алтай-4» – дем алады

14 ақпан (сейсенбі)

(09:30) «Алматы-2» ВК – «Қуаныш СК-2»

(11:30) «Қарағанды-2» ВК – «Тұран-2»

(13:30) «Айқаракөз-2» – «Ару-Астана-2»

(15:30) «Жетісу-2» – «Алтай-4»

(17:30) «Ертіс-2» – «Алтай-3»

«Қуаныш-2» – дем алады

16 ақпан (бейсенбі)

(09:30) «Қуаныш СК-2» – «Қарағанды-2» ВК

(11:30) «Ару-Астана-2» – «Ертіс-2»

(13:30) «Тұран-2» – «Айқаракөз-2»

(15:30) «Қуаныш-2» – «Жетісу-2»

(17:30) «Алтай-4» – «Алматы-2» ВК

«Алтай-3» – дем алады

17 ақпан (жұма)

(09:30) «Айқаракөз-2» – «Қуаныш СК-2»

(11:30) «Қарағанды-2» ВК – «Алтай-4»

(13:30) «Ертіс-2» – «Тұран-2»

(15:30) «Алматы-2» ВК – «Қуаныш-2»

(17:30) «Алтай-3» – «Ару-Астана-2»

«Жетісу-2» – дем алады

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика