Главная / Высшая лига / Орал қыздары көшбасшылармен ұпай бөлісті chempionat-rk

Орал қыздары көшбасшылармен ұпай бөлісті

16/02/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Оралда әйелдер арасындағы Жоғарғы лига клубтары үшінші турдың төртінші күнін тәмамдады. Бейсенбі күні, яғни 16 ақпанда осы дивизиондағы командалар 2023 жылғы доданың алғашқы бөлігін аяқтайды.

Жеке-дара көш бастап келе жатқан «Шымкент» ВК қыздары «Ақтөбе» ВК аруларын ұтқан соң, осы турда бірінші орынға ие болатындай ұпай айырмасымен алға ұзады. Оңтүстікқазақстандықтар алғашқы екі турда жеңімпаз атанған болатын, енді «Атырау» ВК ұжымымен болатын соңғы ойында ойсырай ұтылмаса, үшінші турда да топ жарады. Мұнайшылар болса, тек «Тараз» ВК қыздарынан ғана ұтылып, өздерінің ақтөбелік, басты бәсекелестерінің өкшесін басты.

Турнир кестесінде үшінші орынды иемденіп тұрған алаң иелері «Шымкент» ВК қыздарымен өткен бессеттік, тартысты додадан және бір күнгі демалыстан соң екінші орындағы «Тараз» ВК аруларымен де тайталасып, дес берген жоқ. Әрі бұл жолы да, тай-брейкте «Грация-KZ» командасының бағы жанбады. Әйтсе де, Батыс Қазақстан облысы өкілдерінің жанкештіліктері мен көшбасшылардан қаймықпайтын қайсарлықтарын ерекше атап өтуге тиіспіз.

Үшінші турдағы соңғы ойындар жергілікті уақытпен, сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де басталады.

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022, Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал)

Орал. ОЖСШМ СЗ

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 14 ақпан – демалыс күні

* Барлық ойындар – тікелей эфир арқылы ҚВФ ресми Youtube-арнасында

Бас қазы: В.Медведев; Төрешілер: Т.Иісқалиев, В.Канакаев, С.Досболов; Бас хатшы: Э.Надыршина.

16 ақпан (бейсенбі)

(12:00) «Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары»

(14:00) «Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК

(16:00) «Атырау» ВК – «Шымкент» ВК

15 02 ЖЛӘ тк.png

15 ақпан

«Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25-20, 22-25, 25-15, 25-17)

Төрешілер: Канакаев, Иісқалиев. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 92 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК – 0:3 (14-25, 15-25, 23-15)

Төрешілер: Иісқалиев, Досболов. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 71 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 1:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент).

«Тараз» ВК – «Грация-KZ» – 3:2 (23-25, 26-28, 25-15, 25-23, 15-13)

Төрешілер: Досболов, Канакаев. Доп айырмасы: 114-104. Матч уақыты: 118 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:2 (Шымкент).

13 ақпан

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-15, 25-22, 25-19)

Төрешілер: Канакаев, Иісқалиев. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 64 минуты.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Шымкент), 3:2 (Шымкент).

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 2:3 (25-22, 25-23, 24-26, 12-25, 10-15)

Төрешілер: Искалиев, Досболов. Доп айырмасы: 96-111. Матч уақыты: 136 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Грация-KZ» – «Шымкент» ВК – 2:3 (23-25, 25-22, 25-20, 17-25, 6-15)

Төрешілер: Досболов, Канакаев.Доп айырмасы: 96-107. Матч уақыты: 121 минута.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Шымкент), 1:3 (Шымкент).

12 ақпан

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:1 (29-27, 20-25, 25-12, 25-18)

Төрешілер: Иісқалиев, Досболов. Доп айырмасы: 99-82. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Шымкент), 2:3 (Шымкент).

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 0:3 (22-25, 18-25, 19-25)

Төрешілер: Канакаев, Искалиев. Доп айырмасы: 59-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Шымкент), 2:3 (Шымкент).

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 3:0 (25-22, 25-22, 25-12)

Төрешілер: Досболов, Канакаев. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 78 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Шымкент), 0:3 (Шымкент).

11 ақпан

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-18, 25-18, 25-21)

Төрешілер: Иісқалиев, Канакаев. Доп айырмасы: 75-57. Матч уақыты: 63 минуты.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-17, 25-17, 25-21)

Төрешілер: Досболов, Иісқалиев. Доп айырмасы: 75-55. Матч уақыты: 64 минуты.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:0 (Шымкент).

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:0 (25-18, 25-14, 25-18)

Төрешілер: Канакаев, Досболов. Доп айырмасы: 75-50. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Шымкент), 3:1 (Шымкент).

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика