Главная / Главные Новости / Ұлтық лига ерлері жүлделі орындарды сарапқа салады chempionat-rk

Ұлтық лига ерлері жүлделі орындарды сарапқа салады

28/03/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Жұма күні, 31 наурызда, Павлодар қаласында ерлер арасындағы Ұлттық лига плей-офф додасын бастайды. 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының негізгі додасында бірінші төрттікке іліккен клубтар жүлделі орындарды сарапқа салып, екінші квартет 5-8 орындар үшін додаға түседі.

Жартылай финалдық жұптарда бір-біріне сай командалар додаға түседі. Еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионы, әрі алдағы клубтық Азия чемпионаты – 2023 додасында Қазақстан намысын қорғайтын «Атырау» ВК биыл Азияның клубтық біріншілігінде төртінші болған «Тараз» ВК жігіттерімен кездеседі. Әулиеаталықтарға алғашқы төрттікке ілігу үшін ел чемпионатының соңында, яғни Атырауда өткен төртінші турда қамшыны басып, топ жару қажет болды.

Екінші жартылай финалдық жұптағы жолдаманы «Буревестник» пен «алаң иелері «Павлодар» ВК жігіттері сарапқа салады. Екі клубтың арасындағы бәсекелестік көрігі тым жоғары, яғни екеуінің де бір-біріне дәлелдегісі келетін ой-көзқарастары баршылық. Бұл ретте, павлодарлықтардың өз жанкүйерлері алдында ойнайтындарын да ескеруіміз керек.

Финалдық доданың әу бастағы күнтізбелеріне аздаған өзгерістер жүзеге асуы да мүмкін. Матчтар 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады. Ойындар трансляциясын «Қазспорт» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көруге болады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* Астана уақытымен

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

23 02 ҰЛЕ тк.png

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

31 (жұма) наурыз, 1 (сенбі) және 2 (жексенбі /егер қажет болса/) сәуір

5-8 орындар үшін

(10:00) «Ұшқын» (5) – «Жайық» (8)

(12:30) «Есіл СК» (6) – «Алтай» (7)

1-4 орындар үшін

(15:00) «Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4)

(17:30) «Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3)

4 (сейсенбі), 5 (сәрсенбі) және 6 (бейсенбі /егер қажет болса/) сәуір

(10:00) Матч 7-орын үшін:

Ұтылғаны («Ұшқын» – «Жайық») – Ұтылғаны («Есіл СК» – «Алтай»)

(12:30) Матч 5-орын үшін:

Жеңімпаз («Ұшқын» – «Жайық») – Жеңімпаз («Есіл СК» – «Алтай»)

(15:00) Матч 3-орын үшін:

Ұтылғаны («Атырау» ВК – «Тараз» ВК) – Ұтылғаны («Буревестник» – «Павлодар» ВК)

(17:30) ФИНАЛ:

Жеңімпаз («Атырау» ВК – «Тараз» ВК) – Жеңімпаз («Буревестник» – «Павлодар» ВК)

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика