Главная / Главные Новости / Ұлттық лигадағы әйелдер екі топқа бөлінді chempionat-rk

Ұлттық лигадағы әйелдер екі топқа бөлінді

21/01/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

3-тур (22-27 қаӊтар 2023 жыл, Өскемен)

Жексенбі күні, 22 қаңтарда, Өскеменде әйелдер арасындағы Ұлттық лига «1XBET» 2022/23 ҚР чемпионатының екінші кезеңін бастайды. Иә, кезеңін, әу баста маусым регламентінде көрсетілгендей айналымын емес! Әрі бұл кезең басынан (нөльден) басталады.

Волейбол федерациясы басында осы Лигаға 11 команда қосып, тәуекелге бел буып көріп еді (Ал, шынтуайтқа келгенде, біздің елде дәл қазір сегіз, әрі кетсе тоғыз, кәсіби командаға ғана бар). Мұндағы ой-мақсат кейбір командалардың шыңдала түсуілеріне мүмкіндік беріп, азулы ұжымдар үшін жаттығу ойындары санын арттыру болатын. Түптеп келгенде, Лигаға биыл қосылған «Қуаныш СК», «Тұран» командалары мен «Ару-Астана» бойжеткендерінің деңгейлері әлі Ұлттық лига додасына сай емес.

Биылғы, халықаралық аренада маңызды додалар (Азия чемпионаты, Азия ойындары және т.б.) көп маусымда жоғарыдағыдай «жаттығу» (және шыңдау) деңгейі ойыншылар үшін де, басшылар үшін де ойдағыдай ешқандай нәтиже бермейді. Әйтсе де, осындай тәжірибелік дода қолға алынғандықтан, Лига кеңесі мен Доп додаларын өткізу бөлімі екінші кезеңді басынан (нөльден) бастау туралы ұсыныс тастады.Лигадағы клубтардың бапкерлері мұны қолдап, қабыл алды.

Сонымен, бәрін нөльге шағып, командаларды екі бөлдік, енді олар жоспар бойынша додаға түседі. Сөйтіп, бірінші кезеңнен (екі турдан құралған бір айналымдық ойындардан) кейін дивизион екіге бөлінді. Ал жиған-терген ұпайлары өткен жылда қалды.

Бірінші айналымның қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа іліккен командалар Өскемен мен Түркістанда (төртінші тур осында өтеді) додаға түсіп, плей-офф сатысында бақ сынайтын үздіктерді анықтайды. Бұлар екі турда 30 ойын өткізеді.

Екінші топты құрайтын қалған бес команда да екі турда додаға түсіп, барлығы 20 ойын өткізеді. Бұл бестікте үздік болған екі команда 2022/23 ел чемпионатының 1/4-финалында бақ сынайды. Жалпы, ширек финалдағы кездесулер бір матчтық қана болады, ал одан кейінгі сатыдағы жұптар екі матчтан өткізеді.

Алайда, оған дейін әлі уақыт көп, ал әзірше соған жету үшін жан беріп, жан алатын матчтар өткізу қажет. Ал біз сол қызықты ойындарды трибунадан тамашалап, «Қазспорт» эфирін аңдып, Youtube-арнасына жазыламыз.

Үшінші турдағы матчтар сағат 10:00-де, 12:30-да, 13:00-де (ДСК), 15:00-де және 17:30-да басталады

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым (16 қараша – 27 желтоқсан 2022. Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023. Өскемен)

Өскемен, «Жекпе-жек» СК, ДСК

* Астана уақытымен

* 25 қаңтар – демалыс күні

* Барлық ойындар – ҚВФ ресми Youtube-арнасында, тікелей эфирде

* Тікелей эфир арқылы «QAZSPORT» телеарнасында (сағат 13:00-де ДСК-де өтетін матчтардан басқасы) көрсетіледі

«А» тобы: «Алтай», «Қуаныш», «Алматы» ВК, «Жетісу», «Қарағанды» ВК, «Ертіс».

«Б» тобы: «Алтай-2», «Айқаракөз», «Тұран», «Қуаныш СК», «Ару-Астана»

22 қаңтар (жексенбі)

«Б» (13:00) «Айқаракөз» – «Ару-Астана»

«Б» (10:00) «Тұран» – «Қуаныш СК»

«А» (12:30) «Қуаныш» – «Қарағанды» ВК

«А» (15:00) «Алматы» ВК – «Жетісу»

«А» (17:30) «Алтай» – «Ертіс»

«Алтай-2» – дем алады

23 қаңтар (дүйсенбі)

«Б» (13:00) «Ару-Астана» – «Тұран»

«Б» (10:00) «Алтай-2» – «Айқаракөз»

«А» (12:30) «Ертіс» – «Жетісу»

«А» (15:00) «Қарағанды» ВК – «Алматы» ВК

«А» (17:30) «Алтай» – «Қуаныш»

«Қуаныш СК» – дем алады

24 қаңтар (сейсенбі)

«Б» (13:00) «Қуаныш СК» – «Ару-Астана»

«Б» (10:00) «Тұран» – «Алтай-2»

«А» (12:30) «Қуаныш» – «Ертіс»

«А» (15:00) «Жетісу» – «Қарағанды» ВК

«А» (17:30) «Алматы» ВК – «Алтай»

«Айқаракөз» – дем алады

26 қаңтар (бейсенбі)

«Б» (13:00) «Алтай-2» – «Қуаныш СК»

«Б» (10:00) «Айқаракөз» – «Тұран»

«А» (12:30) «Ертіс» – «Қарағанды» ВК

«А» (15:00) «Қуаныш» – «Алматы» ВК

«А» (17:30) «Алтай» – «Жетісу»

«Ару-Астана» – дем алады

27 қаңтар (жұма)

«Б» (13:00) «Ару-Астана» – «Алтай-2»

«Б» (10:00) «Қуаныш СК» – «Айқаракөз»

«А» (12:30) «Алматы» ВК – «Ертіс»

«А» (15:00) «Жетісу» – «Қуаныш»

«А» (17:30) «Қарағанды» ВК – «Алтай»

«Тұран» – дем алады

21 01 Ә ТК.png

21 01 Ә Шах.png

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика