Главная / Главные Новости / Ұлттық лигада биылғы ел чемпионаты аяқталды chempionat-rk

Ұлттық лигада биылғы ел чемпионаты аяқталды

06/04/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «ПАВЛОДАР» ВК, 6. «Атырау» ВК, 3. «Буревестник» (Алматы), 4. «Тараз» ВК, 5. «Есіл-СК» (Петропавл), 6. «Ұшқын» (Көкшетау), 7. «Жайық» (Орал), 8. «Алтай» (Өскемен).

Бейсенбі күні, 6 сәуірде ерлер арасындағы Ұлттық лига ойындары тәмамдалып, Павлодарда өткен плей-офф додасы һәм ХХХІ ел чемпионаты жалауын түсірді. Биылғы 2022/23-маусымындағы соңғы матчта «Жайық» «Алтайдан» басым түсіп, оралдықтар 7-орынға ие болды.

Финалдық кезеңде, командалардың маусым қорытындысындағы орындарын анықтау үшін 20 ойын қажет болды. Сегіз жұпта екі жеңіске дейін өткен әуе доп бәсекелерінің тең жартысында үшінші матч қажет болды. Жеті ойында жеңімпазды анықтау үшін тай-брейкке жүгінуге тура келді.

Ендігі экс-чемпион, яғни «Атырау» ВК жігіттеріне осындай бессетік ойынның төртеуін өткізуге мәжбүр болды (бір жеңіс, үш жеңіліс). Ал «Жайық» пен «Алтай» плей-оффта ең көп және максималды шамада ойын өткізіп шықты (алты матчтан). Ең аз, яғни минималды шамада ойын өткізгендер – «Павлодар» ВК және «Буревестник» (төрт матчтан).

Бір күн бұрын жариялағанымыздай, сәрсенбіде ел чемпионы атанған «Павлодар» ВК алтын жүлдеге өз тарихында тұңғыш рет қол жеткізсе, экс-чемпион «Атырау» ВК күміске тоғызыншы рет ие болып отыр. Ал үшінші орынды еншілеген «Буревестникке» қола медаль екінші жыл қатарынан бұйырып отыр.

Ұйымдастыру комитеті, әдеттегідей, плей-офф сатысындағы әр команданың үздік ойыншыларын жариялады. Олар – Роман Егоров (№18, «Павлодар» ВК), Нодирхан Қадырханов (№12, «Атырау» ВК), Нұрдос Алдаш (№22, «Буревестник»), Никита Швалев (№8, «Тараз» ВК), Александр Сүлейманов (№11, «Есіл СК»), Ерсұлтан Оңғарбай (№23, «Ұшқын»), Айдын Әділбеков (№25, «Жайық») және Максим Коса (№1, «Алтай»).

Ал маусымның үздік ойыншылары ел чемпионатын қорытындылайтын сараптамалық мақаламызда жарияланады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар). Чемпион – «Павлодар» ВК

2022/23 жылдар маусымының негізгі додасы (02 қараша 2022ж. – 21 ақпан 2023 ж.; Алматы, Павлодар, Атырау). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

4-тур (13 – 21 ақпан 2023. Атырау). Жеңімпаз – «Тараз» ВК

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

Плей-офф (31 наурыз – 6 сәуір 2023, Павлодар)

Юрий КАНды еске түсіруге арналған

Павлодар. «Баянтау» с/к.

* 3 сәуір – шешуші кезеңдегі демалыс күні

* Барлық ойындар «QAZSPORT» телеарнасында және ҚВФ ресми Youtube-арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Ю.Акулова, Н.Өмірзақ, С.Берденов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Бас хатшы: Ж.Байсағұрова.

6 04 ҰЛ ПФ к.png

Плей-офф (екі жеңіске дейін)

6 сәуір

7-орын үшін

«Жайық» – «Алтай» – 3:0 (25-15, 25-22, 25-19)

Төрешілер: Акулова, Берденов, Ахметов. Доп айырмасы: 75-56. Матч уақыты: 72 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 0:3 (Павлодар), 3:1 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

5 сәуір

7-орын үшін

«Жайық» – «Алтай» – 3:1 (25-20, 22-25, 25-21, 26-24)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ, Акулова. Доп айырмасы: 71-77. Матч уақыты: 101 минута.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 0:3 (Павлодар).

5-орын үшін

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 0:3 (23-25, 15-25, 20-25)

Төрешілер: Берденов, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 58-75. Матч уақыты: 70 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

3-орын үшін

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:0 (25-16, 26-24, 25-21)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Берденов. Доп айырмасы: 76-61. Матч уақыты: 82 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:0

Финал

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (20-25, 25-20, 19-25, 25-18, 15-11)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов, Берденов. Доп айырмасы: 104-99. Матч уақыты: 129 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:0

4 сәуір

7-орын үшін

«Жайық» – «Алтай» – 0:3 (23-25, 25-27, 23-25)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 71-77. Матч уақыты: 86 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

5-орын үшін

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 1:3 (21-25, 25-22, 28-30, 19-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Берденов. Доп айырмасы: 93-102. Матч уақыты: 105 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 1:3 (Алматы), 3:0 (Павлодар), 3:1 (Атырау).

3-орын үшін

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:0 (25-18, 25-21, 25-18)

Төрешілер: Акулова, Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 75-57. Матч уақыты: 77 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Алматы), 3:1 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

ФИНАЛ

«Павлодар» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (26-24, 25-23, 28-30, 17-25, 16-14)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 112-116. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 2:3 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

02 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:2 (25-16, 23-25, 20-25, 25-23, 15-11)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 108-100. Матч уақыты: 116 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

«Есіл СК» – «Алтай» – 3:1 (25-19, 19-25, 25-22, 25-22)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 94-88. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар), 2:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:2 (25-27, 25-19, 22-25, 25-23, 15-10)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 112-104. Матч уақыты: 130 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар), 3:0 (Павлодар).

Жалпы есеп – 2:1

01 сәуір

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» – «Жайық» – 0:3 (13-25, 21-25, 22-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 56-75. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау), 3:2 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Алтай» – 2:3 (25-19, 20-25, 16-25, 25-23, 13-15)

Төрешілер: Берденов, Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 99-107. Матч уақыты: 125 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау), 3:0 (Павлодар).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-22, 25-22, 31-29)

Төрешілер: Ахметов, Акулова, Берденов. Доп айырмасы: 81-73. Матч уақыты: 91 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау), 2:3 (Павлодар).

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 1:3 (23-25, 25-16, 21-25, 13-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 82-91. Матч уақыты: 104 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау), 1:3 (Павлодар).

Жалпы есеп – 0:2

31 наурыз

5-8 орындар үшін

«Ұшқын» (5) – «Жайық» (8) – 3:2 (25-20, 21-25, 22-25, 25-23, 15-9)

Төрешілер: Берденов, Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 108-102. Матч уақыты: 117 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Алматы), 3:0 (Алматы), 0:3 (Павлодар), 3:0 (Атырау).

«Есіл СК» (6) – «Алтай» (7) – 3:0 (25-17, 25-22, 27-25)

Төрешілер: Өмірзақ, Берденов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 77-64. Матч уақыты: 80 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 3:0 (Алматы), 1:3 (Павлодар), 3:2 (Атырау).

1-4 орындар үшін

«Атырау» ВК (1) – «Тараз» ВК (4) – 2:3 (25-19, 22-25, 25-22, 28-30, 14-16)

Төрешілер: Акулова, Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 114-112. Матч уақыты: 134 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:1 (Павлодар), 1:3 (Атырау).

«Буревестник» (2) – «Павлодар» ВК (3) – 1:3 (21-25, 21-25, 25-23, 20-25)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ, Берденов. Доп айырмасы: 87-98. Матч уақыты: 112 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:2 (Павлодар), 0:3 (Атырау).

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика