Главная / Главные Новости / Ұлттық лига қыздарының қызықа толы маусымы chempionat-rk

Ұлттық лига қыздарының қызықа толы маусымы

29/03/2023

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

(16 қараша 2022 ж. – 25 наурыз 2023 жыл)

Ұлттық лига қыздары арасындағы отыз бірінші ел чемпионаты 2022 жылы 16 қараша күні Петропавл қаласында жалауын көтеріп, одан кейін Өскемен, Талдықорған және Түркістан қалаларында да көрермендерді қызыққа бөлеп, 2023 жылы 25 наурызда Алматы төрінде көмбесіне жетті.

Шешуші кезеңдегі плей-офф додасы елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Вячеслав Шапранды еске түсіруге арналды. Лигадағы 11 клубтың сегізі додаға түсіп, жалпы саны 22 ойын өткізді. Ал, жалпы, биылғы ел чемпионатында 127 матч өтті. Алматыдағы шешуші сында 87 партияның куәсі болсақ, жалпы ел чемпионатында 452 сет ойналды.

Биылғы маусымда командалар құрамына тіркелген ойыншылар саны 169-ға жетті. Олардың 20-сы – легионер. Ал плей-офф сатысында 14 шетелдік ойыншы өнер көрсетті. Бұлардың үшеуі маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншылар қатарына ілікті. Ал Сербия саңлағы Сара Саркаджия Лигадағы MVP мәртебесіне ие болды.

трио.jpg

Биыл маусым бойы бәрінен көп ойын өткізген командалар «Алматы» ВК және «Қарағанды» ВК болды. Ең «көңілді» екі ұжым 26 матчтан өткізді. Ең көп жеңіске жеткен команда айтпаса да түсінікті болса, ең көп ұтылған команда дивизиондағы тым «жұмбақ» ұжым «Ертіс» болып шықты – 19 жеңіліс. Павлодар клубы 2023 жылғы дода кезеңінде өткен ел чемпионаты аясындағы 10 матча бірде-біреуінде жеңіске жеткен емес. Ал плей-офф сатысында бірінші және жалғыз жеңісіне қол жеткізіп, алғашқы төрттікке ілігіп, чемпионат қорытындысында үздіктер квартетін түйіндеді.

«Алтай» соңғы сегіз жылда, жетінші рет ел чемпионы атанды. Өскемен клубы маусым бойын бірде-бір рет ұтылған жоқ. Жалпы, олар былтырғы 2021/2022 жылдар маусымындағы ел чемпионатында да жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ болатын. Бұл команданы үшінші рет Юрий Панченко чемпиондық мәртебеге жеткізді. Бұл ресейлік маманның «Алтаймен» бірге қол жеткізген сегізінші – жетістігі (титулы). Үш рет ел чемпионы (201/18, 2018/2019, 2022/2023) атанғанымен қатар, осынша рет Кубок жеңімпазы болып (2017, 2018, 2022), екі рет Суперкубок иегері атанған (2017, 2022). Сондай-ақ, Панченко мен «Алтай» екі мәрте клубтық Азия чемпионатында төртінші болып (2018, 2019), ал клубтық Әлем чемпионатында үздік бестікке кірді (2018).

алтай.jpg

Биылғы күміс жүлдені өз тарихында тұңғыш рет Петропавлдың «Қуаныш» клубы жеңіп алды. Былтыр ғана Азия құрлығының клубтық чемпионы болған ұжым Алматыдағы плей-офф додасының финалында намысты қолдан берген жоқ. «Алтаймен» тайталасып, бес сеттік матч көрігін қыздырды. Бірақ тай-брейктерде сәттілік атаулысы бабы мен бағы қатар шапқан команданы қолдайтынын, өздеріңіз де жақсы білесіздер...

куаныш.jpg

Үшінші орын, яғни қола жүлде Талдықорғанның «Жетісу» клубына бұйырды. Бұл – жетісулықтардың 20-сыншы рет қатарынан жүлдеге қол жеткізіп отырған жетістіктері. Команда 2003/04 жылдар маусымынан бері жүлдесіз қалған емес. Содан бері 8 рет чемпион атанып, тоғыз мәрте күміс жүлде еншілеп, биылғысын қосқанда, үш рет қола медаль жеңіп алды. Мұндай жетістікті қандайда бір команданың қайталауы мүлдем мүмкін емес сияқты.

жетысу.jpg

Әйелдер арасындағы Ұлттық лига ойындарына оның әр кезеңінде 3 Бас қазы және 14 төреші жұмыс істеді. Лиганың биылғы 127 ойыны еліміздің бес қаласында өтті. Олардың ішіндегі үшеуінің үкілеп қосқан клубтары жүлделі орындарға ие болды. Биылғы маусымда құрамына ең көп ойыншы тартқан ұжым «Ару-Астана» болды – 19 волейболшы. Ал ең аз құраммен, яғни 14 ойыншымен өнер көрсетіп шыққан ұжымдар – Петропавлдың қос «Қуанышы». Жалпы, биылғы ел чемпионаты мен плей-офф додасына қатысқандар құрамы төменде баяндалған.

Жалпы, биылғы әйелдер арасындағы ХХХІ ел чемпионатында соңғы он жылдағы додаға түскен командалары саны бойынша өзіндік рекорд тіркелді.

==================================================

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2022/23 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): ҰЛ 2022/23 маусымында – 10 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2022/23 маусымында – 11 орын

==================================================

Плей-офф (18-25 наурыз 2023 ж.; Алматы). Чемпион – «Алтай»

Маусымның негізгі бөлігі-2022/23 (16 қараша 2022 г. – 02 наурыз 2023 ж.; Петропавл, Талдықорған, Өскемен, Түркістан). Жеңімпаз – «Алтай»

2-кезең (22 қаңтар – 02 наурыз 2023 ж.; Өскемен, Түркістан). Жеңімпаз – «Алтай»

1-кезең (16 қараша -27 желтоқсан 2022 г.; Петропавл, Талдықорған). Жеңімпаз – «Алтай»

======

Қорытынды жағдай: 1. «АЛТАЙ» (Өскемен), 2. «Қуаныш» (Петропавл), 3. «Жетісу» (Талдықорған), 4. «Ертіс» (Павлодар), 5. «Алматы» ВК, 6. «Айқаракөз» (Талдықорған), 7. «Тұран» (Түркістан), 8. «Қарағанды» ВК, 9. «Алтай-2» (Өскемен), 10. «Қуаныш СК» (Петропавл), 11. «Ару-Астана» (Астана).

«АЛТАЙ» (Өскемен) – ҚР чемпионы-2022/23: №1. Аяжан Амангелдиева (12.03.2004), №2(к). Сана Анарқұлова (21.07.1989), №4. Анджела Веселинович (Сербия, 05.02.1999), №5. Ирина Малькова (Ресей, 05.01.1989), №7. Зарина Сейітқазинова (20.03.1993), №9. Валерия Чумак (20.09.1994), №10. Ирина Кенжебаева (20.02.1992), №11. Елизавета Мейстер (01.11.1997), №14. Светлана Парукова (21.09.1990), №15(л). Мадина Бекет (06.11.1999), №16. Татьяна Никитина (15.01.2001), №17. Сара Сакраджия (Сербия, 25.03.1994), №18. Кристина Аниконова (05.01.1991), №21(л). Томирис Сағымбаева (01.08.2001). Идалия Чамчиева (09.10.2002).

Бас бапкер – Юрий ПАНЧЕНКО (Ресей).

анаркулова.jpg

2022/23 жж.чемпионатының үздік ойыншылары:

Үздік шабуылшылар: Сана Анарқұлова («Алтай»), Орле Маева (Франция, «Қуаныш»);

Үздік тосқауыл қоюшылар: Даниэла Никич (Сербия, «Жетісу»), Валерия Чумак («Қуаныш»);

Үздік либеро: Томирис Сағымбаева («Алтай»)

Үздік қиғаш ұратын: Татьяна Алдошина («Қуаныш»)

Үздік үйлестіруші: Анна Тарасова («Жетісу»)

MVP (ең бағалы және пайдалы ойыншы): Сара САРКАДЖИЯ (Сербия, «Алтай»)

иигроки.jpg

==================================================

Плей-офф (18-25 наурыз 2023 ж.; Алматы)

КСРО еңбек сіңірген сш, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав ШАПРАНды еске түсіруге арналды

на плей-офф.jpg

29 ІІІ ҰЛӘ ПО.png

ФИНАЛ (23-24.03): «АЛТАЙ» – «Қуаныш» – 3:2 (25-23, 22-25, 26-24, 20-25, 16-14) және 3:2 (25-18, 17-25, 23-25, 25-22, 15-11).

3-орын үшін (23-24.03): «ЖЕТІСУ» – «Ертіс» – 3:0 (25-22, 25-16, 27- 25) және 3:2 (25-11, 25-21, 22-25, 18-25, 15-9).

5-орын үшін (23-25.03): «Айқаракөз» – «АЛМАТЫ» ВК – 3:1 (23-25, 25-22, 26-24, 25-22) және 2:3 (17-25, 28-26, 25-17, 21-25, 11-15) һәм 1:3 (21-25, 25-20, 15-25, 21-25).

7-орын үшін (23-24.03): «Қарағанды» ВК – «ТҰРАН» – 2:3 (27-29, 25-22, 23-25, 25-20, 7-15) және 0:3 (14-25, 20-25, 15-25).

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ (19-20.03):

«АЛТАЙ» – «Жетісу» – 3:0 (25-14, 25-21, 25-16) және 3:0 (25-22, 25-8, 25-21);

«ҚУАНЫШ» – «Ертіс» – 3:1 (23-25, 25-17, 25-16, 25-18) және 3:0 (25-21, 25-11, 25-17).

5-8 орындар үшін (19-21.03):

«АЙҚАРАКӨЗ» – «Қарағанды» ВК – 3:0 (25-16, 26-24, 25-23) және 2:3 (25-21, 25-22, 19-25, 17-25, 10-15) һәм 3:1 (19-25, 25-22, 25-15, 25-17);

«Тұран» – «АЛМАТЫ» ВК – 2:3 (20-25, 12-25, 25-22, 25-14, 12-15) және 1:3 (25-15, 16-25, 8-25, 20-25).

ШИРЕК ФИНАЛ (18.03):

«АЛТАЙ» – «Айқаракөз» – 3:0 (25-13, 25-12, 25-16),

«ҚУАНЫШ» – «Тұран» – 3:0 (25-16, 25-19, 25-13),

«Алматы» ВК – «ЕРТІС» – 1:3 (25-12, 20-25, 26-28, 21-25),

«ЖЕТІСУ» – «Қарағанды» – 3:1 (25-16, 29-27, 21-25, 25-21).

==================================================

ҚР чемпионаты-2022/23

Плей-офф (18-25 наурыз 2023 ж., Алматы)

2-кезең, 4-тур (25 ақпан – 02 наурыз 2023 ж., Түркістан)

2-кезең, 3-тур (22-27 қаңтар 2023 ж., Өскемен)

1-айналым, 2-тур (21-26 желтоқсан 2022 ж., Талдықорған)

1-айналым, 1-тур (16-22 қараша 2022 ж., Петропавл)

Бас қазылар: Е.Сырлыбаев, В.Медведев, А.Кувшинов;

Төрешілер: И.Қабылбекова, Ю.Акулова, А.Ғұбашева, О.Саттарова, Н.Өмірзақ, Қ.Айдарбеков, А.Қалиев, С.Берденов, Қ.Өтегенов, Е.Целых, С.Гелисханов, М.Шамахунов, Е.Шимин, Д.Шүшбаев.

29 ІІІ ҰЛӘ-ЖКм.png

судьи.jpg

==================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика