Главная / Главные Новости / Ұлттық лига қыздары – Жіктеліп тұр үш «топқа» chempionat-rk

Ұлттық лига қыздары – Жіктеліп тұр үш «топқа»

29/12/2022

ХХХІ ҚР чемпионаты-2022/23.

Ұлттық лига 1ХBET (әйелдер)

2-айналым (16 қараша – 26 желтоқсан 2022 жыл. Петропавл, Талдықорған)

2022/23 маусымындағы ХХХІ «1XBET» ҚР чемпионатының әйелдер арасындағы Ұлттық лигасында бірінші айналымның ойындары екі қалада өтті – Петропавлда және Талдықорғанда. Биыл бұл Лигада додаға түсетін комадалар саны – рекордты деңгейде. Сондықтан ел чемпионатын өткізу формуласы бірнеше кезеңге бөлінді. Оның біріншісінде, барлық 11 команда бір-бірімен екі мәрте ойнаулары керек. Бұл төрт турдан құралған екі айналымда жүзеге асады.

Бірінші айналымдағы кездесулер қорытындысы мен нәтижелерінен кейін Ұлттық лига көшін екі төрттікке және бір үштікке бөлуге болады. 2021/22 жылдар маусымындағы ел чемпионатының плей-офф сатысына, яғни жартылай финалына шыққан командалар қазір де бірінші төрт орынға орналасты. Көш басында – 2021 және 2022 жылдардағы клубтық Азия чемпиондары «Алтай» мен «Қуаныш». Елімізде чемпиондық атағы жағынан бәрінен озық «Жетісу» қыздар командасы осы квартетті түйіндеп тұр да, соңғы рет ел чемпионаты жүлдесін (қола медалін) осыдан жеті жыл бұрын, яғни 2014/15 жылдар маусымында алған «Алматы» ВК үшінші орынға жайғасқан. Әйтсе де, биылғы маусымның негізгі бөлігін қай команда қалай және қай орында аяқтайтындығын тек уақыт көрсетеді.

Бір анығы, Өскемен клубы енді 2020 жылғы наурыз айындағы «хикаясын» енді қайталай қоймас. Сол жылы ел чемпионаты кенеттен келген нәубеттің кесірінен мерзімінен бұрын аяқталып, дәл сол кезде екінші орында тұрған команда чемпиондық атақты сарапқа салу мүмкіндігіне жете алмай, арманда болған. Сондықтан Ю.Панченко жаттықтыратын ұжымнан енді әйел затына тән «босаңдықты» күтудің қажеті болмас.

Дәл қазір турнир кестесінің екінші төрттігіне орналасқан командалар да былтыр осы кварттет болған. Тек басқаша тізбекте сап түзеген. Биыл «Қарағанды» ВК, «Ертіс», «Айқаракөз» және «Алтай-2» арулары көктемде үздіктер додаға түсетін алтылыққа ілігу үшін, қалған екі орынға таласады. Төртеуі де бір-бірімен шамалас, деңгейлері бірдей – командалар. Сондықтан әрі қарай дода көрігі қыза түсуі керек.

Мәселен, бірінші айналымда алты ойын тай-брейкке дейін созылып, соның төртеуі осы командалар арасында өтті. Бұл ретте, Павлодар клубының осы бес партияға ұласқан ойындардың тең жартысында тер төккенін айта кеткен жөн. Әрі Петропавлда өтен бірінші күнгі «Ертіс» – «Айқаракөз» матчы тым ұзаққа созылып, ойын уақыты бойынша бірінші айналым рекорды орнатылды – екі сағат, тоғыз минут. Ал Талдықорғандағы «Ертіс» – «Қарағанды» ВК матчы 2022 жылғы ең нәтижелі ойын болды – 217 ұпай сарапқа салынды.

Сондықтан осы командалармен кездескенде, тіпті бірінші квартетегі командалардың өздері қара терге түседі. Енді бір ескерте кетерлігі, Нәзгүл Айдарханова («Ертіс») және Перизат Нұрбергенова («Алтай-2») сынды екі ойыншы Петропавлда да, Талдықорғанда да, өз клубтары сапындағы үздік ойыншылар болып танылды.

Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған «Қуаныш СК» және «Тұран» қыздары, сондай-ақ «Ару-Астана» бойжеткендері «өзара» шағын-чемпионат өткізіп жатқандай. Тәжірибелерін толыстырып, шеберліктерін шыңдап жүр, ал бұл болашақта өздеріне қажет-ақ.

Бірінші айналымда 55 матч өтіп, соның 38-і 3:0 есебімен аяқталды. 11 ойын төрт партияда аяқталып, алтауы тай-брейкке созылды. Бірінші айналымдағы командалар құрамына 151 ойыншы тіркелді, олардың ішіндегі легионерлер саны – 19.

Екінші айналым қаңтар айында Өскеменде өтеді.

ҰЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Алтай» (Өскемен): 6 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы

«Жетісу» (Талдықорған): 8 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Қуаныш» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Алматы» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Қарағанды» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Айқаракөз» (Талдықорған): ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ертіс» (Павлодар): 3 дүркін ҚР чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын

«Алтай-2» (Өскемен): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Ару-Астана» (Астана): ҰЛ 2021/22 маусымында – 9 орын

«Қуаныш СК» (Петропавл): алғашқы маусымы; U-23 додасы, 2021/22 маусымында – жеңімпаз

«Тұран» (Түркістан): алғашқы маусымы; ЖЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

ВК Алматы-2 тур.jpg

2-айналым, 3-тур (21-28 қаңтар 2023. Өскемен)

1-айналым, 2-тур (21-26 желтоқсан 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Алтай» – (10 ойын, 30 ұпай)

1-айналым, 1-тур (16-22 қараша 2022. Петропавл). Лидер – «Алтай» (5 ойын, 15 ұпай)

Төрешілер: Ю.Акулова, А.Ғұбашев, И.Қабылбекова, О.Саттарова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, Е.Целых, Қ.Өтегенов, С.Берденов, С.Гелисханов.

29 ҰЛ Ә таб.png

29 ҰЛ Ә сет.png

16 қараша («Алтай» дем алды)

«Алматы» ВК – «Ару-Астана» – 3:1 (25-9, 23-25, 25-12, 25-12)

«Жетісу» – «Тұран» – 3:0 (25-23, 25-22, 25-16)

«Қарағанды» ВК – «Алтай-2» – 3:1 (25-21, 25-15, 22-25, 25-18)

«Айқаракөз» – «Ертіс» – 3:2 (25-21, 21-25, 18-25, 25-19, 17-15)

«Қуаныш» – «Қуаныш СК-2» – 3:0 (25-14, 25-20, 25-17)

17 қараша («Қуаныш» дем алды)

«Ертіс» – «Алтай-2» – 3:2 (25-27, 25-27, 25-20, 25-15, 15-7)

«Алматы» ВК – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-16, 25-8, 25-16)

«Қарағанды» ВК – «Тұран» – 3:1 (25-17, 20-25, 25-13, 25-21)

«Айқаракөз» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-12, 25-14, 25-13)

«Жетісу» – «Алтай» – 0:3 (22-25, 17-25, 20-25)

18 қараша («Ертіс» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Жетісу» – 0:3 (12-25, 19-25, 12-25)

«Тұран» – «Алматы» ВК – 0:3 (18-25, 10-25, 18-25)

«Ару-Астана» – «Қарағанды» ВК – 0:3 (16-25, 15-25, 5-25)

«Алтай-2» – «Айқаракөз» – 3:0 (25-19, 25-15, 27-25)

«Алтай» – «Қуаныш» – 3:1 (25-15, 25-18, 19-25, 25-18)

20 қараша («Алтай-2» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Қарағанды» ВК – 0:3 (17-25, 8-25, 20-25)

«Ару-Астана» – «Ертіс» – 0:3 (11-25, 21-25, 17-25)

«Тұран» – «Айқаракөз» – 0:3 (15-25, 12-25, 16-25)

«Алтай» – «Алматы» ВК – 3:0 (25-15, 25-17, 26-24)

«Қуаныш» – «Жетісу» – 3:2 (25-19, 25-18, 19-25, 16-25, 15-13)

21 қараша («Жетісу» дем алды)

«Айқаракөз» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25-4, 25-15, 25-15)

«Қарағанды» ВК – «Алтай» – 0:3 (12-25, 13-25, 21-25)

«Ертіс» – «Тұран» – 3:1 (25-22, 14-25, 25-17, 25-15)

«Алтай-2» – «Ару-Астана» – 3:0 (25-17, 25-17, 25-12)

«Алматы» ВК – «Қуаныш» – 0:3 (17-25, 21-25, 11-25)

22 қараша («Ару-Астана» дем алды)

«Қуаныш СК» – «Ертіс» – 0:3 (16-25, 15-25, 13-25)

«Жетісу» – «Алматы» ВК – 0:3 (21-25, 20-25, 23-25)

«Алтай» – «Айқаракөз» – 3:0 (25-14, 25-15, 25-20)

«Тұран» – «Алтай-2» – 1:3 (19-25, 15-25, 25-21, 18-25)

«Қуаныш» – «Қарағанды» ВК – 3:2 (25-17, 21-25, 25-15, 21-25, 15-12)

Иртыш-2 тур.jpg

21 желтоқсан («Алматы» дем алды)

«Ару-Астана» – «Тұран» – 0:3 (21:25, 20:25, 19:25)

«Айқаракөз» – «Қуаныш» – 1:3 (21:25, 19:25, 25:19, 18:25)

«Ертіс» – «Алтай» – 0:3 (10:25, 15:25, 16:25)

«Алтай-2» – «Қуаныш СК» – 3:0 (25:14, 25:21, 25:16)

«Қарағанды» ВК – «Жетісу» – 1:3 (15:25, 15:25, 25:18, 23:25)

22 желтоқсан («Тұран» – дем алады)

«Қуаныш СК» – «Ару-Астана» – 3:0 (26:24, 25:12, 25:17)

«Алтай» – «Алтай-2» – 3:0 (25:11, 25:12, 25:16)

«Қуаныш» – «Ертіс» – 3:0 (28:26, 25:18, 25:9)

«Алматы» ВК – «Қарағанды» ВК– 3:0 (25:16, 25:18, 25:20)

«Жетісу» – «Айқаракөз» – 3:2 (16:25, 25:22, 23:25, 25:22, 15:6)

23 желтоқсан («Қарағанды» ВК – дем алады)

«Тұран» – «Қуаныш СК» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:22, 25:20)

«Ару-Астана» – «Алтай» – 0:3 (14:25, 16:25, 22:25)

«Алтай-2» – «Қуаныш» – 0:3 (26:28, 9:25, 17:25)

«Айқаракөз» – «Алматы» ВК – 1:3 (11:25, 25:23, 21:25, 15:25)

«Ертіс» – «Жетісу» – 0:3 (16:25, 15:25, 20:25)

25 желтоқсан («Қуаныш СК» – дем алады)

«Қуаныш» – «Ару-Астана» – 3:0 (25:15, 25:20, 25:14)

«Қарағанды» ВК – «Айқаракөз» – 3:1 (19:25, 25:22, 25:22, 25:18)

«Алматы» ВК – «Ертіс» – 3:0 (25:16, 25:17, 25:20)

«Алтай» – «Тұран» – 3:0 (25:21, 25:15, 25:16)

«Жетісу» – «Алтай-2» – 3:0 (25:16, 25:18, 25:16)

26 желтоқсан («Айқаракөз» – дем алады)

«Тұран» – «Қуаныш» – 0:3 (13:25, 11:25, 14:25)

«Қуаныш СК» – «Алтай» – 0:3 (12:25, 15:25, 16:25)

«Ертіс» – «Қарағанды» ВК – 3:2 (21:25, 18:25, 25:23, 27:25, 15:13)

«Алтай-2» – «Алматы» ВК – 0:3 (15:25, 23:25, 24:26)

«Ару-Астана» – «Жетісу» – 0:3 (18:25, 19:25, 19:25)

Астана-2.jpg

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика