Главная / Главные Новости / Ұлттық лига екінші турды тәмамдады chempionat-rk

Ұлттық лига екінші турды тәмамдады

14/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Сейсенбі күні, 13 желтоқсанда Ұлттық лигадағы клубтар «1XBET» ХХХІ ел чемпионатының екінші турындағы соңғы ойындарын өткізді.

Турнир кестесіндегі жағдайға байланысты, жетінші күні ел назары «Ұшқын» мен «Есіл СК» арасындағы кездесуге ауды. Көкшетаулықтар бұдан бір күн бұрын «Павлодар» ВК жігіттерін ұтып, басты бәсекелесімен арасын бір ұпайға дейін қысқартқан болатын. Бірақ көкшетаулықтар да екінші турда екпін алып, тек көш басындағы екі ұжымнан ғана ұтылған еді.

Өзара осы кездесуге дейін екеуінің арасын сегіз ұпай бөліп тұрған. Ал «Ұшқын» осы ұпай айырмасын бес балға дейін қысқартуды ойлаған жоқ дейсіздер ме?! Алайда «Буревестник» және «Павлодар» ВК матчтарында «тазы болып» шалған айласы өздеріне де айналып тиді.

Қызылжар қырандары көкшетаулықтарды сабаларына түсіріп, бұл турда төрт рет жеңіске жетіп, әрі 13 ұпай еншілеп, желтоқсан додасын үшінші орынмен аяқтады.

Жалпы, бұл турда да «Атырау» ВК жігіттері топ жарды. Былтырғы маусымдағы ел чемпионы қараша айындағыдай барлық ойындарда жеңіске жетті. Бірақ «Павлодар» командасымен өткен матчта бір ұпай жоғалтты.

Бұл «Буревестник» әуедопшыларына көшбасшымен араны бес ұпайға дейін қысқартып, өкшесін басқан павлодарлықтардан 10 ұпай ұзап кетуге мүмкіндік берді.

Үшінші тур қаңтар айында Павлодар қаласында өтеді.

Ұйымдастырушылар әдеттегідей, әр команда сапындағы, екінші турдың үздік ойыншыларын жариялады:

«Атырау» ВК – №7, Айбат Неталин

«Буревестник» – №18, Виталий Вориводин

«Павлодар» ВК – №17, Эдуард Погребняк

«Ұшқын» – №4, Қанат Ғабдулин

«Есіл СК» – №15, Артем Киселев

«Тараз» ВК – №1 Ерікжан Бөкен

«Алтай» – №19, Александр Шварцкопф

«Жайық» – №8, Петр Чурзин

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Төрешілер: А.Ахметов, И.Қабылбекова, Н.Өмірзақ, А.Қалиев, М.Шамахунов.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев.

Нұсқаушы төреші: Л.Ким.

Бас хатшы: А.Нұрмағамбетова.

2-ші тур. Ойындар нәтижесі

14 НЛ Ч.png

14 НЛ 2т.png

13 желтоқсан

«Ұшқын» – «Есіл СК» – 1:3 (23:25, 16:25, 25:19, 25:27)

Төрешілер: Қалиев, Қабылбекова. Доп айырмасы: 89-96. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Тараз» ВК – «Павлодар» ВК – 1:3 (21:25, 25:23, 18:25, 19:25)

Төрешілер: Ахметов, Шамахунов. Доп айырмасы: 83-98. Матч уақыты: 95 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Буревестник» – 1:3 (14:25, 16:25, 25:23, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қалиев. Доп айырмасы: 73-98. Матч уақыты: 90 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Жайық» – «Атырау» ВК – 0:3 (23:25, 20:25, 19:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 62-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

12 желтоқсан

«Павлодар» ВК – «Ұшқын» – 0:3 (22:25, 20:25, 21:25)

Төрешілер: Шамахунов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 63-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Есіл СК» – «Жайық» – 3:1 (23:25, 25:17, 25:18, 25:16)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 98-76. Матч уақыты: 100 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 0:3 (Алматы)

«Буревестник» – «Тараз» ВК – 3:1 (20:25, 25:16, 25:14, 25:22)

Төрешілер: Қалиев, Қабылбекова. Доп айырмасы: 95-77. Матч уақыты: 96 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:0 (25-23, 25-17, 25-23)

Төрешілер: Өмірзақ, Қалиев. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 69 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

11 желтоқсан

«Павлодар» ВК – «Есіл СК» –3:2 (25:17, 20:25, 25:15, 19:25, 15:11)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 104-93. Матч уақыты: 120 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» – «Атырау» ВК – 0:3 (12:25, 18:25, 18:25)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 48-75. Матч уақыты: 54 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Ұшқын» – «Буревестник» – 0:3 (21:25, 17:25, 13:25)

Төрешілер: Қалиев, Ахметов. Доп айырмасы: 51-75. Матч уақыты: 64 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Жайық» – 3:1 (21:25, 28:26, 25:23, 25:15)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 99-89. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

09 желтоқсан

«Жайық» – «Тараз» ВК – 3:0 (25:22, 26:24, 25:21)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 76-67. Матч уақыты: 86 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Ұшқын» – 3:1 (25:23, 27:29, 25:22, 25:19)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-93. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Павлодар» ВК – 3:1 (21:25, 25:19, 25:17, 28:26)

Төрешілер: Өмірзақ, Ахметов. Доп айырмасы: 99-87. Матч уақыты: 107 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Алтай» – 3: 0 (25:11, 25:20, 25:21)

Төрешілер: Қабылбекова, Өмірзақ. Доп айырмасы: 75-52. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 2:3 (Алматы)

08 желтоқсан

«Ұшқын» – «Жайық» – 3:0 (25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-61. Матч уақыты: 74 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

«Тараз» ВК – «Алтай» – 3:2 (25:16, 25:27, 19:25, 26:24, 15:10)

Төрешілер: Шамахунов, Ахметов. Доп айырмасы: 110-102. Матч уақыты: 121 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Есіл СК» – 3:1 (17:25, 25:19, 25:14, 25:13)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 92-71. Матч уақыты: 89 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» – «Атырау» ВК – 2:3 (19:25, 25:23, 25:20, 25:27, 11:15)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 105-110. Матч уақыты: 122 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

07 желтоқсан

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 0:3 (15:25, 19:25, 18:25)

Төрешілер: Өмірзақ, Қабылбекова. Доп айырмасы: 52-75. Матч уақыты: 70 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Алтай» – «Ұшқын» – 1:3 (25:19, 19:25, 22:25, 22:25)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 88-94. Матч уақыты: 97 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 1:3 (Алматы)

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:1 (25:23, 23:25, 25:17, 25:18)

Төрешілер: Ахметов, Өмірзақ. Доп айырмасы: 98-83. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Есіл СК» – «Тараз» ВК – 3:1 (25:18, 20:25, 25:23, 25:16)

Төрешілер: Қалиев, Шамахунов. Доп айырмасы: 95-82. Матч уақыты: 99 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:2 (Алматы)

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика