Главная / Главные Новости / Ұлттық лига додасы ұзағынан сүйсіндірді chempionat-rk

Ұлттық лига додасы ұзағынан сүйсіндірді

15/02/2023

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Сейсенбі күні, Атырауда өтіп жатқан, ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтарының үздік сегіздігіне, 2022/2023 жылдар маусымындағы төртінші турдың екінші күніндегі ойындарын өткізу үшін жеті жарым сағат қажет болды. Есесіне, алғашқы алтылықтың сұлбасы «сұрыпталып» қалды.

«Ұшқын» биылғы маусымда «Есіл СК» ерлерін үшінші рет ұтып, өздерінен кейін алаңға шыққан «Тараз» тарландарын қамшылай түсті. Тараздықтар болса, «Алтай» жігіттерін еш мүмкіндік бермей, басымдық танытып, төртінші орынды сақтап қалды. Әрі Көкше клубынан екі ұпай айырмасымен озық тұр. Сәрсенбі күні «Тараз» турнир кестесіне қатысты, тағы бір маңызды матч өткізіп, Қызылжар қырандарымен кездеседі.

Екінші күнгі соңғы екі матчта жеңімпазды анықтау үшін, регламентке сәйкес, бес партиядан ойнауға тура келді. Әуелі, «Павлодар» ВК тай-брейкте «Жайықтан» жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, де-факто жүзінде үшінші орынға ие болды. Әрі «Атырау» мен «Буревестниктен» кейін плей-офф додасының жартылай финалына мерзімінен ерте шығып, жүлделі орындарды сарапқа салу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Ал ең соңғы, әрі орталық матчта алаң иелері биылғы ел чемпионатында алматылықтармен бірінші рет ұпай бөлісті. Бұл – атыраулықтардың өз алаңындағы екінші бессеттік ойыны. Былтырғы маусымдағы ел чемпионы өзінің күш-жігерін тексеріп, плей-офф додасына дейін шыңдала түсуді көздейтінін сездіретіндей. Сәрсенбі күні атыраулықтар «Павлодар» жігіттерімен додаға түседі. Алаң иелерінің осы турдағы ойындарына қарасақ, бұл ойынға да үш партия жеткіліксіз болатын секілді.

4-турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

============================================

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

============================================

3-тур (12-20 қаңтар 2023 ж., Павлодар). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-тур (06-13 желтоқсан 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

1-тур (02-10 қараша 2022 ж., Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

============================================

4-тур (13-21 ақпан 2023 ж., Атырау)

Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы АУ с/к

* жергілікті уақыт (+1 сағат Астана уақытымен)

* 16 және 19 ақпан – демалыс күндері

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі.

Төрешілер: А.Ахметов, Ю.Акулова, И.Қабылбекова, А.Қалиев, Б.Сүйіндіков.

Бас қазы: Е.Сырлыбаев

Бас хатшы: Б.Нұрсұлтанов

15 ақпан (сәрсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Жайық»

(12:30) «Буревестник» – «Алтай»

(15:00) «Тараз» ВК – «Есіл СК»

(17:30) «Павлодар» ВК – «Атырау» ВК

15_02_ткч.png

15_02_ткт4.png

14 ақпан

«Есіл СК» – «Ұшқын» – 1:3 (25-22, 22-25, 22-25, 20-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Акулова. Доп айырмасы: 89-97. Матч уақыты: 108 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 3:1 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Алтай» – «Тараз» ВК – 0:3 (16-25, 21-25, 17-25)

Төрешілер: Ахметов, Қалиев. Доп айырмасы: 54-75. Матч уақыты: 73 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 0:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Жайық» – «Павлодар» ВК – 2:3 (19-25, 25-20, 25-18, 22-25, 11-15)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қабылбекова. Доп айырмасы: 102-103. Матч уақыты: 133 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 1:3 (Алматы), 0:3 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Буревестник» – 3:2 (25-20, 24-26, 25-23, 24-26, 15-13)

Төрешілер: Акулова, Ахметов. Доп айырмасы: 113-108. Матч уақыты: 140 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

13 ақпан

«Буревестник» – «Жайық» – 3:0 (25-18, 25-16, 28-26)

Төрешілер: Қалиев, Сүйіндіков. Доп айырмасы: 78-60. Матч уақыты: 77 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:1 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Есіл СК» – «Павлодар» ВК – 1:3 (26-28, 25-21, 15-25, 22-25)

Төрешілер: Қабылбекова, Ахметов. Доп айырмасы: 88-99. Матч уақыты: 119 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 2:3 (Алматы), 2:3 (Алматы), 3:1 (Павлодар).

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 1:3 (25-23, 23-25, 20-25, 18-25)

Төрешілер: Ахметов, Акулова. Доп айырмасы: 86-98. Матч уақыты: 109 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:2 (Алматы), 0:3 (Павлодар).

«Атырау» ВК – «Алтай» – 3:2 (22-25, 25-22, 23-25, 25-19, 15-13)

Төрешілер: Сүйіндіков, Қалиев. Доп айырмасы: 110-104. Матч уақыты: 135 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесулер – 3:1 (Алматы), 3:0 (Алматы), 3:0 (Павлодар).

17 ақпан (жұма)

(10:00) «Алтай» – «Есіл СК»

(12:30) «Жайық» – «Тараз» ВК

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

18 ақпан (сенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Алтай»

(12:30) «Ұшқын» – «Буревестник»

(15:00) «Есіл СК» – «Жайық»

(17:30) «Тараз» ВК – «Атырау» ВК

20 ақпан (дүйсенбі)

(10:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(12:30) «Алтай» – «Жайық»

(15:00) «Павлодар» ВК – «Ұшқын»

(17:30) «Атырау» ВК – «Есіл СК»

21 ақпан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Алтай»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Есіл СК» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

============================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика