Главная / Главные Новости / Көшбасшылар басымдық танытты chempionat-rk

Көшбасшылар басымдық танытты

07/12/2022

ҚР XXXI чемпионаты – 2022/23

Ұлттық лига «1XBET» (ерлер)

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022, Алматы)

Алтыншы желтоқсан күні Алматыда еліміздің ХХХІ чемпионатының «1XBET» Ұлттық лигасындағы командалар екінші турдың ойындарын бастады.

Ел біріншілігінің көшбасшылары, яғни «Атырау» ВК және «Буревестник» командалары ертеңгі, 7 желтоқсанда, болатын екеуара маңызды матч қарсаңында аутсайдерлерден («Есіл СК» және «Жайық» командаларынан) басым түсті. Сөйтіп ел чемпионы сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті. Әрі бұл Юрий Мельничуктің мұнайшылармен бірге қол жеткізген алғашқы жеңісі болды. Ал алматылықтар жетінші рет қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ертең қай ұжымның жеңісті жолы үзіледі, оны ойын көрсетеді.

Бірінші күнгі мачтарда бес команда ұпай еншіледі. Соңғы матчта «Ұшқын» мен «Тараз» ВК арасындағы дода тай-брейкке дейін ұласты. Шешуші кезеңде Виктор Ромашовтың шәкірттері басым болды. Бұл маман бірінші турдан кейін бас бапкерлік қызметте Мирлан Бадашевті ауыстырғанын кеше жазғанбыз.

Бүгін бір ғана ойын үш партияда тәмам болды. «Павлодар» ВК «Алтай» жігіттеріне еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, Игорь Никитенконың командасы ел чемпионатында төртінші рет қатарынан жеңіске жетті.

Екінші турдағы ойындар сағат 10:00-де, 12:30-да, 15:00-де және 17:30-да басталады.

ҰЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Атырау» ВК: ҚР 3 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – ҚР чемпионы.

«Есіл СК» (Петропавл): ҰЛ 2021/22 маусымында – 2 орын

«Буревестник» (Алматы): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 3 орын

«Тараз» ВК: ҚР чемпионы – 2014/15; ҰЛ 2021/22 маусымында – 4 орын

«Алтай» (Өскемен): ҚР 2 дүркін чемпионы; ҰЛ 2021/22 маусымында – 5 орын

«Павлодар» ВК: ҰЛ 2021/22 маусымында – 6 орын

«Ұшқын» (Көкшетау): ҰЛ 2021/22 маусымында – 8 орын

«Жайык» (Орал): ҚР 2 дүркін чемпионы; 2021/22 маусымы – Жоғарғы Лигада

3-ші тур (11-21 қаңтар 2023. Павлодар)

1-ші тур (02-10 қараша 2022. Алматы). Жеңімпаз – «Атырау» ВК

2-ші тур (06-13 желтоқсан 2022 г., Алматы)

Астана уақытымен

10 желтоқсан – демалыс күні

* Барлық ойындар тікелей эфирде ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

07 желтоқсан (сәрсенбі)

(10:00) «Жайық» – «Павлодар» ВК

(12:30) «Алтай» – «Ұшқын»

(15:00) «Атырау» ВК – «Буревестник»

(17:30) «Есіл СК» – «Тараз» ВК

Екінші турдағы бірінші күннен кейінгі жағдай

табл 1 07.png

06 желтоқсан

«Атырау» ВК – «Есіл СК» – 3:1 (21:25, 25:22, 25:21, 25:18)

Төрешілер: Қабылбекова, Қалиев. Доп айырмасы: 98-86. Матч уақыты: 102 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Павлодар» ВК – «Алтай» – 3:0 (25:19, 25:22, 25:23)

Төрешілер: Өмірзақ, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-64. Матч уақыты: 80 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:0 (Алматы)

«Буревестник» – «Жайық» – 3:1 (25:19, 25:18, 26:28, 25:14)

Төрешілер: Ахметов, Қабылбекова. Доп айырмасы: 101-79. Матч уақыты: 106 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

«Ұшқын» – «Тараз» ВК – 3:2 (23:25, 25:17, 25:23, 17:25, 15:12)

Төрешілер: Шамахунов, Қалиев. Доп айырмасы: 105-102. Матч уақыты: 105 минут.

2022/23 ҚРЧ өзара кездесу: 3:1 (Алматы)

08 желтоқсан (бейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Жайык»

(12:30) ВК «Тараз» – «Алтай»

(15:00) «Буревестник» – «Есиль СК»

(17:30) ВК «Павлодар» – ВК «Атырау»

09 желтоқсан (жұма)

(10:00) «Жайық» – «Тараз» ВК

(12:30) «Атырау» ВК – «Ұшқын»

(15:00) «Буревестник» – «Павлодар» ВК

(17:30) «Есіл СК» – «Алтай»

11 желтоқсан (жексенбі)

(10:00) «Павлодар» ВК – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» – «Атырау» ВК

(15:00) «Ұшқын» – «Буревестник»

(17:30) «Алтай» – «Жайық»

12 желтоқсан (дүйсенбі)

(10:00) «Павлодар» – «Ұшқын»

(12:30) «Есіл СК» – «Жайық»

(15:00) «Буревестник» – «Тараз» ВК

(17:30) «Атырау» ВК – «Алтай»

13 желтоқсан (сейсенбі)

(10:00) «Ұшқын» – «Есіл СК»

(12:30) «Тараз» ВК – «Павлодар» ВК

(15:00) «Алтай» – «Буревестник»

(17:30) «Жайық» – «Атырау» ВК

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика