Көшбасшылар арасы мейілінше қысқарды
24/12/2022
ҚР чемпионаты – 2022/23
Жоғарғы лига (ерлер)
2-ші тур (21-26 желтоқсан 2022, Қызылорда)
Қызылордада өтіп жатқан, 2022/23 маусымындағы ҚР чемпионатының ерлер арасындағы Жоғарғы лигасында көшбасшы сүрінді. Өз алаңында екі рет ұтылып қалып, жанкүйерлерін жасытқан «Қайсар» екінші турдағы үшінші ойын күні көш басындағы «Жетісу-Жастар» жігіттерін жеңіп кетті.
Турнир кестесінде екі «нөль» таңбасынан құтыла алмай келе жатқан «Маңғыстау» бүгін соның бірінен арылды. Ақтау жігіттері «Тұранмен» өткен матчта таразы басын екі рет теңестіргендерімен, тай-брейкте бәрібір түркістандықтардың бағы жанды. Әйтсе де, ақтаулықтар бір ұпайға қол жеткізді. Енді жеңіс керек.
Сөйтіп, сенбі күнгі демалыс қарсаңында, Лиганың былтырғы маусымдағы жеңімпазы, яғни «Шымкент-Динамо» командасы «Жетісумен» арасын екі ұпайға дейін қысқартты. Ең қызығы, жексенбі күні екеуі өзара кездесіп, екінші турдағы үздік команданы анықтайды. Талдықорғанда шымкенттіктер 0:3 есебімен ұтылып қалған. Егер төрт партиядан асырмай, есе қайтарса, онда Шымқала жігіттері жеке-дара көш бастайды.
Бұл турдағы матчтар жергілікті уақытпен сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады. Астана уақытымен айырмасы +1 сағат екенін естеріңізге саламыз.
ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:
«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.
«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.
«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.
«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.
«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.
«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.
2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда) 1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»
2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда)
Қызылорда. «Мұз айдыны» СК
* жергілікті уақытпен (+1 сағат, Астана уақыты бойынша)
* 24 желтоқсан – осы турдағы демалыс күні
* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі
Бас қазы: А.Ахметов; төрешілер: Б.Нұрсұлтанов, Д.Шүшбаев, Д.Махамбетияров; бас хатшы: А.Байдосова
26 желтоқсан (дүйсенбі)
(13:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Жетісу-Жастар»
(15:30) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»
(18:00) «Қайсар» – «Маңғыстау»
25 желтоқсан (жексенбі)
(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК
(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК
(18:00) «Тұран» – «Қайсар»
23 желтоқсан
«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:2 (25:13, 22:25, 25:23, 24:26, 15:12)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 111-99. Матч уақыты: 121 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
«Шымкент-Динамо» ВК – «Әлихан-Ақтөбе» ВК – 3:0 (28:26, 25:22, 25:19)
Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 78-67. Матч уақыты: 84 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:2 (Талдықорған)
«Қайсар» – «Жетісу-Жастар – 3:0 (25:20, 28:26, 25:23)
Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 78-69. Матч уақыты: 100 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған)
22 желтоқсан
«Жетісу-Жастар» – «Тұран» – 3:1 (25:21, 26:24, 21:25, 27:25)
Төрешілер: Шүшбаев, Махамбетияров. Доп айырмасы: 99-95. Матч уақыты: 138 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 2:3 (Талдықорған)
«Маңғыстау» – «Шымкент-Динамо» ВК– 0:3 (10:25, 18:25, 19:25)
Төрешілер: Махамбетияров, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 65 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 0:3 (Талдықорған)
«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Қайсар» – 3:0 (26-24, 25-19, 26-24)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 77-67. Матч уақыты: 90 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)
21 желтоқсан
«Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау» – 3:0 (25:17, 25:22, 25:15)
Төрешілер: Махамбетияров, Шүшбаев. Доп айырмасы: 75-54. Матч уақыты: 75 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
«Тұран» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК– 3:0 (25:21, 25:23, 25:19)
Төрешілер: Нұрсұлтанов, Махамбетияров. Доп айырмасы: 75-63. Матч уақыты: 72 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:1 (Талдықорған)
«Қайсар» – «Шымкент-Динамо» ВК – 1:3 (15:25, 20:25, 27:25, 23:25)
Төрешілер: Шүшбаев, Нұрсұлтанов. Доп айырмасы: 85-100. Матч уақыты: 113 минут.
2022/23 ҚРЧ өзара кездесу – 3:0 (Талдықорған)
ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ
ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК