Главная / Высшая лига / Көшбасшы екі күн қатарынан ұтылды chempionat-rk

Көшбасшы екі күн қатарынан ұтылды

23/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (ерлер)

5-тур (21 – 26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Түркістанда өтіп жатқан, ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың бесінші турында екі күнгі ойындар аяқталып, биылғы жүлдегерлер толық анықталды. Тіпті бас бәйгеден үмітті команда да белгілі болды.

Осы турдағы ең алғашқы ойында оңтүстіктегі көрші командалар, яғни «Шымкент-Динамо» ВК және «Қайсар» кездесіп, шымкенттіктер басым түсті. Осы матчтан соң қызылордалықтар үшінші орынға ие болу мүмкіндігінен толықтай айырылды. Ал еліміздің өткен маусымдағы жеңімпазы биыл кем дегенде қола жүлдегер атанатын болды.

Ал ел біріншілігінде төрт турдан және 20 ойыннан кейін көш бастап келе жатқан «Жетісу-Жастар» екі күнгі матчтан да бірді-бір ұпай еншілей алмаған жалғыз команда болып отыр. «Әлихан-Ақтөбе» ВК жігіттерімен өтетін матчтың алдында талдықорғандықтар басты бәсекелесінен, яғни Тұран клубынан бір ұпай айырмасымен алда тұрса, екінші ойындар күнін жапқан алтыншы матчтан соң алаң иелері олардан бес (!) ұпай айырмасымен қара үзіп кетті.

Осылай, жетісулықтар Түркістанда екі рет қатарынан жеңіліске ұшырап, қол созым жердегі армандарының қалай сағым болып бұлдырай бастағанын түсіне алар емес. Енді «Шымкент-Динамо» ВК жігіттері де олардың өкшесін басып, араларын бір жеңіс қана бөліп тұр. Бұл шымкенттіктерді жігерлендіре түсуі де мүмкн. Бәрі де олардың ьалдағы екі кездесуінде шешіледі. Атап айтқанда, олар жексенбіде «Тұранмен», ал бір күндік демалыстан соң, яғни сейсенбі күні «Жетісу-Жастарымен» додаға түседі.

Бесінші турдағы ойындар сағат 13:00-де, 15:30-да және 18:00-де басталады.де енді қамшыны басуы тиіс.

================================================

ЖЛ (Е) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Маӊғыстау» (Ақтау): ЖЛ «А» жеңімпазы (2016/17); ҰЛ 2021/22 маусымында – 7 орын.

«Шымкент-Динамо» (Шымкент): ЖЛ 2 дүркін («Динамо-Қазығұрт/ОҚМУ-Қазығұрт) және ЖЛ «А» 4 дүркін жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Тұран» (Түркістан): ЖЛ-2021/22 маусымында («Тұран-Динамо») – 2 орын.

«Жетісу-Жастар» (Талдықорған): ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын.

«Қайсар» (Қызылорда): ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын.

«Әлихан-Ақтөбе» (Ақтөбе): ЖЛ-2021/22 маусымында («Арайлы-Ақтөбе») – 6 орын.

================================================

4-тур (21-26 наурыз 2023 ж., Ақтау). Жеңімпаздар – «Тұран» және «Жетісу-Жастар»

3-тур (27 ақпан - 03 наурыз 2023 ж., Астана). Жеңімпаз – «Тұран»

2-ші тур (21-27 желтоқсан 2022 жыл, Қызылорда). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

1-ші тур (21-27 қараша 2022 жыл, Талдықорған). Жеӊімпаз – «Жетісу-Жастар»

================================================

5-тур (21-26 сәуір 2023 ж., Түркістан)

Түркістан. «Olimpic Centre» СК

* Астана уақытымен

* 24 сәуір – демалыс күні

* Барлық ойындар ҚВФ ресми Youtube-арнасында көрсетіледі

Бас қазы: А.Кувшинов; Төрешілер: О.Саттарова, М.Шамахунов, Д.Шүшбаев; Бас хатшы: Д.Баетов.

23 сәуір (жексенбі)

(13:00) «Қайсар» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Маңғыстау»

(18:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Тұран»

23 04 ЖЛЕ тк.png

22 сәуір

«Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Шымкент-Динамо» ВК – 2:3 (19-25, 25-27, 25-20, 25-20, 9-15)

Төрешілер: Шамахунов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 103-107. Матч уақыты: 124 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 2:3 (Талдықорған), 0:3 (Қызылорда), 1:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

«Маңғыстау» – «Қайсар» – 2:3 (25-22, 19-25, 25-21, 18-25, 4-15)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 91-108. Матч уақыты: 118 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 1:3 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда), 2:3 (Астана), 0:3 (Ақтау).

«Тұран» – «Жетісу-Жастар» – 3:1 (23-25, 25-17, 25-22, 29-27)

Төрешілер: Шүшбаев, Саттарова. Доп айырмасы: 102-91. Матч уақыты: 119 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:2 (Талдықорған), 1:3 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 3:2 (Ақтау).

21 сәуір

«Шымкент-Динамо» ВК – «Қайсар» – 3:0 (25-19, 25-16, 25-18)

Төрешілер: Саттарова, Шамахунов. Доп айырмасы: 75-53. Матч уақыты: 71 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 0:3 (Талдықорған), 3:1 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 2:3 (Ақтау).

«Жетісу-Жастар» – «Әлихан-Ақтөбе» – 0:3 (23-25, 23-25, 16-25)

Төрешілер: Шүшбаев, Саттарова. Доп айырмасы: 62-75. Матч уақыты: 75 минут.

ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:0 (Қызылорда), 3:1 (Астана), 3:0 (Ақтау).

«Тұран» – «Маңғыстау» – 3:1 (22-25, 25-15, 25-17, 25-20)

Төрешілер: Шамахунов, Шүшбаев. Доп айырмасы: 97-77. Матч уақыты: 96 минут. ҚРЧ-2022/23 өзара кездесулер – 3:0 (Талдықорған), 3:2 (Қызылорда), 3:2 (Астана), 3:0 (Ақтау).

25 сәуір (сейсенбі)

(13:00) «Маңғыстау» – «Әлихан-Ақтөбе» ВК

(15:30) «Жетісу-Жастар» – «Шымкент-Динамо» ВК

(18:00) «Тұран» – «Қайсар»

26 сәуір (сәрсенбі)

(13:00) «Шымкент-Динамо» ВК – «Маңғыстау»

(15:30) «Қайсар» – «Жетісу-Жастар»

(18:00) «Әлихан-Ақтөбе» ВК – «Тұран»

================================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика