Главная / Главные Новости / Клубтық Әлем чемпионатындағы Италия-Түркия бәсекесі mezhdunarodnye-sorevnovaniya

Клубтық Әлем чемпионатындағы Италия-Түркия бәсекесі

20/12/2022

Әйелдер арасындағы клубтық XV Әлем чемпионаты

(2022 FIVB Women's Club World Championship)

(14-18 желтоқсан. Анталья, Түркия)

2022_WomensClubWorldChamps.png

Жексенбі күні Түркияныӊ Анталия қаласында, әйелдер арасындағы клубтық Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Финалда, тура былтырғыдай, Еуропа чемпиондары лигасыныӊ ғана емес, жалпы, бүкіләлемдік клубтық волейболдыӊ еӊ үздік және азулы командалары кездесті. Олар – Италияныӊ «Imoko Conegliano» және Түркияныӊ «VakifBank» клубтары.

Әрі екінші жыл қатарынан бұл додаға, яғни бүкіләлемдік біріншілікке Азияныӊ клубтық чемпионы мәртебесінде Қазақстан Үлттық лигасыныӊ өкілі қатысты.

Финалда былтырғы клубтық әлем чемпионы «VakifBank» өз атағын қорғап қала алмай, шешуші ойында 1:3 есебімен жеӊіліске ұшырады. Италия клубы болса, үш жылдан кейін, қайтадан әлемдегі еӊ үздік клуб атағына ие болып отыр.

Жалпы, пандемияныӊ кесірінен осы дода өтпей қалған 202 жылды есепке алмасақ, тура осы екі ұжым барлық дүбірлі додаларда алма-кезек топ жарып жүр. Былтыр «Imoko» Чемпиондар лигасыныӊ финалында «VakifBank» клубынан тай-брейкте басым түсті. Ал клубтық Әлем чемпионатыныӊ финалында да түрік клубымен жолы түйісіп, тағы да бес партияға созылған ойында ұтылып қалды.

Биылғы Чемпиондар лигасыныӊ финалында «VakifBank» төрт сетте жеӊіске жетті. Ал клубтық Әлем чемпионатыныӊ финалында тура осындай есеппен Италия клубынан ұтылып отыр.

Швеция аруы Изабель Хок екі жыл қатарынан клубтық Әлем чемпионатыныӊ еӊ үздік ойыншысы, яғни MPV болып танылып отыр. Бір қызығы, былтыр ол түрік клубыныӊ, ал биыл италияндық ұжымныӊ намысын қорғады. Тамырында Нигерия қаны соққан италияндық Паола Огечи Эгону керісінше, былтыр «Imoko», ал биыл «VakifBank» намысын жыртып, әлі клубтық Әлем чемпионы бола алмай жүр. Бірақ ол былтыр Чемпиондар лигасыныӊ үздік ойыншысы атанған болатын.

Бразилия қызы Габриэла Брага Гимарайнш («Габи») болса, клубтық деӊгейде, «VakifBank» сапында барлық додада жеӊімпаз атанып, әрі 2022 жылы Чемпиондар лигасыныӊ еӊ үздік ойыншысы атанды. Оны да бөле-жара атап өткен жөн болар. Жалпы, Анталияда ғаламшардағы еӊ үздік волейболшы қыздар бас қосып, дода көрігін қыздырды. Биылғы додаға қатысқан алты команданыӊ сапында 15 мемелекеттіӊ ұлттық құрамасы сапында ойнайтын жарық жұлдыздар өнер көрсетті. Олардыӊ арасында Қазақстан қыздары да бар.

Азия чемпионы мәртебесінде бақ сынаған «Қуаныш» қыздарынан ерлік күтудіӊ қисыны келмеді. Осындай әлемдегі еӊ таӊдаулы командалармен бірге додаға түскенініӊ өзі үлкен жетістік болды. Бұған дейін Қазақстан волейболы тарихында тек төрт ойыншы ғана бір жылда, нақтырақ айтқанда, 2018 жылы екі Әлем чемпионатына (ұлттық құрамалар арасындағы және клубтық) қатысқан еді. Олар – Сана Анарқұлова, Татьяна Фендрикова, Наталья Акилова және Кристина Белова. Енді олардыӊ қатарына «қуаныштық» бес қыз қосылып отыр –Сабира Бекішева, Анастасия Коломоец, Екатерина Михайлова, Маргарита Бельченко және Наталья Смирнова. Бқларға Ұлттық құраманыӊ және Петропавл клубыныӊ бас бапкері Дарко Дробесковты да қосуға болады.

Осыдан бір жыл бұрынғы «Алтай» секілді, «Қуаныш» та биыл доп айырмасымен ғана Әлем чемпионатында бақ сынаған «секстет» құрамын түйіндеді. Бұл 2018 жылы додаға түскен сегіз команданыӊ ішінде 5-орынға ие болған Өскемен клубыныӊ жетістігі әзірше еӊ үздік көрсеткішіміз екенін білдіреді. Команданы сол кезде де қазіргі бас бапкері Юрий Панченко жаттықтырған болатын.

01.jpg

Барлық клубтық Әлем чемпиондары:

*4 – «Vakifbank Istanbul» Түркия (2013, 2017, 2018, 2021)

*2 – «Imoko Volley Conegliano» Италия (2019, 2022), «Eczacibaşi VitrA» Түркия (2015, 2016)

*1 –«Динамо» Қазан, Ресей (2014), «Sollys Nestlé Osasco» Бразилия (2012), «Rabita Baku» Әзербайжан (2011), «Fenerbahçe Acibadem» Түркия (2010), «Leite Moca Sao Paulo» Бразилия (1994), «Il Messagero Ravenna» Италия (1992), «Sadia Esporte Club Sao Paulo» Бразилия (1991).

*2020 - COVID-19 пандемиясына байланысты өткізілген жоқ.

g=01.jpg

ҚАЗАҚСТАН клубтық Әлем чемпионаттарында:

Барлығы: 9 ойын, + 2 –7

Еӊ үздік нәтиже: 5-орын

2022. Анталия, Түркия – 6 (6 команда) орын. «ҚУАНЫШ» (Петропавл)

  1. Анкара, Түркия – 6 (6 команда) орын. «АЛТАЙ» (Өскемен)
  2. Шаосин, Қытай – 5 (8 команда) орын. «АЛТАЙ» (Өскемен)

g=03.jpg

КӘЧ-2022 додасына қатысатын командалар:

«VakifBank Spor Kulubu» (Түркия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 жеӊімпазы, былтырғы (яғни қазіргі) клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионы

«Gerdau Minas» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) чемпионы

«ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Азия (AVC) чемпионы

«Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 додасыныӊ күміс жүлдегері

«Dentil Praia Clube» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) додасыныӊ күміс жүлдегері

«Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия): Ұйымдастырушы мемлекет атынан

g=04.jpg

«ҚУАНЫШ» (Петропавл) клубыныӊ құрамы, КӘЧ-2022: №1. Лора Китипова (Ресей/Болгария, 19.05.1991), №2(л). Сабира Бекішева (21.02.1998), №3. Алена Колотыгина (20.03.1996), №4. Екатерина Михайлова (04.05.1998), №5. Ботагөз Есімхан (16.05.1997), №7(к). Татьяна Алдошина (23.04.1998), №9. Олеся Фелдбуш (17.01.2003), №10. Юлия Боровкова (12.03.2003), №12. Орле Маева (Франция, 08.05.1991), №17. Маргарита Бельченко (21.03.1999), №18. Анастасия Коломоец (18.04.1991), №20(л). Кристина Швидкая (03.01.2002), №27. Наталья Смирнова (29.12.1999).

Бас жаттықтырушы – Дарко ДОБРЕСКОВ (Сербия).

g=02.jpg

18 желтоқсан

ФИНАЛ: «Prosecco DOC Imoko Conegliano» – «VakifBank Spor Kulubu» – 3:1 (25:18, 23:25, 25:21, 25:21)

3-ші орын үшін: «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» – «Gerdau Minas» – 3:1 (25:22, 23:25, 25:10, 25:21)

17 желтоқсан

Жартылай финал: «Prosecco DOC Imoko Conegliano» – «Gerdau Minas» – 3:0 (25:12, 25:17, 25:21)

Жартылай финал: «VakifBank Spor Kulubu» – «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» – 3:0 (25:21, 25:19, 25:23)

g=05.jpg

Топтық кезеӊ (14-16 желтоқсан)

16 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «Gerdau Minas» (Бразилия) – 0:3 (14:25, 13:25, 20:25)

Төрешілер: Sinisa (Босния), Nurper (Tүркия). Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 69 минут.

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – 1:3 (18:25, 25:21, 22:25, 18:25)

15 желтоқсан

(«В») «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) – «Gerdau Minas» (Бразилия)– 3:0 (25:22, 26:24, 25:21)

(«А») «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)– 3:0 (25:22, 25:21, 25:21)

14 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия)– 0:3 (15:25, 15:25, 17:25)

Төрешілер: Simic (Сербия), Fernandez Fuentes (Испания). Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 62 минут.

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия) – 3:0 (25:14, 25:15, 25:18)

g=06.jpg

g=07.jpg

g=08.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика