Главная / Главные Новости / Клубтық Әлем чемпионаты: «Қуаныш» қайтты mezhdunarodnye-sorevnovaniya

Клубтық Әлем чемпионаты: «Қуаныш» қайтты

17/12/2022

Әйелдер арасындағы клубтық XV Әлем чемпионаты

(2022 FIVB Women's Club World Championship)

(14-18 желтоқсан. Анталья, Түркия)

2022_WomensClubWorldChamps.png

16 желтоқсан. Топтық кезеӊ

«ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан) – «Gerdau Minas» (Бразилия) – 0:3 (14:25, 13:25, 20:25)

Жұма күні Түркияныӊ Анталия қаласында, әйелдер арасындағы клубтық Әлем чемпионатыныӊ топтық кезеӊдегі соӊғы ойындары өтті. Осы ойындардыӊ қорытындысы бойынша жартылай финалдық жұптар анықталды.

Азияныӊ клубтық чемпионы, яғни Петропавлдыӊ «Қуаныш» командасы өзініӊ екінші ойынын Оӊтүстік Американыӊ клубтық чемпионы, Бразилияныӊ «Minas» командасымен өткізді. Екеуі де бұған дейін былтырғы маусымдағы клубтық Әлем чемпионы, түріктіӊ «VakifBank» клубымен кездесіп, ұтылып қалған болатын. Сондықтан бұл ойында жеӊіске жеткені ғана жартылай финалға шығатын еді. Өкінішке қарай, «Қуаныш» ұтылып қалды. Әрі ұтылатыны да белгілі еді. Бразилия қыздары да, түрік клубы сияқты петропавлдықтарға артық емес, кем емес, тура 47 ұпай еншілеуге ғана мүмкіндік берді.

Сөйтіп, Қызылжар клубы клубтық Әлем біріншілігін алтыншы орынмен аяқтады. Екінші топта да бір ұжым, атап айтқанда, Бразилияныӊ екінші командасы, яғни «Praia Clube» жеӊіске жете алмай, екі рет ұтылды. Бірақ Оӊтүстік Американыӊ клубтық чемпионатында күміс жүлдегер атанған команданыӊ доп айырмасы жоғарылау болды (0,74). Ал «Қуаныштыӊ мұндай коэффициенті – 0,63. Сол себепті, Бразилия қыздары бесінші орынға ие болып, Қазақ елі командасы алтыншы орынға табан тіреді.

Сенбі күні жартылай финалдық ойындар өтіп, клубтық Әлем чемпионаты жексенбіде аяқталады.

0=1.jpg

ҚАЗАҚСТАН клубтық Әлем чемпионаттарында:

Барлығы: 9 ойын, + 2 –7

Еӊ үздік нәтиже: 5-орын

2022. Анталия, Түркия – 6 (6 команда) орын. «ҚУАНЫШ» (Петропавл)

  1. Анкара, Түркия – 6 (6 команда) орын. «АЛТАЙ» (Өскемен)
  2. Шаосин, Қытай – 5 (8 команда) орын. «АЛТАЙ» (Өскемен)

0=2.jpg

КӘЧ-2022 додасына қатысатын командалар:

«VakifBank Spor Kulubu» (Түркия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 жеӊімпазы, былтырғы (яғни қазіргі) клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионы

«Gerdau Minas» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) чемпионы

«ҚУАНЫШ» (Петропавл, Қазақстан): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Азия (AVC) чемпионы

«Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия): Еуропа Чемпиондары лигасы (CEV)-2022 додасыныӊ күміс жүлдегері

«Dentil Praia Clube» (Бразилия): 2022 жылғы клубтық командалар арасындағы Оӊтүстік Америка (CSV) додасыныӊ күміс жүлдегері

«Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия): Ұйымдастырушы мемлекет атынан

0=3.jpg

«ҚУАНЫШ» (Петропавл) клубыныӊ құрамы, КӘЧ-2022: №1. Лора Китипова (Ресей/Болгария, 19.05.1991), №2(л). Сабира Бекішева (21.02.1998), №3. Алена Колотыгина (20.03.1996), №4. Екатерина Михайлова (04.05.1998), №5. Ботагөз Есімхан (16.05.1997), №7(к). Татьяна Алдошина (23.04.1998), №9. Олеся Фелдбуш (17.01.2003), №10. Юлия Боровкова (12.03.2003), №12. Орле Маева (Франция, 08.05.1991), №17. Маргарита Бельченко (21.03.1999), №18. Анастасия Коломоец (18.04.1991), №20(л). Кристина Швидкая (03.01.2002), №27. Наталья Смирнова (29.12.1999).

Бас жаттықтырушы – Дарко ДОБРЕСКОВ (Сербия).

0=4.jpg

18 желтоқсан. ФИНАЛ, Матч 3-ші орынға

17 желтоқсан. 1/2 ФИНАЛЫ

«Prosecco DOC Imoko Conegliano» – «Gerdau Minas»

«VakifBank Spor Kulubu» – «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul»

Топтық кезеӊ (14-16 желтоқсан)

16 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «Gerdau Minas» (Бразилия) – 0:3 (14:25, 13:25, 20:25)

Төрешілер: Sinisa (Босния), Nurper (Tүркия). Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 69 минут.

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – 1:3 (18:25, 25:21, 22:25, 18:25)

0=5.jpg

15 желтоқсан

(«В») «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия) – «Gerdau Minas» (Бразилия)– 3:0 (25:22, 26:24, 25:21)

(«А») «Prosecco DOC Imoko Conegliano» (Италия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия)– 3:0 (25:22, 25:21, 25:21)

14 желтоқсан

(«В») «ҚУАНЫШ» – «VakifBank Spor Kulubu» (Түркия)– 0:3 (15:25, 15:25, 17:25)

Төрешілер: Simic (Сербия), Fernandez Fuentes (Испания). Доп айырмасы: 47-75. Матч уақыты: 62 минут.

(«А») «Eczacıbaşı Dynavit Istanbul» (Түркия) – «Dentil Praia Clube» (Бразилия) – 3:0 (25:14, 25:15, 25:18)

0=6.jpg

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика