Главная / Главные Новости / Клубтық Азия чемпионаты – «Атыраудың» қарсыластары mezhdunarodnye-sorevnovaniya

Клубтық Азия чемпионаты – «Атыраудың» қарсыластары

12/03/2023

Ерлер арасындағы ХХІІІ клубтық Азия чемпионаты

(2023 Asian Men's Club Championship)

(14 – 21 мамыр 2023 ж.; Манама, Бахрейн)

ава-КЧА (М).jpg

Азия конфедерациясының штаб-пәтерінде 2023 жылғы ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатының жеребесі тартылды. 14-21 мамыр аралығында, Бахрейнде өтетін биылғы құрлықтық додаға ұзын саны 16 мемлекеттің өкілдері қатысатын болды. Бұл додада біздің елдің намысын «Аттырау» ВК жігіттері қорғайды.

Азияның 16 үздік клубы! Біріншіден, мұндай құраммен «Сарықұрлық» додасы тек осыдан сегіз жыл бұрын, яғни 2015 жылы ғана өткен. Екіншіден, Құрлық біріншілігіне бұған дейін, ешқашан да бұдан артық командалар саны жиналмаған

Қазіргі таңдағы еліміздің ең үздік командасы (былтырғы маусымдағы 2021/22 ҚР чемпионы, 2022 жылғы ел кубогының жеңімпазы және ҚР Суперкубок-2022 иегері), яғни «Атырау» ВК үшін бұл – Азияның клубтық деңгейдегі төртінші сыны. Бұған дейінгі үшеуінде де атыраулықтар жартылай финалда ойнап, екі рет қола жүлдегер атанды. Ал осыдан бес жыл бұрын, финалда Иран клубынан ұтылып, құрлықтың вице-чемпионы атанған болатын.

Соңғы екі чемпионатта еліміздің Ұлттық лигасының жеңімпаздары үшінші орынды сарапқа салу құқығына қол жеткізді. Былтырғы додада «Тараз» ВК тарландары қола жүлде үшін өткен матчта ұтылып қалды. Ал оларға дейін, 2021 жылы Алматының «Буревестник» клубы жүлделі үшінші орынды түйіндеді. «Буревестниктің» медалі Қазақстан клубтарының, сонау 1999 жылдан бергі қазіргі регламентіне түрлендірілген, ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионаты тарихында иеленген сегізінші жүлдесі болды.

Манамада, әлі Қазақстан чемпионы атағынан айырылмаған «Атырау» ВК жігіттері, «D» тобында бакқ сынайтын болады. Қарсыластары – Катар, Кувейт және Гонконг клубтары. Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет «Сарықұрлықта» клубтық деңгейдегі ең үздік тосқауыл қоюшы болып, біздің Нодирхан Қадірханов танылған болатын.

«А» тобы: (Оңтүстік Корея), (Бахрейн), (Австралия), (Индонезия).

«В» тобы: (Иран), (Ирак), (Тайбэй), (Ауғаныстан).

«C» тобы: (Жапония), (Таиланд), (Моңғолия), (Йемен).

«D» тобы: «Атырау» ВК (Қазақстан), (Катар), (Гонконг), (Кувейт).

КЧА_01.jpg

Топтық кезеңдегі ойындар күнтізбесі (14-16 мамыр)

14 мамыр («D» тобы): «Атырау» ВК – (Катар), (Гонконг) – (Кувейт).

15 мамыр («D» тобы): «Атырау» ВК – (Гонконг), (Катар) – (Кувейт).

16 мамыр («D» тобы): «Атырау» ВК – (Кувейт), (Катар) – (Гонконг).

КЧА-игры.jpg

Клубтық Азия чемпиондары (бәрі):

2022, 2011, 2010, 2009, 2008*, 2007, 2006, 2002 – «Paykan Tehran»/«Paykan»/«Paykan-Isako» (Иран), 2021 – «Sirjan Foolad Iranian» (Иран), 2019, 2014 – «Shahrdari Varamin»/«Matin Varamin» (Иран), 2018 – «Khatam Ardakan» (Иран), 2017, 2016 – «Shrmayeh Bank» (Иран), 2015 – «Taichung Bank Club» (Тайбэй), 2013 – «Kalleh» (Иран), 2012 – «Al Arabi» (Катар),

2005 – «РАХАТ-ЦСКА» (Қазақстан),

2004 – «Sanam» (Иран), 2001, 2000 – «Samsung Fire & Marine Inc.» (Оңтүстік Корея), 1999 – «Sichuan Fulan » (Қытай).

  • 2003 ж. және 2020 ж. – өткізілген жоқ.
  • 2008 ж. – турнир Алматыда өтті.

ҚАЗАҚСТАН клубтық Азия чемпионаттарында:

2023 (Бахрейн) – (16). «Атырау» ВК

2022 (Иран) – 4 (8) орын. «Тараз» ВК

2021 (Таиланд) – 3 (10) орын. «Буревестник» (Алматы)

2019 (Тайбэй) – 11 (14) орын. «ТНК Қазхром» (Хромтау)

2018 (Мьянма) – 2 (13) орын. «Атырау» ВК

2017 (Вьетнам) – 4 (13) орын. «Алтай»

2016 (Мьянма) – 5 (14) орын. «Алтай» (Өскемен)

2015 (Тайбэй) – 4 (16) орын. «Павлодар» ВК

2014 (Филиппин) – 4 (16) орын. «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал)

2013 (Иран) – 5 (13) орын. «Алматы» ВК

2012 (Қытай) – 4 (16) орын. «Алматы» ВК

2011 (Индонезия) – 2 (12) орын. «Алматы» ВК

2010 (Қытай) – 5 (10) орын. «Алматы» ВК

2009 (БАӘ) – 9 (13) орын. «Алматы» ВК

2008 (ҚАЗАҚСТАН) – 2 (8) орын. «Алматы» ВК,

– 8 (8) орын. «Есіл» (Петропавл)

2007 (Бахрейн) – 9 (12) орын. «Рахат»

2006 (Вьетнам) – 2 (10) орын. «Рахат»

2005 (Пакистан) – ЧЕМПИОН (7). «РАХАТ-ЦСКА» (Алматы)

2004 (Иран) – 3 (7) орын. «Атырау» ВК

2002 (Иран) – 3 (6) орын. «Атырау» ВК

2001 (Қытай) – 6 (7) орын. ЦСКА

2000 (Таиланд) – 5 (8 клуб қатысты) орын. ЦСКА (Алматы)

* 1999 ж. – қатысқан жоқпыз, 2003 ж. және 2020 ж. – өткізілген жоқ.

  • 2008 ж. – турнир Алматыда өтті.*

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика