Главная / Высшая лига / Әйелдер арасындағы Жоғарғы лига – Маусым қорытындысы chempionat-rk

Әйелдер арасындағы Жоғарғы лига – Маусым қорытындысы

20/04/2023

ҚР чемпионаты – 2022/23

Жоғарғы лига (әйелдер)

(12 қараша 2022 ж. – 16 сәуір 2023 ж.)

Әйелдер арасындағы Жоғарғы лига біріншілігі 2022 жылғы 12 қараша күні Шымкент шаһарында жалауын көтеріп, 2023 жылғы 16 сәуір күні Оралда көмбесіне жетті. Аталған қос қаланың әрқайсысында екі турдан өтіп, енді бір тур (төртіншісі) Атырау көрермендерін қызыққа бөледі.

Әйелдер арасындағы Жоғарғы лига додасы биыл еліміздің жетінші біріншілігі болды. Себебі, 2016/17 жылдар маусымынан бастап, бұрынғы екі Жоғарғы лига («А» және «В») қазіргі Жоғарғы және Жастар лигалары болып, екіге жіктелген.

Соңғы алты маусымда биыл жүлделі орындарға ие болған командалар жүлделі үштікті өзара бөлісіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, жеңімпаз өзгеріп тұрғанымен, жүлдегерлер тек орын ауыстырып келеді. Осы үштік сарапқа салынған 21 медаль жиынтығының 15-ін еншіледі.

«Тараз» ВК қыздары үш мәрте жеңімпаз атанып, биыл үшінші рет күміс жүлдеге ие болды. Оралдың «Грация-KZ» клубы бір рет топ жарып, екі рет күміс медаль олжалап, енді міне, екінші рет қола жүлдеге қол жеткізіп отыр. Ал «Шымкент» ВК арулары екінші рет жеңімпаз атанды, бұған дейін екі мәрте қола жүлде еншілеген болатын.

Өкінішке қарай, осы алты жылдың ішінде тек екі команда ғана Ұлттық лигаға ауысып, деңгейі жоғары додада шыңдала түсуге бел буды. Олар – Лиганың алғашқы, яғни 2016/17 жылдар біріншілігінде жеңімпаз атанған «Қуаныш және К» (Петропавл) және былтырғы 2021/22-маусымында екінші орынға ие болған «Тұран» (Түркістан).

Ал Шымкенттің де, Тараздың да, Оралдың да командалары Ұлттық лигада бақ сынап көруге тәуекел ете алмай келеді. Ал «Тұран» бірінші маусымында-ақ кіл мықтылар арасында намысты қолдан бермей, өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүр. «Қуаныш» болса, көпшілікті сүйсіндіріп, содан бері Қазақстан волейболының көшбасшы ұжымдарының біріне айналып үлгерді.

Биыл еліміздің үш қаласында өткен бес турда 75 матч ойналды. Осы кездесулер 269 партиядан құралды. Орта есеппен әр ойында – 3,5 сеттан. Барлық матчтардың жартысынан көбі, яғни 44-і үш партияда аяқталып отырды. 13 ойын тай-брейкке дейін созылды (оның жетеуінде «Тараз» додаға түсті). 18 матчта төрт партия қажет болды. Маусым бойы осы ойындарға 5 Бас қазы мен 12 төреші қазылық етті.

Биылғы маусымда командалар сапына барлығы 99 ойыншы тіркелді. Құрамына бәрінен көп ойыншы (21) тартқан – «Елисеев Қарлығаштары». Ал ең аз ойыншымен (14) өнер көрсетіп шыққан ұжым – «Тараз» ВК. Биыл командалар құрамына тіркелген ойыншылардың толық тізімі төменде баяндалған.

Командалардың бірінші турдан кейін-ақ өз орындарына «жайғасқан» турнир кестесі маусым соңына дейін өзгерген. Ешқандай ауыс-түйіс болған емес. Дивизион жеңімпазы тек бір рет қана, оның өзінде тай-брейкте ұтылды. Шымкент қыздарының өздерінің өкшесіне түскен «Тараз» ВК аруларынан әр тур сайын, кемі бір жеңіске ұзай түсуі Жаңа жылдан бастап тұрақты түрде жүзеге асып отырды. Ақпан айындағы үшінші турдан соң екі команданың арасы 7 ұпайға, наурыз айындағы төртінші турдан кейін 11 ұпайға дейін ұлғая түсіп, маусым соңында бұл айырма 17 ұпайды құрады.

Лигаға осы маусымда ғана қосылған «Ақтөбе» ВК және «Атырау» ВК аруларының арасын қорытынды кестеде екі ұпай ғана бөліп тұр. Бірақ Марат Иманғалиевтің шәкірттері атыраулықтарды маусым бойы төрт рет ұтты. Осылай, Лигада Шымкент пен Тараз арасындағы оңтүстіктік дербиге, бонус ретінде, Ақтөбе мен Атырау арасындағы батыстық дерби қосылды.

Енді бұл командалардың келесі маусымды бірін-бірін қалай таң қалдыратындықтарын көруге асығатын боламыз. Сонымен қатар, 2023/24 жылдар маусымында Лигаға жаңа немесе ұмытыла бастаған бұрынғы командалардың қосылулары да ғажап емес. Мәселен, Қостанай мен Семейдегі қазіргі спорттық құрылымдардың өзі командаларын үкілеп әкеп, ел чемпионатына қоса алатындай жағдайда секілді.

Шымкент.jpeg

тараз.png

Грация-ком.jpeg

============================================================

ЖЛ (Ә) – 2022/23 маусымына қатысатын командалар:

«Тараз» ВК: ЖЛ 3 дүркін жеңімпазы; ЖЛ 2021/22 маусымында – Жеңімпаз.

«Шымкент» ВК: ЖЛ (2017/18) жеңімпазы («Қазығұрт-ОҚГУ»); ЖЛ-2021/22 маусымында – 3 орын

«Грация-KZ» (Орал): ЖЛ (2020/21) жеңімпазы; ЖЛ-2021/22 маусымында – 4 орын

«Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): ЖЛ-2021/22 маусымында («Металлург») – 6 орын

«Ақтөбе» ВК: алғашқы маусымы

«Атырау» ВК: алғашқы маусымы

============================================================

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал). Жеңімпаз және Чемпион – «Шымкент» ВК

4-тур (08-13 наурыз 2023 ж., Атырау). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

3-тур (11-16 ақпан 2023 ж., Орал). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

2-ші тур (11-16 желтоқсан 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

1-ші тур (12-17 қараша 2022 ж., Шымкент). Жеңімпаз – «Шымкент» ВК

============================================================

Командалардың маусым қорытындысындағы орындары: 1. «ШЫМКЕНТ» ВК, 2. «Тараз» ВК, 3. «Грация-KZ» (Орал), 4. «Ақтөбе» ВК, 5. «Атырау» ВК, 6. «Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау).

============================================================

Жоғарғы лиганың (әйелдер арасындағы) барлық жеңімпаздары:

2* = «ШЫМКЕНТ» ВК / «Қазығұрт-ОҚМУ» Шымкент (2017/18, 2022/23);

3* = «Тараз» ВК (2018/19, 2019/20, 2021/22);

1* = «Грация-KZ» Орал (2020/21);

1* = «Қуаныш и К» Петропавл (2016/17).

*2016/17-маусымына дейін Жоғарғы дивизион «А» Лигасы және «В» Лигасы болып бөлінген

============================================================

«Шымкент» ВК – 2022/23 маусымындағы ҚР чемпионаты жеңімпазы: №1. Асылзат Тұрғанбек (12.01.2005), №2(к). Евгения Калинова (25.03.1989), №3. Магдалена Часыгова (17.10.2004), №5. Сабина Айтмаханбет (24.01.2007), №7. Дидар Әбдіқапбар (23.06.1996), №8. Балжан Ағынаева (24.08.2001), №9. Шынар Момынай (07.07.2000), №10.Құндызай Қалдыбекова (15.02.2001), №11. Жазира Ерәлиева (09.12.2003), №13(л). Валерия Рылова (22.11.1987), №17(л). Мерей Шыңғысова (14.03.2007), №18. Саида Аяпова (18.03.2002), №22. Анна Антонова (22.03.1999), №39. Радмила Береснева (06.06.1983); Анна Устинова (13.06.1990), Айдана Жұман (28.08.1998), Жанна Нұсқабай (20.10.2002), Аяулым Бегіматова (07.04.2004), Іңкәр Асыл (21.01.2005).

Бас бапкер – Дидар ӘБДІҚАПБАР.

============================================================

Бас қазылар: Н.Өмірзақ; А.Кувшинов; В.Медведев; А.Ахметов; А.Исабаева. Төрешілер: Д.Құрманбаев, А.Әбдінәбиев, Е.Баетов, Т.Иісқалиев, Ғ.Құламетов, В.Канакаев, С.Досболов, Б.Нұрсұлтанов, М.Әбенов, А.Шашубай, Н.Шәменов, Ж.Бақтығалиев

20 04 ЖЛӘ ткқ.png

20 04 ЖЛӘ онч.png

============================================================

2022/23-маусымында командалар құрамына тіркелген ойыншылар

*Жақша ішінде биылғы маусымға тіркелген ойыншылары саны көрсетілген. Ойыншылар нөмірі бесінші турдағы құрамнан алынды.

(19) «Шымкент» ВК – жоғарыда берілді.

(14) «Тараз» ВК: №1(л). Әсел Ақжігітова (12.10.2006), №4. Кристина Башкатова (17.07.1988), №5. Жандира Халықова (10.09.2006), №7. Жәния Тілеубаева (14.05.1999), №9. Әдемі Қияшева (07.12.2001), №10. Аида Тілеулина (22.06.2004), №11. Алина Әлімбекова (04.09.2004), №14. Альбина Асан (14.07.2006), №15. Дарья Фалалеева (22.10.2007), №18. Қаракөз Нұрмахан (19.01.2004), №19(к). Айдана Өсер (15.02.1998), №23. Ясмина Фоменко (24.08.2005). Мәншүк Қожахмет (30.09.2005), Баян Кемелова (19.12.2005)

Бас бапкер – Кристина БАШКАТОВА.

(16) «Грация-KZ» (Орал): №1. Адэль Молдағалиева (25.04.2005), №2. Алина Қамалединова (31.08.2008), №5. Дарья Авдеева (18.03.2008), №7(л). Милана Сапарова (08.02.2004), №8. Виолетта Филиппова (29.03.2002), №9. Томирис Жаңабаева (22.04.2006), №11. Таңшолпан Оразғалиева (20.02.1998), №13. Дәмелі Сәндібекқызы (31.01.2004), №15(л). Карина Төлегенова (12.04.2005), №17(к). Диана Сапарғалиева (04.12.2004), №18. Диана Ғұбашева (18.05.1999), №19. Ұлмекен Әжгереева (22.10.1995), №20. Томирис Қайыржан (04.11.2007), №21. Күнбөбек Саясатова (09.07.2009). Баян Серік (17.02.2007), Айназел Кейінятова (2008). Бас бапкер – Элина Надрышина (4-тур), Айнұр Ғұбашева (3-тур)

Бас бапкер – Айна ҒҰБАШЕВА.

(15) «Ақтөбе» ВК: №1. Айдана Жетесова (11.01.2007), №4(л). Алиша Кімбаева (15.08.2008), №5. Диана Берікқызы (24.06.2007), №7(к). Кристина Сорокина (18.03.2001), №9. Назерке Ізбасқан (28.08.2008), №11. Адия Қожахметова (06.11.2007), №15. Валерия Пушкарева (15.02.2007), №19. Альбина Сәбитова (21.04.2006), №20. Айша Сатыбалды (20.02.2008), №21. Камилла Қарабалина (24.10.2007), №23. Аида Жолдығалиева (28.05.2000). Қымбат Жаржанова (03.01.2000), Жанель Түрікпенова (09.11.2001), Алина Айдосқызы (20.06.2007), Аягөз Аяғанова (15.08.2008).

Бас бапкер – Марат ИМАНҒАЛИЕВ.

(14) «Атырау» ВК: №1. Шұғыла Есенғали (06.06.2003), №3(л). Әсем Жәнібекова (28.05.2003), №4(к). Дана Тәжікенова (19.04.1991), №5 Іңкәр Асыл (21.01.2005), №6. Назерке Қайыржанова (30.11.2004), №7. Жанна Дәуітова (04.03.1992), №8. Назерке Талғатова (25.05.2001), №9. Фаризат Юрьева (08.08.1994), №10(л). Самал Ибраева (03.08.2002), №11. Нұрбала Нәсіпбай (16.06.2005), №12. Перизат Ақылбекова (10.02.2002), №14. Гүлдана Сембаева (15.04.2006). Айнагүл Құлахметова (01.08.1985), Диана Рахымназарова (17.06.1998), Дильназ Еркен (28.06.2004)

Бас бапкер – Рахметулла НҰРҒАЗИЕВ.

(21) «Елисеев Қарлығаштары» (Теміртау): №1(к). Алина Соловьёва (30.04.2005), №2. Ирина Хрипунова (08.02.2008), №3. Алина Сұлтанова (11.09.2008), №4. Дарья Калинина (28.03.2008), №6. Алина Осипенко (15.08.2009), №7. Әсия Ғабдрахым (20.01.2008), №8. Виктория Ким (15.01.2007), №10. Катя Котельникова (09.07.2009), №11. Ирина Никишкина (10.12.2009), №13(л). Мария Ерошина (02.05.2009), №14. Анна Колганова (13.02.2008). Арина Ермоленко (30.04.2007), Зарина Тілеуболғанова (12.05.2007), Әлия Құрманбекова (25.06.2007), Полина Зяблицева (27.12.2007), Анастасия Захватаева (19.04.2008), Анастасия Шендерова (08.09.2008), Татьяна Гераськина (29.10.2008), Валерия Баранова (03.04.2009), Алиса Труханова (03.07.2009), Аида Мұқашева (27.11.2009).

Бас бапкер – Елена НИКИШКИНА.

========================================

5-тур (11-16 сәуір 2023 ж., Орал)

11 сәуір

«Шымкент» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-19, 25-11, 25-23)

«Тараз» ВК – «Атырау» ВК – 3:0 (25-19, 25-16, 25-20)

«Грация-KZ» – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25-18, 25-20, 17-25, 25-13)

12 сәуір

«Шымкент» ВК – «Тараз» ВК – 3:0 (25-13, 26-24, 25-19)

«Елисеев Қарлығаштары» – «Ақтөбе» ВК – 0:3 (20-25, 25-27, 18-25)

«Атырау» ВК – «Грация-KZ» – 0:3 (21-25, 14-25, 21-25)

13 сәуір

«Тараз» ВК – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:2 (23-25, 25-12, 25-21, 27-29, 15-10)

«Ақтөбе» ВК – «Атырау» ВК – 3:2 (23-25, 17-25, 25-20, 25-17, 19-17)

«Шымкент» ВК – «Грация-KZ» – 3:0 (25-22, 25-15, 25-16)

15 сәуір

«Елисеев Қарлығаштары» – «Атырау» ВК – 0:3 (16-25, 19-25, 19-25)

«Шымкент» ВК – «Ақтөбе» ВК – 3:1 (25-20, 26-24, 22-25, 27-25)

«Тараз» ВК – «Грация-KZ» – 2:3 (22-25, 23-25, 25-12, 25-9, 18-20)

16 апреля

«Ақтөбе» ВК – «Тараз» ВК – 1:3 (21-25, 18-25, 25-19, 23-25)

«Атырау» ВК – «Шымкент» ВК – 0:3 (16-25, 13-25, 14-25)

«Грация-KZ» – «Елисеев Қарлығаштары» – 3:0 (25-17, 25-20, 25-20)

========================================

ҚВФ Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ

ҚВФ ресми демеушісі – «1XBET» БК

Рейтинг@Mail.ru ZERO.kz Яндекс.Метрика